• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2011 г

Отправить по почте

7

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн реформалау тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 317 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 380 Қаулысымен. (08.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн реформалау тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн реформалау тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006 - 2010 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты жылына екi рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 24 сәуірдегі
 N 317 қаулысымен
 мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және
 фармацевтикалық бiлiм беру iсiн реформалау тұжырымдамасы
Осы Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн реформалау тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы " Бәсекеге қабiлеттi  Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты және 2005 жылғы 18 ақпандағы " Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес әзiрлендi. 
Осы Тұжырымдаманы әзiрлеу медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мамандарды даярлаудың сапасын арттыру негiзiнде олардың кәсiби деңгейiн көтерудi мақсат ететiн елеулi қайта құрулардың қажеттiлiгiнен туындады және оның нәтижесi ретiнде медициналық көмек көрсету сапасы едәуiр көтерiледi және Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы жақсарады.
1. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң жай-күйiн талдау
Параграф 1. Қазақстан Республикасында медициналық бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi
Бүкiл әлемде экономиканы дамыту, нарықтық қатынастарды орнату мемлекеттiң бiлiм беру саласындағы саясатын өзгертудi көздейдi. Бұл ретте алдыңғы қатарлы елдердегi кадрларды даярлау жүйесi қоғамның, мемлекет пен жеке адамның бүгінгi қажеттiлiктерiнен ғана пайда болмайды, сонымен бiрге алға озып дегендей дамитын болады. 
Нарықтық экономикасы бар мемлекет ретiнде әлемдiк қауымдастық таныған бiздiң республикамыз ұлттық бiлiм беру жүйесiн экономиканы дамыту қажеттiлiгiне жақындату мақсатында оны жаңарту бойынша шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды. 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес медициналық бiлiм беру iсiне де маңызды реформа жүргiзу алда тұр. 
Соңғы он жылда денсаулық сақтау жүйесiнде медицина кадрларының сандық және сапалық жағдайында елеулi өзгерiстер болды. Медициналық бiлім берудiң мазмұны және оның материалдық-техникалық базасы мамандарды даярлауға қойылатын өсе түскен талаптарды әрi медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарында оқытудың әлемдiк үрдістерiн ескермедi. Отандық бiлiм беру бағдарламаларында халықаралық тәжірибені, бiлiмi туралы қазақстандық құжаттарды шетелдердiң тануын есепке алу тетiгiнiң болмауы студенттердiң, оқытушылар мен қызмет көрсететін және басқару еңбегi мамандарының академиялық ұтқырлығын тежеді. 
Бүгiнгi таңда елiмiзде медицина және фармацевтика кадрларын даярлау мен қайта даярлау сапасының жеткiлiксiздiгi елеулi проблема болып отыр, бұл бірқатар себептермен түсiндiрiледi. 
Негізгі себептердiң бiрi нақ сол медициналық бiлiм беру ерекшелiгi ескерілместен жалпы көзқарастар жүйесi негiзге алынған медициналық бiлiм беру жүйесiндегi қабылдау, даярлау және сапаны бақылау жағдайларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуi болып табылады. Мұның салдары тiкелей медициналық бiлiм беру ұйымдарындағы қабылдауға, оқытуға және бiлiм алушылардың бiлiмдерi деңгейiн бақылауға қойылатын талаптардың жеткiлiксiздiгi болып табылады. 
Өзіндік маңызы бар екiншi себебi - медициналық бiлiм беру ұйымдарының іс жүзiнде жаңартылмаған, медицина кадрларын даярлау сапасына және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабiлеттiлiкке әсер ететiн әлсіз материалдық-техникалық базасы. Медициналық жоғары оқу орындарының қырық жылға жуық мерзiм iшiнде оқу және клиникалық базаларын қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандыру, қазiргі заманғы есептеу техникасын, аппаратураларды, оқу әдебиеттерiн (баспа және электрондық), реактивтердi, көрнекi құралдарды және тағы басқаларын сатып алу iс жүзiнде мүмкiн болмады, бұл қазiргi заманғы техникалық жарақтандыру құралдарын толық көлемде пайдалануға мүмкiндiк бермей отыр. Мұның барлығы қазiрдiң өзiнде оқу орындарының қабырғасында болашақ маманның саланың ғылыми және практикалық прогресiнен артта қалуын қалыптастырды. Материалдық-техникалық базаның нашарлығының негiзгi себебi медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердегі оқытуға көзделген қаржыландырудың жеткiлiксiздiгi болып табылады. Бұл проблеманы iшiнара медициналық бiлiм беру ұйымдарының басшылары көбiнесе базалық бiлiм деңгейi төмен студенттердi оқытудың шарттық нысанында қабылдау есебiнен шешедi. 
Тағы бiр елеулi проблема медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердiң бiтiрушiлерiн практикалық даярлаудың жеткiлiксiздiгi болып табылады. Медициналық бiлiм беру ұйымдарының практикалық дағдыларды алуға және орындауға арналған жеке оқу-клиникалық орталықтары жоқ. Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерi емдеу-алдын алу ұйымдарындағы (ЕАҰ) клиникалық базаларды, бұл ретте емделушiлерге толық құқықты рұқсаты, медициналық аппаратураларды пайдалану, ЕАҰ жарақтандыру мүмкiндiктерi және тағы басқалары болмаса да жалға алуға мәжбүр болып отыр. 
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң (БМСК) бiлiктi кадрлармен, әсiресе ауылдық өңiрлерде қамтамасыз ету проблема күйiнде қалып отыр. Бұл, бiрiншi кезекте, кадрларды бөлу және бекiтiп берудiң сенiмдi тетiктерiнiң болмауына байланысты. 
Экономикалық және әлеуметтiк өмiрдiң барлық салалары мен секторларында, оның iшiнде денсаулық сақтауда нарықтық қатынастарды дамыту денсаулық сақтауды басқару, шығындардың тиiмдiлiгiн арттыру саясаты мәселелерi бойынша қажеттi бiлiмдi меңгерген құзыреттi маман-менеджерлердi даярлауды қажет етедi. 
Республикадағы медициналық бiлiм беру, оған практикалық денсаулық сақтау жағынан да, медициналық қызметтердi тұтынушылар жағынан да қойылатын талаптарға толық сай емес. Медицина қызметкерлерiн даярлаудың қолданыстағы жүйесi халыққа медициналық қызметтердi ұсыну үдерiсiнiң жаңа мақсаттары мен мiндеттерiне әлсiз бейiмделген және мамандардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етпейдi. 
Осыған байланысты шеңберде денсаулық сақтау саласының стратегиялық қажеттiлiгiне бағдарланған медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құруды көздейтiн елеулi өзгерiстер жүргізудi талап ететiн негiзгi бағыттарды бөлу қажет. 
Оқу үдерiсiнде теория мен практиканың арақатынасын сәйкестендiрудi және медициналық бiлiм берудiң қолданыстағы нормативтiк құқықтық базасы негiзiнде үздiксiз бiлiм беру үшiн ресурстарды қамтамасыз ете отырып, медициналық бiлiм беру және денсаулық сақтау саясатының бiрыңғай мiндеттерiн, кадрлық жоспарлау қағидаттарын айқындау, қоғамның қажеттiлiктерiне сәйкес келетiн және халықаралық оқыту стандарттарына жақындатылған стандарттарды әзiрлеу керек. 
Медицина кадрлары жұмысының сапасы олардың алған даярлығы мен функцияларын орындау кезiндегі кәсiби құзыреттiлiгi деңгейiне негiзделедi. Бұл үшiн әртүрлi кезеңдерде медициналық көмек көрсететiн түрлi бейiндегi мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын нақты қалыптастырып, құзыреттiлiк деңгейiн белгiлеу керек.
Параграф 2. Әлемдегi медициналық бiлiм берудiң негiзгi модельдерi
Қазiргi кезде әлемде жүргiзiлiп жатқан медициналық бiлiмдi мамандарды даярлау бойынша медициналық бiлiм берудiң негiзгi модельдерi ағылшынсаксондық және германдық болып табылады. 
АҚШ-та, Канадада, Англияда кеңiнен ұсынылған ағылшынсаксондық мәделге сәйкес медициналық бiлiм беру төрт циклден тұрады: жалпы медицинаға дейiнгі жоғары бiлiм, жалпы медициналық, дипломнан кейiнгi және одан кейiнгі бiлiм, яғни бiлiктiлiктi арттыру. 
Жалпы медицинаға дейiнгi жоғары бiлiм берудiң мiндетi жаратылыстану ғылымдары бойынша даярлау болып табылады. Мұндай даярлық ағылшынсаксондық елдерде медициналық мектепке дейiн өтедi. АҚШ-та және Канадада ол ұзақтығы 3-4 жыл бакалавриат шеңберiнде, Англияда жаратылыстану ғылымы пәндерi бойынша екi жылдық курстарда жүзеге асырылады. Медициналық мектепке түсу үшiн үмiткерлер конкурстық iрiктеуден өтедi. Аттестаттардың конкурсынан басқа медициналық мектептердiң көпшiлiгi талапкерлердi тестiлеудi жүргiзедi. 
Ағылшынсаксондық елдерде жалпы медициналық бiлiм беру бағдарламаларының елеулi айырмашылығы болады. Әдетте оқу АҚШ-та төрт-бес жыл, Ұлыбританияда бес-алты жылға созылады. Содан кейiн негізгi назар студенттердiң клиникадағы жұмысына аударылатын екi жыл немесе одан көп сабақтар болуы керек, ал лекция сағаттарының саны қысқарады. 
Өз бетiмен практикаға рұқсат берудiң мiндеттi шарты мамандануына байланысты АҚШ пен Канадада ұзақтығы үш жылдан бес жылға дейiн, Англияда бiр-алты жыл резидентура болып табылады. 
Резидентураны аяқтағаннан кейiн дәрiгерлер бiлiмiн жалғастырады және кезең-кезеңiмен өз бiлiктiлiгін арттырады. 
Тұтас алғанда бiлiктi дәрiгердi даярлау бұл елдерде 11 жылдан 14 жылға дейiн жалғасады, ал кейбiр бағыттар (кардиохирургия, нейрохирургия және басқалары) бойынша одан да көп уақытты алады. 
Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқысы келетiн студенттер бiр-екi жыл iшiнде шеберлiк бағдарламаларының бағыттары бойынша оқи алады. Емтихан тапсырғаннан және тиiстi салада ғылым шеберi дәрежесiн ала отырып, диплом алғаннан кейiн олар ғылыми-зерттеу қызметiн жалғастыра алады. 
Германиядағы медициналық бiлiм берудiң қазiргi заманғы жүйесi әлемде барынша тиiмдi болып саналады. Ол ағылшынсаксондық модельмен салыстырғанда аз стандартталған. 
Медицина факультетiне түсудiң мiндеттi шарты екi жылдық "Абитур" бағдарламасынан өту болып табылады, онда жалпы гуманитарлық пәндер, екi шетел тiлi оқытылады. 
Медицина факультетiнде оқудың ұзақтығы алты жылды құрайды, ал Германияда өзiндiк практикаға рұқсат алу үшiн лицензия алуға арналған емтихан тапсырған жағдайда 11 жыл қажет. Бұл ретте 4,5-5,5 жыл iшiнде үмiткер практикант және дәрiгердiң ассистентi ретiнде жұмысты өтеуi тиiс. 
Қазiргi кезге дейiн бұл елде медицина факультетiне түсер алдында сегiз айлық даярлық циклында жалпы гуманитарлық пәндердi оқыту болған. Биылғы жылдан бастап аталған кезең тоқтатылды және мектептердiң түлектерi медициналық мектептерге түсу үшiн конкурсқа қатысу құқығын алды. 
Медицина факультетiне қабылдау рәсiмi жазбаша түсу емтиханының нәтижелерi негiзiндегi конкурсты қамтиды. 
Алты жылды аяқтағаннан кейiн студенттер теориялық және практикалық мәселелердi қамтитын сертификаттау емтиханын тапсырады. Емтиханды табысты тапсыру медицина факультетiн бiтiргенi туралы диплом алуға құқық бередi. 
Францияда дипломнан кейiнгi бiлiм алу кезеңi интернатура деп аталады, оның ұзақтығы мамандануына байланысты екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмдi құрайды. Интернатураны аяқтағаннан кейiн мамандар өз бетiмен практикаға құқық беретiн сертификат алады. 
Жүргiзiлген талдау кейбiр айырмашылықтарға қарамастан, тұтас алғанда медициналық бiлiм беру жүйесiн құруда бүкiл әлемде: оқудың құрылымында, ұзақтығында, медициналық бiлiм беру ұйымдарына қабылдау және дербес кәсiби қызметке рұқсат беру шарттарында жалпы үрдiс байқалады. Дүниежүзiлiк медициналық бiлiм федерациясының (ДМБФ) ұсынымдарына сәйкес базалық медициналық бiлiмдi (преклиника және клиника), дипломнан кейiнгi бiлiм (резидентура және мамандану) мен үздiксiз кәсiптiк дамыту (дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру) деп бөледi. Бұл ретте әрбiр модель ұлттық ерекшелiктер мен елдегi денсаулық сақтаудың қолданыстағы жүйесiнiң талаптары ескерiле отырып құрылады. 
Жүргiзiлген талдауды ескере отырып, Дүниежүзілік медициналық бiлiм федерациясының талаптарына сәйкес және осы саладағы халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде құрылады. Оған негiз ретiнде медициналық бiлiм берудiң клиникалық бағыттылығы күшейтiле отырып, дәрiгерлердi даярлаудың Германдық моделi алынды.
Осы Тұжырымдаманың мақсаты бәсекеге қабiлеттi мамандармен қамтамасыз ететiн республиканың денсаулық сақтау басымдықтары мен ерекшелiктерiн ескере отырып, халықаралық стандарттар негiзiнде медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың жаңа жүйесiн енгiзу болып табылады. 
Бұл мақсатты iске асыру мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi: 
1) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын өзгерту; 
2) республиканың медициналық бiлiм беру ұйымдарына азаматтарды iрiктеу және қабылдау қағидаттарын өзгерту; 
3) сапаны бағалау, кәсiби құзыреттiлiк деңгейi мен кәсiби қызметке рұқсат беру жүйесiн өзгерту; 
4) халықаралық сарапшыларды тарта отырып, бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудi енгiзу; 
5) медициналық бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; 
6) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру.
3. Тұжырымдаманың негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiктерi
Тұжырымдаманы iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 
медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру; 
медициналық бiлiм беру ұйымдарына азаматтарды iрiктеуге және қабылдауға жаңа тәсiлдер енгiзу; 
медициналық бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту; 
медициналық бiлiм берудi басқаруды жетілдiру, сапа менеджментi жүйесiн енгiзу; 
халықаралық талаптарды ескере отырып, медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың, сапаны бағалаудың және кәсiби құзыреттiлiгi деңгейiнiң жаңа жүйесiн құру; 
оқыту процесiнiң жоғары нәтижелерiне жетуде студенттер мен оқытушылардың уәждемесiн көтеру.
Параграф 1. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру
Денсаулық сақтау мамандарының кәсiби құзыретiне қойылатын талаптарды көтеру жағдайында басқару органдарынан бастап бiлiм алушыларға дейiнгi бiлiм беру үдерiсiне барлық қатысушыларының жауапкершiлігін артады. Қазiргі кезде маман-медицина қызметкерлерiн даярлауға медициналық бiлiм берудiң ерекшелiгi ескерiлмейтiн жалпы талаптар мен көзқарастар қойылады. Осыған байланысты республиканың денсаулық сақтау iсiн кадрлық қамтамасыз етуге жауапты Денсаулық сақтау министрлiгiнiң медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк басқару, медициналық бiлiм берудiң ерекшелiгiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу (оқу үдерiсiн регламенттеу, оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарды жасау, медициналық бiлiм берудiң сапасын бағалау, медициналық бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу, лицензиялау мәселелерi және басқалары) мәселелерiндегi рөлiн айқындау қажет. 
1) медициналық ерекшелiктер ескерiле отырып, медициналық бiлiм берудiң нормативтiк құқықтық базасы қалыптасты - медицина кадрларын даярлау, лицензиялауды жүзеге асыру, мемлекеттiк аттестаттау және бiлiм берудiң халықаралық стандарттарына жақындау мақсатында - меншiк нысанына қарамастан, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеу жүйесiне тиiстi өзгерiстер енгiзiледi; 
2) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi басқару және үйлестiру мәселелерi заңнамамен бекiтiледi; 
3) медициналық бiлім беру ұйымдарына клиникалық базаларды беру жөнiндегi практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мiндеттемесi заңнамамен белгiленетiн болады.
Параграф 2. Республиканың медициналық бiлiм беру ұйымдарына iрiктеуге және қабылдауға жаңа тәсiлдер енгiзу
Бiтiрушiнiң бейiмделуiн көздейтiн он екi жылдық орта бiлiмге көшу медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру жүйесiн реформалаудың маңызды факторы болады. 11-12-сыныптарда бейiндiк оқыту жаратылыстану ғылымы бағыты бойынша оқушыларды тереңдетiлген кәсiптiк бiлiмге дейiн даярлауға ықпал етедi. 
Кәсiптiк бiлiмге дейiн даярлаудың медицинаны өзiнiң болашақ мамандығы деп таңдаған талапкерлердi iрiктеу үшiн маңызы болады. Талапкерлердiң ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰТБ), кешендi тестiлеу нәтижелерiмен қатар әңгімелесу және ұсынымдар беру жүйесiн енгiзу болжанып отыр. Ақылы негізде медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердiң студенттерiне қабылдау үшiн тестiлеу нәтижелерi бойынша баллдардың ең төменгi шегі бiрте-бiрте бюджеттiк негiзде қабылдау үшiн белгiленген мәндерге жуықтатылатын болады. 
Медициналық жоғары оқу орындарына iрiктеудiң және қабылдаудың жаңа қағидаттары мыналарды қамтитын болады: 
2) медициналық жоғары оқу орындарына iрiктеудiң және қабылдаудың нақты өлшемдерi; 
3) жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк және материалдық-техникалық мүмкiндiктерi, сондай-ақ аккредиттеу нәтижелерi ескерiле отырып, медициналық бiлiм беру ұйымдарына қабылдауды шектеу.
Параграф 3. Медициналық бiлiм беру ұйымдарының қаржыландыру жүйесін жетiлдiру және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы ескiрген және ұзақ жылдардан берi жаңартылмаған жағдайларда медицина кадрларын даярлаудың сапасын арттыру мүмкiн емес. Оны нығайту мақсатында бiрiншi кезеңде: 
1) барлық бiлiм беру ұйымдарының материалдық базасын түгендеу жүргізіледі; 
2) бiлiм беру ұйымдарын жарақтандыру нормативтерi әзiрленедi және бекiтiледi; 
3) бiр бiлiм алушыны оқыту құнын есептеудiң оқулықтар (баспа және электрондық) сатып алуға, Интернетте жұмыс iстеуге, зертханалық хайуанаттарды ұстауға, реактивтер мен биоматериалдарды, жабдықтарды сатып алуға, студенттердiң өндiрiстiк практикасына, оқытушылар мен басқа да қызметкерлердiң жалақысына, коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған және басқа да шығыстар көзделетiн ережесi (әдiснамасы) әзiрленедi және енгiзiледi; 
4) мемлекеттiк медициналық бiлiм беру ұйымдарының жанынан оқу-клиникалық орталықтары құрылады; 
Параграф 4. Медициналық бiлiм берудi басқаруды жетiлдiру, сапа менеджментi жүйесiн енгiзу
Бiлiм беру қызметтерiнiң рыногын дамыту жалпыға бiрдей сапа менеджментiнде және 9000:2000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарында белгiленген сапа менеджментi қағидаттары негiзiне алынған басқарудың жаңа тетiктерiн енгiзудi болжайды. 
Бiлiм беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу мен мамандарды сертификаттаудың жүйелерiн құраушы танымал халықаралық агенттіктер берген сапа менеджментi жүйесiнiң (СМЖ) сертификатын ала отырып, жоғары оқу орындарының сапа менеджментiн сертификаттау болды. СМЖ-ны енгiзу үшiн жоғары оқу орны: бiлiм мазмұнының сапасын, талапкерлер мен студенттердi даярлаудың сапасын, қызметкерлер мен студенттердiң оңды уәждемесiн, әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сапасын, профессор-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлердiң құзыреттiлiгін, оқыту технологияларының сапасын, бағалау технологияларының сапасын, жоғары оқу орындарының басқару үдерiстерiнiң сапасын қамтамасыз етуi тиiс. 
1) медициналық бiлiм беру ұйымдарының оқу-әдiстемелiк үдерiсiн басқару мен үйлестiру құрылымы қайта қаралады; 
3) сапа менеджментiн енгiзу және сапа менеджментi сертификатын алу бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Параграф 5. Халықаралық талаптарды ескере отырып, медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың, сапасы мен кәсiби құзыреттiлiгi деңгейiн бағалаудың жаңа жүйесiн жасау
Параграф 5.1. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлау құрылымдарын өзгерту
5.1-параграфқа өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.07.2009 № 1038 Қаулысымен. (24.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру кейбiр медициналық мамандықтар бойынша жалпы негiзгi бiлiмi (10 сынып) бар адамдар үшiн көзделетiн болады. 
Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң негізгi бағыты жаңа технологиялар талаптары деңгейiнде және еңбек рыногын дамытуға сәйкес бiлiм алушыларды бiлiктi кәсiби даярлауды қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау болады. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi енгізумен сала техникалық және қызмет көрсету сипатындағы бiлiктi медицина кадрларын алатын болады. 
Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларында жалпы гуманитарлық, жалпы кәсiптiк, таңдаған мамандық бойынша болашақ кәсiптiк қызметтi айқындайтын кәсiби дағдыларды меңгеру және бекiту бойынша арнайы пәндер көзделетiн болады. Оқытудың ұзақтығы бағдарламаның күрделiлiгiне және берiлетiн бiлiктiлiк деңгейiне байланысты болады. 
Медициналық және фармацевтикалық даярлау саласында техникалық және кәсiптiк бiлiм алуға болады: 
1) оқыту 2 жыл ұзақтығымен бiрiншi саты шеңберiнде - тереңдетiлген теориялық және кәсiби даярлықты қажет етпейтiн техникалық және қызмет көрсету еңбегi күрделi емес көп мамандықтар бойынша жұмыстарды орындау iскерлiктерi мен дағдыларын меңгеру. Бұл саты медицина колледждерiнде "науқастарды күтушi жөнiндегi медбике" бiлiктiлiгi берiле отырып, "бикелер iсi" мамандығы бойынша iске асырылуы мүмкiн; 
2) оқыту 3 жыл ұзақтығымен екiншi саты шеңберiнде - мейлiнше күрделi (ұқсас) мамандықтарды және республиканың денсаулық сақтау жүйесiндегi жоғары технологиялармен және кәсiби қызметпен байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегi жұмыстарын орындаудың практикалық дағдыларын меңгеру. Бұл саты бағдарламаларының мазмұны бiлiм берудiң кейiнгi сатыларының бағдарламаларымен үйлесiмде болады. Ол медицина колледждерiнде "ортопедиялық стоматология", "медициналық оптика", "медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу" мамандықтары бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. 
Орта кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру жаңа деңгейге - орта бiлiмнен кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiмге көтерiлетiн болады. Осы деңгейдiң мақсаты медицина мен фармация саласындағы еңбектi басқару мен қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi орта буын мамандарына қоғамның қажеттiлiгiн қанағаттандыру болады. Орта бiлiмнен кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм бiлiктi орта буын кадрларын даярлаудың кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасын қамтитын болады. 
Жалпы орта бiлiм базасында медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша оқытудың ұзақтығы 3 жылды, техникалық және кәсiптiк бiлiм базасында: бiрiншi сатыдан кейiн 3 жылды, екiншi сатыдан кейiн 2 жылды құрайды. 
Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алу мынадай мамандықтар шеңберiнде жүзеге асырылады: 
мамандануға және оқу-өндiрiстiк базаның болуына байланысты "фельдшер" немесе "акушер" бiлiктiлiктерi берiле отырып, "емдеу iсi"; 
мамандануға және оқу-өндiрiстiк базаның болуына байланысты "жалпы практика медбикесi" немесе "мамандандырылған медбике" бiлiктiлiктерi берiле отырып, "бикелер iсi"; 
"гигиенист-эпидемиолог" бiлiктiлiгi берiле отырып, "гигиена және эпидемиология"; 
"медициналық зертханашы" бiлiктiлiгi берiле отырып, "зертханалық диагностика"; 
"стоматолог-дәрiгердiң көмекшiсi" бiлiктiлiгi берiле отырып, "стоматология"; 
Оқытудың кредиттiк технологиясын (жүйесiн) енгізе отырып, сағаттарды таңдау есебiнен бiр мамандықтың шеңберiнде әр түрлi бiлiктiлiк алуға болады. 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм ұзақтығы 5+2 жыл базалық медициналық бiлiмдi (БМБ), мамандыққа байланысты 4-5 жыл мерзiммен бакалавриат, резидентура, магистратура және докторантура (РhD) беретiн болады. Оқытудың дәстүрлi жүйесiнiң орнына кредиттiк жүйе енгізiлетiн болады. Оқытудың кредиттiк технологиясы пәндердi зерделеудiң үздiксiздiгiн, оқу жетiстiктерiнiң шоғырлануы мен бiлiм беру бағдарламаларын өзара тануын қамтамасыз етедi. 
Жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi мамандарды даярлау былайша көзделетiн болады: 
"дәрiгер" бiлiктiлiгi берiле отырып, "жалпы медицина" (5+2), онда соңғы 2 жыл - интернатура; 
дәрiгер стоматолог бiлiктiлiгi берiле отырып, "стоматология" (5+1), соңғы жыл - интернатура; 
бикелер iсi бакалавры академиялық дәрежесi берiле отырып, "бикелер iсi" (4 жыл); 
фармация бакалавры академиялық дәрежесi берiле отырып, "фармация" (5 жыл); 
қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесi берiле отырып, "қоғамдық денсаулық сақтау" (5 жыл); 
медициналық-профилактикалық іс бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып "медициналық-профилактикалық іс" (5 жыл). 
Интернатурадан өтпеген, "жалпы медицина" және "стоматология" мамандықтары бойынша бiтiрушiлер клиникалық практикаға жiберiлмейтiн болады. "Жалпы медицинаның" базалық клиникалық мамандықтары бойынша интернатура екi жылдық, "стоматология" мамандығы бойынша бiр жылдық болады. Интернатура аяқталысымен тиiстi құжат берiле отырып, клиникалық мамандық бойынша мемлекеттiк аттестация көзделетiн болады. 
"Жалпы медицина" мамандығы бойынша БМБ (5+2) аяқталысымен бiтiрушiлерге "дәрiгер" бiлiктiлiгi берiлетiн болады. Бiтiрушiлер кейбiр мамандықтар бойынша жалпы практика дәрiгерi (ЖПД), гигиенист-эпидемиолог, стоматолог) сертификат және лицензия алғаннан кейiн өз бетiмен практикалық қызметке кiрiсе алады немесе мамандану алуы үшiн резидентурада оқуын (2-4 жыл) жалғастыра алады. Резидентура мамандықтары бойынша өз бетiмен практикалық қызметке құқықты мамандар сертификатқа және лицензиялауға емтихан тапсырғаннан кейiн алады. 
Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң жоғары деңгейi болады және резидентураны, магистратураны және докторантураны (Рh.D) қамтитын болады. Бұл деңгейдiң мақсаты бiлiм мен ғылымның кiрiгуi негiзiнде денсаулық сақтауды, экономиканы, ғылымды жетiлдiру және медицина мен фармация саласындағы жаңа технологияларды әзiрлеу мәселелерiн шешуге қабiлеттi жаңа формацияның ғылыми, ғылыми-педагогикалық медицина, медбике және фармацевтика кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру болады. 
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратурада бакалавр академиялық дәрежесi бар мамандар оқуын жалғастыра алады. Магистратураның шеңберiнде мынадай екi бағыт бойынша даярлау болжанады: 
Магистратураның бiлiм беру бағдарламалары оқытудың ғылыми-әдiснамалық бағыттылығы мен тиiстi салаға тереңдетiлген мамандандырылған даярлықты көздейтiн болады. Магистратурада бейiндiк және ғылыми-педагогикалық даярлық үшiн мамандықтарды елеулi кеңейту болжанып отыр. 
Магистратураны бiтiрушiлерге мамандық бейiнi бойынша бикелер iсi, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау "магистрi" академиялық дәрежесi берiледi. Магистрлердiң докторантурада оқуын жалғастыруға құқығы бар. 
Докторантура медицина, фармация саласында жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы бiлiм беру деңгейi болады. Докторантураға (РhD) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қазiр бар аспирантура, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру дәстүрлi докторантура қамтылатын болады. 
Докторантура бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға медицинаның, фармацияның әр түрлi бағыттары бойынша философия докторы дәрежесi (РhD) берiледi. Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзiмi кемiнде 3 жылды құрайды. 
Медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгі бiлiм беру жүйесi нарықтық экономика қажеттiлiктерiне, жаһандану үдерiстерiне, жалпыға танылған халықаралық талаптарға сәйкес келетiн болады, жастардың академиялық дәреже алуға қызығушылығын арттырады, медицина мен фармация саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды жаңарту проблемасын шешедi. 
Үздiксiз кәсiби дамыту (ҮКД) дипломға дейiнгi және дипломнан кейiнгi даярлау аяқталғаннан кейiн басталатын және әрбiр медицина қызметкерiнiң бүкiл кәсiби өмiрi iшiнде жалғасатын бiлiм беру кезеңiн бiлдiредi. ҮКД жүйесi мамандарды қалыптастырады, оларды өзгерiп отыратын еңбек жағдайына бейiмдейдi, толық оқытады, оқытудың екi құрамдас бөлiгiн - теория мен практиканы байланыстырады, алған бiлiмiне саналылықпен қарауға, оны өзгерiп отыратын өндiрiстiк жағдайларда пайдалануға үйретедi және бұл арқылы практикалық денсаулық сақтауды жетiлдiредi. ҮКД кәсiптiк мiндет ретiнде қаралады және медициналық көмектiң сапасын арттырудың алғы шарты болып та табылады. 
Жоғарыда көрсетiлгендердi, сондай-ақ кейбiр елдердiң тәжiрибесiн ескере отырып, медицина қызметкерлерiн үздiксiз кәсiптiк дамытудың түрлерiн нақты айқындау қажет. Өз бетiнше даярлық пен оқыту типi бойынша iс-шараларды өткiзу көзделедi. Бұған қоса, медицина академияларының, жетекшi ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қосымша кәсiптiк (медициналық және фармацевтикалық) бiлiм беру ұйымдарының жанындағы бiлiктiлiктi арттыру институттарында кадрлардың мерзiмдiк бiлiктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтердi көрсету жүйесi сақталып отыр. 
Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау, мақсаты кәсiби бiлiмдерi мен дағдыларын тереңдетуде, еңбек рыногының талаптарына сәйкес медицина және фармация саласындағы жаңа кәсiптер мен мамандықтарды игеру болатын қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң негiзгi нысаны болып табылады. Қосымша медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру жүйесiнде даярлаудан ерекшелiгi стандарттарды жедел түзету, практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес туындаған өзектi мәселелер жөнiндегі жаңа типтiк оқу бағдарламаларын енгізу мүмкiндiгi көзделетiн болады. 
Қосымша медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң негiзгі қағидаттары бүкiл қызмет iшiнде кәсiптiк даярлауды жетiлдiрудiң үздiксiздiгi болады. Бұл бағытта мыналар көзделедi: 
1) оқытудың мазмұны мен мерзiмдерi бойынша ҮКД сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негiзделген әртүрлi бiлiм беру және кәсiптiк бағдарламаларды әзiрлеу; 
2) ел iшiнде ғана емес, одан тысқары жерлерде де қосымша кәсiптiк бiлiмнiң, оның iшiнде қашықтан оқытуды қолдана отырып, қол жетiмдiлiгi үшiн жағдай жасау; 
3) медицина және фармацевтика қызметкерлерiне үздiксiз кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң мазмұны мен әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру; 
4) медицина мен фармация саласындағы жаңа жетiстiктер, озық отандық және шетелдiк тәжiрибе туралы үздiксiз бiлiм алуда жеке адамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; 
5) озық ғылыми-педагогикалық тәжiрибенi зерделеу, қорыту және қолдану; 
6) осы Тұжырымдама iске асырылғанға дейiн медициналық бiлiм алған мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру үшiн қосымша жағдайлар мен мүмкiндiктер жасау. 
Қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн кәсiби құзыреттiлiктi тереңдетуге және дамытуға бағдарланған оқытудың жаңа технологияларына көшу қамтамасыз етiлетiн болады.
Параграф 5.2. Бiлiм берудiң мазмұнын өзгерту, жаңа бiлiм беру технологияларын енгiзу
Медициналық және фармацевтикалық бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту сапаны елеулi жақсартуға бағытталған ДМБФ әзiрлеген халықаралық стандарттарға бағдарлауды көздейдi. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң отандық стандарттарын әзiрлеу әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың ерекшелiктерi, Қазақстанның, оның өңiрлерi халқының денсаулық жағдайы, аурушаңдық сипаты, сондай-ақ медициналық көмек көрсету нысандары көрiнетiн айғақтарға негiзделетiн медицинаның ғылыми негіздерiнiң әмбебаптығы ескерiле отырып, жүзеге асырылатын болады. Медициналық оқу бағдарламасының өзегi медицинаның негiз қалаушы теориясы мен практикасынан, әсiресе базалық биомедициналық, мiнез-құлықтық және әлеуметтiк ғылымдардан, жалпы клиникалық дағдылардан, клиникалық шешiмдердi қабылдау дағдыларынан, коммуникациялық қабiлеттер мен медицина этикасынан тұрады. 
Бiлiмнiң мазмұны бiтiрушiнiң негiзгі құзыретi жинақталатын медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң мемлекеттiк  стандарттарына сәйкес болады. Бiлiм беру үдерiсiнiң қазiргi заманғы технологияларын кеңiнен енгiзу жоспарланып отыр. Студенттердi ерте клиникалық даярлауды енгiзу, пәндердi меңгеруде модульдiк, пәнаралық амалдарды кеңiнен енгiзу, шетел тiлдерiн тереңдете оқыту және бiлiм беру үдерiсiнде базалық негiзгiсi бойынша да, клиникалық пәндер бойынша да шетелдiк баспа және электрондық оқулықтарды белсендi пайдалану көзделедi. Мұндай стандартталған пациенттердi практикаға енгiзу бiлiм алушылардың клиникалық дағдыларын күшейту үшiн де, оларды бағалау үшiн де бiрдей жағдай жасайды. Барлық медициналық бiлiм беру ұйымдарында имитациялық сыныптар құру, практикалық манипуляцияларды меңгеру және бекiту үшiн оларды қазiргi, заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жарақтандыру жоспарланып жатыр. Бiлiм алушылардың бiлiмiн бағалаудың жаңа техникасы ретiнде тәуелсiз емтихан алушылардың институты енгiзiлетiн болады. Практикалық дағдыларды меңгеру үшiн де, қабылдау емтиханы үшiн де бiр мезгiлде жұмыс iстейтiн клиникалық даярлау орталықтарын салу да көзделiп отыр. 
1) жаңа бiлiм беру технологияларын меңгеру және оларды жергiлiктi жерлерде енгiзу үшiн үздiк оқытушы-әдiскерлер шетелдiк медицина университеттерiне жiберiледi; 
2) халықаралық тәжiрибе ескерiле отырып, жаңа Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты (МЖБС) әзiрленедi және енгiзiледi; 
3) медициналық жоғары оқу орындары бiтiрушiлерiнiң даярлық сапасын тәуелсiз емтихан алушылар бағалау үшiн емтихандар енгiзiлетiн болады.
Интернатурадан кейiн кейбiр клиникалық мамандықтар бойынша, резидентурадан кейiн сирек мамандықтар бойынша мамандардың өз бетiмен клиникалық қызметке даярлығын анықтайтын сертификаттау рәсiмдерiн енгізу жоспарланып отыр. Сертификаттау таңдаған мамандығы бойынша емтихан тапсыруды көздейдi. Оны енгiзуге дайындау үшiн: 
1) шетелдiк мамандарды тарта отырып, iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларын сараптау және отандық мамандарды теориялық және клиникалық медицина бойынша тестілік тапсырмаларды әзiрлеу технологияларына оқыту жүргiзiледi; 
2) негiзгi клиникалық мамандықтар бойынша тестiлiк тапсырмалар банкi қалыптастырылады; 
3) денсаулық сақтау саласы мамандарының бiлiмдерi мен практикалық дағдыларының деңгейiн бағалау жүйесiн енгiзу үшiн тәуелсiз емтихан алушылар ұйымы құрылатын болады. 
Осы жүйенi енгiзу өз бетiмен медициналық (клиникалық) қызметтi жүзеге асыру үшiн адамдардың даярлығын бағалауға қойылатын бiрыңғай талаптарды жасауға ықпал етедi. 
Қолданыстағы стандарттар бойынша медициналық және фармацевтикалық бiлiм алған мамандардың бiлiм деңгейi мен практикалық даярлығын бағалау кезiнде тең жағдайлар жасау мақсатында бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлаудың арнаулы сертификаттау курстары көзделетiн болады. 
Маман сертификаты медициналық қызметке лицензия алуға құқық беретiн болады. Емтихан тапсыра отырып, қайта сертификаттау рәсiмiн әр 5 жылда өткiзу жоспарланады. 
Жұмыс орнына қарамастан, барлық мамандардың қызметiн лицензиялау рәсiмiн енгiзу көзделiп отыр.
Параграф 5.4. Тәуелсiз сарапшыларды тарта отырып, медициналық бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудi енгiзу
Медициналық бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу - бұл олардың бiтiрушiлерге мемлекеттiк үлгiдегi бiлiмi туралы құжаттарды беру құқығы бар бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, типi мен түрi бойынша олардың мәртебесiн мемлекеттiң тануы. Бүкiл әлемде аккредиттеу тәуелсiз кәсiби ұйымдардың тарапынан жоғары оқу орнының сапалы бiлiм беру қызметтерiн көрсету қабiлетiн растауы деп түсiндiрiледi. Бiздiң елiмiзде мемлекеттiк аккредиттеу ғана бар. 
Аккредиттеу жүйесiн Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары дипломдарының танымдылығын қамтамасыз ететiн бiлiмнiң сапасын бағалаудың халықаралық рәсiмдерiмен үйлестiру мақсатында халықаралық ұйымдарды қолдау кезiнде бiрiншi кезеңде орталық азия өңiрi медициналық жоғары оқу орындарын аккредиттеу жөнiндегi орталықты құру бойынша жұмыстар басталады. Медициналық жоғары оқу орындарын аккредиттеудi жүзеге асыру үшiн ДМБФ әзiрлеген, медициналық бiлiм берудiң сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негiзделген медицина кадрларын даярлаудың жаңа стандарттарын енгiзу бұл үдерiстi жеделдетуге мүмкiндiк бередi. 
1) Дүниежүзілiк медициналық бiлiм федерациясы әзiрлеген медициналық бiлiм берудiң сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес негізде аккредиттеудi енгiзу; 
2) орталық азия өңiрi елдерi үшiн халықаралық аккредиттеу орталығын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргiзу.
Параграф 6. Оқыту үдерiсiнiң жоғары нәтижелерiне жетуде бiлiм алушылар мен оқытушылардың уәждемесiн көтеру
Бiздiң қоғамымызды дамытудың сапалы жаңа сатысына көшу жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысатын барлық адамдардың бiлiмiне, бiлiктiлiгiне және шығармашылық белсендiлiгiне қойылатын талаптарды арттырады. Мемлекет оқытушылық қызметтi ынталандыру, тек педагогикалық ғана емес, сондай-ақ ғылыми жұмыста да өзiн белсендi көрсеткен жаңашылдарды қолдау бойынша да шаралар қабылдайды. Осы мақсатта: 
1) жоғары оқу орны мен орта оқу орындары үздiк оқытушылар мен жас ғалымдарды қолдау үшiн бюджеттен тыс қаражат есебiнен жеке гранттар тағайындайды; 
2) жаңа бiлiм беру технологияларын меңгеру үшiн үздiк педагогтар бiлiктiлiгiн арттыруға әлемнiң алдыңғы қатарлы университеттерiне жiберiледi; 
3) қазiргi заманғы диагностикалық және емдеу технологияларын меңгерiп, оларды оқу үдерiсiне енгiзу үшiн үздiк оқытушы-клиницистер бiлiктiлiгiн арттыруға шетелге жiберiледi; 
4) көрсетiлетiн бiлiм беру қызметiнiң сапасына байланысты жоғары оқу орындары мен колледждердiң профессор-оқытушы құрамына сараланған еңбекақы төлеу жүйесi енгiзiлетiн болады. 
Сапалы бiлiм алу медициналық бiлiм беру ұйымында бiлiм алатын әр студенттiң мақсаты болады. Бұл мақсатқа жету үшiн мемлекет барлық қажеттi жағдайды жасайды, бiрақ студенттiң өзi де бiлiм алудағы өзiнiң рөлiн айқын сезiнуi тиiс. Ол қажеттi бiлiмдi, iскерлiктi және қарым-қатынастарды меңгеруге мүдделi болуы тиiс. Студенттiң құқығы оқытушыны таңдау, бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу, оқу үдерiсiн ұйымдастыру сапасына және оқытушының жұмысына баға беру болады. Студенттiң жоғары оқу орнының, қаланың, елдiң үздiк студентi конкурсына қатысу құқығы болады. Үздiк және жақсы үлгеретiн студенттер бастысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы болатын атаулы стипендияларды алатын болады. Студенттер сапалы медициналық қызметтер көрсетiлгенi үшiн өздерi болашақта тиiстi жалақы алатынын бiлуi тиiс. Қазiргi кезде дәрiгердiң орташа айлық жалақысы елiмiзде ең төмендерiнiң бiрi болып табылады. Медицина қызметкерлерiнiң жұмысын ынталандыру мақсатында көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi мен сапасы үшiн қосымша ақы енгiзу арқылы денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiне сараланған еңбекақы төлеу жүйесi әзiрленiп, енгiзiлетiн болады. 
