Bestprofi Logo

Қаулы № 449 от 2009-03-31г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін і санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2017 г.

Документ на казахском языке

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылдың 8 тамызынан бастап ҚР Үкіметінің 04.08.2017 жылғы № 470 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 48-бабының 3-тармағына және 71-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері;

2) Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері

Өлшемдер жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 125 (31.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісін);

тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін;

тамақ және дәмін келтіретін заттарды өңдеуді;

санитарлық-техникалық, көліктік инфрақұрылым құрылыстарын, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілерді;

жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймаларын, айлақтары мен орындарын, жүктер мен кемелердің фумигациясының, газ дезинфекциясының, дератизациясының және дезинсекциясының өндірістерін;

кең таралғандары мен Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзеге асырылатындарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың Ілеспе материалдарымен бірге өндірістік объектілердің санитарлық сыныптамасына сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

2) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;

2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2013 жылғы № 1126 Қаулысымен (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттардың жобалары;

халықаралық және республикалық маңызы бар балык шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстарын және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

аулау лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары;

3) Қазақстан Республикасына өткізілетін (әкелінетін), көлік құралдарын және жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техникаларды қолдану жөніндегі құжаттама.

2. Қалған жағдайларда I санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысымен бекітілген

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері

Өлшемдер жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.01.2012 № 125 (31.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)

1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:

1) ластаушы заттардың шығарындылары - жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін - жылына 500 тонна;

2) ластаушы заттардың төгінділері - жылына 10000 тонна;

3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру - жылына 500000 тонна.

2. Қалған жағдайларда I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание