Toggle Dropdown
2
"Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4367.
Toggle Dropdown
Редакция 28.02.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Бұйрықтың күшін жою қарастырылған - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 53 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 141 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі)
Toggle Dropdown
Бірлескен бұйрығымен Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік активтердi басқарудың" 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарының 1.4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған»"Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі 2006 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған есептерді бекітуді 2006 жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей осы бұйрықтың талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К.Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы»15 тамыздағы
N 302 бұйрығымен
бекітілген Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
"Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс
басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары
субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда,
мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу
үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық
қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту
ЕРЕЖЕСІ
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы "Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті жоспарлы кезеңге "Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) (бұдан әрі - ұйымдар) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекітудің тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп (бұдан әрі - ҚШҚ есебі) Ережеге қосымшаларға сәйкес жасалатын бөлімдер мен нысандарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1 - 36 - екінші деңгейдегі банк, қаржылық және ипотекалық ұйым болып табылмайтын ұйымдар үшін;
Toggle Dropdown
1 - 33, 37-39 - қаржылық ұйымдар үшін;
Toggle Dropdown
1 - 33, 40-42 - ипотекалық ұйымдар және екінші деңгейдегі банктер үшін.
Toggle Dropdown
3. Ережеге 1-42 қосымшаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) екінші деңгейдегі банк - банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын және банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жататын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) ипотекалық ұйым - қызметінің айрықша түрі "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңында көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) қаржы нарығындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Toggle Dropdown
4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) қаржылық қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылатын сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметi, сондай-ақ банк қызметi.
Toggle Dropdown
2-тарау. ҚШҚ есебін бекітудің тәртібі
Toggle Dropdown
4. ҚШҚ есебінің жобасын бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) Тиісті есепті кезеңге ҚШҚ есебінің жобасын дайындауды атқарушы орган (басқарма (дирекция) немесе ұйымның басшысы (директоры, басқарушысы) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Атқарушы орган ҚШҚ есебінің жобасын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылары жалпы жиналысының, мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік басқару органының) қарауына:
Toggle Dropdown
бірінші жарты жылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша: есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесі күнiнен кешiктiрмей;
Toggle Dropdown
бір жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша: есептi кезеңнен кейiнгi үшінші айдың он бесі күнiнен кешiктiрмей енгізеді.
Toggle Dropdown
лер болған кезде атқарушы орган он бес жұмыс күні ішінде ҚШҚ есебінің жобасын пысықтайды және акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының, мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік басқару органының) қарауына қайта енгізеді;
Toggle Dropdown
2) ҚШҚ есебінің жобасын акционерлік қоғамның директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы, мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы):
Toggle Dropdown
бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша: есептi кезеңнен кейiнгi екінші айдың оны күнiнен кешiктiрмей;
Toggle Dropdown
бір жылдың қорытындысы бойынша: есептi кезеңнен кейiнгi төртінші айдың оны күнiнен кешiктiрмей бекітеді;
Toggle Dropdown
3) Акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы, мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы) ҚШҚ есебі бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынуды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
5. ҚШҚ есебінің жобасын дайындау кезінде әдіснамалық басшылықты уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
6. Директорлар кеңесінің (қатысушылардың жалпы жиналысы, мемлекеттік басқару органы) ҚШҚ есебінің жобасын сапалы қарау мақсатында және ұйым қызметінің ерекшелігіне байланысты атқарушы органнан қосымша ақпарат сұрауға құқығы бар.
Toggle Dropdown
"Ұлттық компаниялар, "Самұрық" мемлекеттiк
активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық
холдингi" акционерлік қоғамы, "Қазына"
орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
және оларға қатысты Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы республикалық
мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің
функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды
қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың,
акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері)
мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің)
қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының
орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесіне
1-қосымша Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
"Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары
субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды
қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының
бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі
акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі
жоспарларының орындалуы жөніндегі
есептер бөлімдерінің құрылымы
Toggle Dropdown
1. Жалпы мәліметтер
Toggle Dropdown
1. Ұйымдастыру құрылымының (филиалдар, өкілдіктер, еншілес және тәуелді ұйымдарды, бірлескен қызметті қосқа алғанда) схемасы, есепті кезеңдегі өзгерістерді, оның ішінде жұмыс істеушілердің штат кестеcі бойынша саны және нақты санының өзгерісін ескере отырып; штат кестесіне кім және қашан өзгеріс енгізді. Ұйымдастыру құрылымы (филиалдар, өкілдіктер, еншілес және тәуелді ұйымдарды, бірлескен қызметті қоса алғанда) схемасындағы өзгерістердің және жұмыс істеушілердің нақты санының штат кестесінің санынан ауытқу негіздемесі.
Toggle Dropdown
2. Орталық аппараттың схемасы, есепті кезеңдегі өзгерістерді, оның ішінде жұмыс істеушілердің штат кестеcі бойынша саны және нақты санының өзгерісін ескере отырып. Орталық аппарат схемасындағы өзгерістердің және жұмыс істеушілердің нақты санының штат кестесінің санынан ауытқу негіздемесі.
Toggle Dropdown
3. Филиалдар (өкілдіктер) желілерін кеңейту жөніндегі жоспарлардан ауытқудың негіздемесі.
Toggle Dropdown
2. Маркетинг пен жарнама жоспары жөніндегі есеп
Toggle Dropdown
4. Баға (тариф) саясаты:
Toggle Dropdown
1) негізгі өнімдерге бағалардың (тарифтердің) өзгеруі;
Toggle Dropdown
2) мынадай көзқарастар тұрғысынан бағалардың (тарифтердің) өзгеруі негіздемесі:
Toggle Dropdown
заңнама: бағаларды (тарифтерді) уәкілетті мемлекеттік органдармен бекіту (белгілеу) немесе келісу бойынша заңнама талаптары;
Toggle Dropdown
кірістілігі: шығыстардың өтелімділігі, орта немесе ең жоғары табысты алу;