Қазақстандық медициналық бiлiм берудiң мәртебесi мен беделiн көтеру, медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi кадрлар даярлауды халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында мемлекеттiк медицина академияларын университеттер етiп қайта ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Осы Тұжырымдаманың негiзгi ережелерi екi кезеңде iске асырылатын болады: 
Бiрiншi кезеңде: (2006 - 2008 жылдар) мынадай iс-шаралар көзделетiн болады: 
медициналық бiлiм беру саласындағы тиiстi заңнамалық және нормативтiк-құқықтық базаны әзiрлеу; 
бакалавриат және магистратура, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм мамандықтарының жiктеушiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу; 
халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, әдiснамалық негiздер мен бiлiктiлiк талаптарын барабар жетiлдiрудi көздейтiн медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң жаңа мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеу және енгiзу; 
медициналық бiлiм беру ұйымдарында қабылдау мен оқуға қойылатын талаптарды көтеру; 
медициналық бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқу құнын арттыру; 
техникалық кәсiптiк және орта бiлiмнен кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi енгiзу; 
жоғары арнаулы бiлiмдi (базалық медициналық бiлiм - интернатура-резидентура), жоғары кәсiптiк бiлiмдi (бакалавриат-магистратура-докторантура) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау моделiне көшу; 
денсаулық сақтау саласының техникалық кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгі, жоғары медициналық, бикелiк және фармацевтикалық бiлiмдi мамандарға қажеттілігін зерделеу үшiн мониторинг жүргiзу; 
медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы жекеменшiк және алдыңғы қатарлы шетелдiк бiлiм беру әдiстемелерiн әзiрлеу, оқытудың кредиттiк технологиясын енгiзу; 
бiлiм беру ұйымдарында сапа менеджментi жүйесiн (СМЖ) енгiзу және СМЖ-дi сертификаттауға дайындау; 
денсаулық сақтау және бiлiм беру менеджерлерiн даярлау, профессор-оқытушы құрамды (ПОҚ) жаңа бiлiм беру технологияларына оқыту, оқытушылардың ел iшiнде және шетелде бiлiктiлiгiн арттыру; 
медицина ұйымдарының ПОҚ-қа қойылатын талаптарды жоғарылату; 
сараланған еңбекақы төлеудi енгiзу жолымен ПОҚ еңбегiн ынталандыру; 
клиникалық дағдыларды меңгеру және бақылау жөнiндегі оқу орталықтарын құру; 
қазақстандық медициналық бiлiм берудiң мәртебесi мен беделiн көтеру, медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында мемлекеттiк медицина академияларын университет етiп қайта ұйымдастыру. 
қолданыстағы стандарттар бойынша медициналық бiлiм алған мамандар үшiн бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлау жүйесiн әзiрлеу және енгізу; 
елдегi медициналық бiлiм берудiң жай-күйiн шетелдiк мамандардың тәуелсiз сараптамасын жүргiзу; 
тәуелсiз емтихан алушылар ұйымын құру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың бiлiм деңгейi мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесiн енгiзу; 
медициналық жоғары оқу орындарын халықаралық (орталық азия) аккредиттеу рәсiмдерiн енгiзу; 
магистрлiк бағдарламалар бойынша оқуды таңдауды кеңейту; 
ғылыми-оқу-өндiрiстiк бiрлестiктердi құру жолымен оқу-клиникалық орталықтарын медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарын ғылыми орталықтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен және практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ықпалдастыру; 
қолданыстағы материалдық-техникалық базаны жаңарту, оқу үдерiсiн бiрiздендiрiлген бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қашықтан оқыту әдiстерiн дамыту және енгiзу.
1) халықаралық тәжiрибеге негiзделген және саланың еңбек рыногында бәсекеге қабiлеттi жоғары бiлiктi мамандарға қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың жаңа жүйесi құрылады; 
2) денсаулық сақтау саласының кадрларға ұзақ мерзiмдi қажеттiлiгiн анықтаудың ғылыми негiзделген әдiстемесi енгiзiледi; 
3) медицинаның ұдайы дамуының клиникалық аспектiсiн ескере отырып, медициналық бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы елеулi жақсарады және жаңартылады; 
4) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарында сапа менеджментi жүйесi енгiзiлетiн болады; 
5) халықаралық сарапшыларды тарта отырып, медициналық бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу енгiзiледi; 
6) тәуелсiз емтихан алушылар ұйымы құрылады және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың бiлiм деңгейi мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесi енгізiледi; 
7) меншiктiң әрқилы түрлерi мен нысандарының бiлiм беру ұйымдарының арасында iлеспе бәсеке және бiлiм бағдарламалары мен оқу нысандарын таңдау мүмкiндiгi кеңейтiле отырып, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы қызметтердiң рыногы қалыптасатын болады.
Осы Тұжырымдаманы iске асыру медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру жүйесiн серпiндi дамытуға, перспективалы бiлiм беру әдiстемелерiн әзiрлеуге, сондай-ақ қазақстандық бiлiмнiң беделiн көтеруге ықпал ететiн болады. Бiлiм беру үдерiсiндегi түбiрлi қайта құрулар оқыту деңгейiн халықаралық стандарттарға жақындата отырып, медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте халыққа көрсетiлетiн медициналық және фармацевтикалық қызметтердiң көлемi мен сапасын арттыру негiзiнде саланың өзiн дәйектiлiкпен iлгерi дамыту мүмкiн болады.
                                          N 317 қаулысымен                                                       бекітілген          Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық  
           білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске  
            асыру жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған  
                          іс-шаралар жоспары 
 
Р/с
N
Іс-шаралар Аяқтау
нысаны
Жауапты
орындау-
шылар
Орындау
мерзімі
Болжамды шығыстар Қар-
жы-
лан-
дыру
көзі
1 2 3 4 5 6 7
1. "Білім туралы"
Қазақстан
Республикасы
Заңының жобасын
әзірлеу
Қазақстан
Республи-
касы
Заңының
жобасы
БҒМ
(жинақ-
тау),
ДСМ
2007
жылғы
1-тоқсан
Шығыстар
көздел-
мейді
2. Бакалавриат және
магистратура
мамандықтарының
жіктеушісіне,
Бастауыш және
орта кәсіптік
білім беру
мамандықтарының
жіктеушісіне,
өзгерістер мен
толықтырулар
енгізу
Қазақстан
Республи-
касы
Білім
және
ғылым
министрі-
нің бұй-
рықтары
БҒМ
(жинақ-
тау),
ДСМ
2006
жылғы
2-тоқсан
2007
жылғы
2-тоқсан,
2009
жылғы
2-тоқсан
Шығыстар
көздел-
мейді
3. Интернатура
туралы ережені
әзірлеу
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ
(жинақ-
тау),
БҒМ
2006
жылғы
3-тоқсан
Шығыстар
көздел-
мейді
4. Жоғары медицина-
лық білім беру
ұйымдарының
клиникалық база-
лары туралы
ережені әзірлеу
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2007
жылғы
1-тоқсан
Шығыстар
көздел-
мейді
5. Медициналық
білім беру ұйым-
дарына қабылдауға қойылатын
талаптарды арттыру мақсатында
Қазақстан
Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
"Қазақстан
Республикасының
жоғары оқу орын-
дарына қабылдау-
дың типтік ере-
жесін бекіту
туралы" 2000
жылғы 25 наурыз-
дағы N 247,
Қазақстан
Республикасының
орта кәсіптік
оқу орындарына
оқуға қабылдау-
дың типтік
ережесін бекіту
туралы" 2005
жылғы 15 сәуір-
дегі N 244
бұйрықтарына
өзгерістер мен
толықтырулар
енгізу
Қазақстан
Республи-
касы
Білім
және
ғылым
министрі-
нің
бұйрықта-
ры
БҒМ
(жинақ-
тау),
ДСМ
2006
жылғы
мамыр,
2007
жылғы
мамыр
Шығыстар
көздел-
мейді
6. Қазақстан
Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2005 жылғы 10
мамырдағы N 312
бұйрығымен бекі-
тілген Жоғары
және жоғары
білімнен кейінгі
медициналық және
фармацевтикалық
білімді кадрлар-
ды даярлауға
арналған шығыс-
тарды жоспарлау
және бір
студентті,
аспирантты,
клиникалық орди-
наторды, магис-
трантты оқытуға
арналған шығыс-
тарды жоспарлау
ережесіне өзге-
рістер мен
толықтырулар
енгізу
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2006
жылғы
мамыр,
2007
жылғы
мамыр
Шығыстар
көздел-
мейді
7. Медициналық
білім беру ұйым-
дарының білікті-
лікті арттыру
факультеттерінің
бір курсантын
(тыңдаушысын)
оқыту құнын
есептеу ережесін
әзірлеу
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2007
жылғы
мамыр
Шығыстар
көздел-
мейді
8. Медицина
колледждерінде
бір білім алушы-
ны оқыту құнын
есептеу ережесін
әзірлеу
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2007
жылғы
1-тоқсан
Шығыстар
көздел-
мейді
9. Жоғары арнаулы
медициналық
білім (БМБ),
денсаулық сақтау
саласындағы
бакалавриат
мамандықтары
бойынша МЖМБС
әзірлеу және
бекіту
Қазақстан
Республи-
касы
Білім
және
ғылым
министрі
мен
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бірлескен
бұйрығы
ДСМ
(жинақ-
тау),
БҒМ
2006
жылғы
2-тоқсан
Қазақстан
Республи-
касының
денсаулық
сақтау
ісін
реформа-
лау мен
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекет-
тік
бағдарла-
масын
іске асыру шеңберінде бөлінген
қаражат
шегінде
10. Денсаулық сақтау
саласындағы
техникалық және
кәсіптік білім,
орта білімнен
кейінгі медици-
налық білім
мамандықтары
бойынша МЖМБС
әзірлеу және
бекіту
Қазақстан
Республи-
касы
Білім
және
ғылым
министрі
мен
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бірлескен
бұйрығы
ДСМ
(жинақ-
тау),
БҒМ
2007
жылғы
4-тоқсан
Қазақстан
Республи-
касының
денсаулық
сақтау
ісін
реформа-
лау мен
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекет-
тік
бағдарла-
масын
іске
асыру
шеңберін-
де
бөлінген
қаражат
шегінде
11. Магистратура,
резидентура
мамандықтары
бойынша МЖМБС
әзірлеу және
бекіту
Қазақстан
Республи-
касы
Білім
және
ғылым
министрі
мен
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бірлескен
бұйрығы
ДСМ
(жинақ-
тау),
БҒМ
2007
жылғы
2-тоқсан
Қазақстан
Республи-
касының
денсаулық
сақтау
ісін
реформа-
лау мен
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекет-
тік
бағдарла-
масын
іске
асыру
шеңберін-
де
бөлінген
қаражат
шегінде
12. Медицина кадрла-
рының кәсіби
құзыретінің
деңгейіне қойы-
латын жаңа
талаптарды ескере отырып,
медицина қызмет-
керлерінің
біліктілік
сипаттамаларын
әзірлеу
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ
(жинақ-
тау),
Еңбекми-
ні, БҒМ
2007
жылғы
4-тоқсан
Шығыстар
көздел-
мейді
13. "Білім беру
ұйымдарын
мемлекеттік
аккредитациялау
ережесін бекіту
туралы" Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің 2001
жылғы 19 шілде-
дегі N 976 қау-
лысына толықты-
рулар мен өзге-
рістер енгізу
Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметі
қаулысы-
ның
жобасы
БҒМ
(жинақ-
тау),
ДСМ
2007
жылғы
3-тоқсан
Шығыстар
көздел-
мейді
14. Қолданыстағы
стандарттар
бойынша медици-
налық білім
алған мамандар
үшін біліктілік-
ті арттыру және
қайта даярлау
жүйесін енгізу
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2009-2010
жылдар
Шығыстар
көздел-
мейді
15. Шетелдік маман-
дарды шақыра
отырып, прекли-
никалық және
клиникалық пән-
дердің оқытушы-
ларын жаңа білім
беру технология-
ларына және
шетелдерде оқыту
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2006-2010
жылдар
Қазақстан
Республи-
касының
денсаулық
сақтау
ісін
реформа-
лау мен
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекет-
тік
бағдарла-
масын
іске
асыру
шеңберін-
де
бөлінген
қаражат
шегінде
16. Халықаралық
талаптарға сәй-
кес мамандардың
даярлық сапасына
тәуелсіз бақылау
жүргізу және
сертификаттау
үшін тест сұрақ-
тары банкін
жасау және
жетілдіру
Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат
ДСМ Жыл
сайын 25
қаңтар,
25 шілде
Қазақстан
Республи-
касының
денсаулық
сақтау
ісін
реформа-
лау мен
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекет-
тік
бағдарла-
масын
іске
асыру
шеңберін-
де
бөлінген
қаражат
шегінде
17. Республикалық
медициналық
білім беру
ұйымдарының
преклиникалық
пәндері кафедра-
ларын жарақтан-
дыру
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2006-2008
жылдар
Қазақстан
Республи-
касының
денсаулық
сақтау
ісін
реформа-
лау мен
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекет-
тік
бағдарла-
масын
іске
асыру
шеңберін-
де
бөлінген
қаражат
шегінде
18. Республикалық
медициналық
білім беру ұйым-
дарының клини-
калық кафедра-
ларын жарақтан-
дыру
Қазақстан
Республи-
касы
Денсаулық
сақтау
министрі-
нің
бұйрығы
ДСМ 2008-2010
жылдар
Қазақстан
Республи-
касының
денсаулық
сақтау
ісін
реформа-
лау мен
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
мемлекет-
тік
бағдарла-
масын
іске
асыру
шеңберін-
де
бөлінген
қаражат
шегінде
19. Мемлекеттік
медицина акаде-
мияларын медици-
на университет-
тері етіп қайта
ұйымдастыру
Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметі
қаулысы-
ның
жобасы
ДСМ 2008
жылғы
4-тоқсан
Бюджеттен тыс қаражат есебінен
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі; 
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі; 
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; 
МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;