Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Осы редакция 13.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымдауы Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін және экономикасының жоғары бәсекелі қабілеттілігіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, сенімділігін және теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивті эволюцияланатын жүйелердің бірі ретінде әлемдік қоғамдастық саралайтын мемлекеттік қаржының тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы
Реттелетін салаларды немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Ұлттық қор қаражатын 2006 жылдың ортасынан берi қолданылған ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзiмдi инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi айқындау кезiндегi шектеу республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы болып табылды.
Қабылданған саясаттың нәтижесiнде экономикалық өсу кезеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгенi құрады, оның 750,0 млрд. теңгесi iшкi активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлiк қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамының облигацияларына), 24,4 млрд. АҚШ доллары - шетелдiк активтерге орналастырылды.
Құрылған уақытынан берi, яғни 2001 жылғы маусым - 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кiрiстiлiгi Қордың базалық валютасында (АҚШ долларымен) 55%-ды құрады, бұл жылдық мәнде 5,2%-ды құрайды.
Жинақтау функциясын орындау үшiн Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгiленедi, сондай-ақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшерiне шек қойылмайды. Тұрақтандыру функциясын iске асыру республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етудi көздейдi. Қаражатты пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерiндегi кепiлдендiрiлген трансферттi республикалық бюджетке тiркеу оның жаңалығы болып табылады.
Дүниежүзілік тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстанның экономика салаларындағы іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты 2009 жылы бюджет жүйесі табысының күрт төмендеуі байқалды. Егер 2008 жылы ЖІӨ 25,1% мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінсе, 2009 жылы айтылған көрсеткіш 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджеттің табыстары 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.
Ел үкіметі мемлекеттік бюджеттің едәуір тапшылығына бюджет шығыстарын оңтайландыру, әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру арқылы жол бермеді. Республикалық бюджет тапшылығын кезең-кезеңмен төмендету жоспарлануда, яғни 2013 жылда ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ға құру керек.
Мемлекеттік (үкіметтік) борыштың өсуі байқалады, себебі республикалық бюжетті тапшылықпен бірге қалыптастыруда болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік (үкіметтік) борыш қарыз алу есебінен курстық айырмасымен бірге қаржыландыру тапшылығы соммасы өсуде. Егер 2009 жылдың басында мемлекеттік (үкіметтік) борышқа қатысты ЖІӨ-ге шаққанда 6,4%, ал 2010 жылдың басында – 9,5% құрды. 2010 жылдың аяғында мемлекеттік (үкіметтік) борыш 2 366 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 12,3% құрайды деп күтілуде.
Негізгі проблемаларды талдау.
Республикалық бюджеттің теңгерімділігі және шығыстарының құрылымы, салықтар түсімдерінің және кедендік төлемдердің толықтылығы, салықтық және кедендік жүйені жақсарту, сондай-ақ үкіметтік борыштың мөлшерін қауіпсіз деңгейде ұстап тұру мәселелері өзекті болып қалуда.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
Экономикалық ахуалдың нашарлауы немесе жақсаруы анықтаушы сыртқы фактор болып табылады, ол республикалық бюджетке түсетін түсімдердің деңгейіне, Ұлттық қордың мөлшеріне, қарыз алу мүмкіндігі мен жағдайына әсер етеді. Негізгі ішкі факторға сапалы жоспарлау мен республикалық бюджеттің орындалуы жатады.
2-стратегиялық бағыт. Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде де жетілдіру
Реттелетін салаларды немесе қызмет сферасын дамытудың негізгі параметрлері.
Банкроттық саласында.
2002 жылдан бастап барлығы 21098 борышкер таратылған, оның ішінде борышкерлердің жоқ және болмаған мүлкі (активтері) 18277 немесе 86% құрайды.
Таратылған ұйымдардың банкроттық рәсімдерінің инвесторлары 90% жағдайда салық органдары болып табылады.
Қазақстандағы тарату рәсімін жүргізудің мерзімі мүлік құнының 16,2% 1,7 жылды құрайды.
Банкроттық саласындағы Қаржы министрлігінің қызметі оңалту рәсімдері арқылы ұйымдардың төлем қабілеттілігін сауықтыруға және қалпына келтіруге бағытталған. Бірнеше басымдық қатарының болуына қарамастан кәсіпкерліктің субъектілеріне осы рәсім өте сирек қолданылады, мәселен 2009 жылы оңалту рәсімі 14 ұйымға қатысты ғана пайдаланылған.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында.
Қазақстанда заң шығаратын деңгейде қаражаттық есептілік халықаралық стандарттарының (бұдан әрі – ХҚЕС) және Халықаралық аудиттің стандарттарының (бұдан әрі – ХАС) қолданылу мәселелері реттелген. Шағын және орта бизнес Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасау мен бухгалтерлік есептілікті енгізуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумақтарында ХҚЕС және ХАС-ны таратуына арналған жағдайлар жасалған. Қормен шарт жасаудың негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының комитетімен (Ұлыбритания) ХҚЕС мемлекеттік тілде аудару мен тарату жүзеге асырылады.
Қаржы министрлігіне аудиттің халықаралық стандарттары, сапа кепілдемесі мен кәсіби этика анықтамалығы бойынша қазақ тіліне көшіру мен жаңғыртуды рұқсат ететін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының шартына (ІFАС) қол қойылды.
Мемлекеттік мекемелердің қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесі кассалық әдіске негізделген. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекемелер есептеу әдісіне және қоғамдық секторға арналған Халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ҚСХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көшуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті қайта қалыптастыру мақсаты – бұл мемлекеттік сектордың операциялары мен ахуалы туралы толық және бәрін қамтитын деректерді қалыптастыру, мемлекеттік сектордың активтері, міндеттемелері мен қызметінің нәтижелері туралы деректерді объективті көрсететін транспарентті және салыстырмалы қаржылық есептілікті қалыптастыру.
Негізгі проблемаларды талдау.
Банкроттық саласында.
Банкроттық рәсімдер «аянышты» жағдайға дейін жеткен және жұмыс істемейтін, мүлкі мүлдем жоқ, тиісінше тарату кезінде кредиторлардың көптеген талаптары өтелмей қалатын борышкерлерге қолданылады.
Бұл қасақана және жалған банкроттық фактілерге байланысты. Қасақана және жалған банкроттық проблемасы, ол кредит берушінің, оның ішінде мемлекеттің ұйым мүлкінің негізгі массасын шығару бойынша басшылардың немесе құрылтайшылардың заңсыз әрекеттеріне уақтылы ден қоймауынан туындайды.
Бұдан басқа банкроттық рәсімінде заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша конкурстық басқарушылардың қызметі мынадай проблемалар қатарымен күрделенген: борышкердің қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттаманың болмауы, борышкердің мәмлелері бойынша талап қою-қуыну көнелігі мерзімінің аяқталуы, ел бойынша бірыңғай автоматтандырылған базаның болмауына байланысты мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан мүлік туралы ақпаратты алудың ұзақтығы, сот даулары және т.б.
Банкроттық рәсіміндегі сауықтыру тетігі не борышты өндіріп алу ретінде кәсіпкерлік субъектілер іс жүзінде қарастырылмайды.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында.
Кассалық әдіске негізделген мемлекеттік мекемелерде қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесінің бірқатар кемшіліктері бар:
- барлық мемлекеттік активтер мен міндеттемелер қаржы есептерінде ескерілмейді және көрсетілмейді;
- есептеу жүйесі айтарлықтай деңгейде қағидаттарға емес, ал ескірген және жүйелік және жан жақты қайта қарауды талап ететін ережелерге негізделген;
- активтер мен міндеттемелерді есептеу халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді.
Ақша қаражатының ағынын қадағалауға мүмкіндік беретін және мемлекеттік экономика секторы шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы толығымен таныстырмайтын кассалық есепке алу әдісіне қарағанда, есептеу әдісі бюджеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |