Toggle Dropdown
қаулысын қарау қажет.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында биржалық қызметтi дамыту жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1253
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 375 Қаулысымен (12.08.2000 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) #$ҚР Үкіметінің 28.08.2000. № 1316
қаулысын қарау қажет.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi заң күшi бар Жарлығының 3-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында биржалық қызметтi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Ашық тауар биржалары арқылы ғана сатуға жататын биржалық тауарлардың тiзбесi мен ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес, оларды жасасу мен тауар биржаларында тiркеу нысанасына, осы қаулының 1-қосымшасында аталған тауарларды сатып алу және сату бойынша мәмiлелердiң (келiсiм-шарттардың, келiсiмдердiң) тұрақты мониторингiн жүргiзсiн және ай сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне мониторингтiң нәтижелерi туралы мәлiметтер ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң осы қаулының 1-қосымшасында аталған тауарларды тауар биржаларынан басқа жерде сатуы фактiлерi анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi шаралар қолдансын.
4. Тауар биржаларына тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) нарықтық бағасын анықтау және тану кезiнде салық салу мақсатында ай сайын Қазақстан Республикасының салық органдарына биржалық бағалар белгiлеу жөнiнде мәлiметтер беру ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының биржалық қызметтi дамытуға бағытталған заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
6. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап қолдануға енгiзiледi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 12 тамыздағы
N 1253 қаулысына
1-қосымша
Биржалық тауарлардың тізбесі мен
ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері
1. Астық, ауыл шаруашылығы өнімі,
оларды қайта өңдеу өнімдері
---------------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы ! ТМД СЭҚ ТН ! Партияның ең аз
! коды ! мөлшері
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
---------------------------------------------------------------------------
Тiрi мал:
Жылқылар 0101-ден 10 бас
Тiрi мүйiздi iрi қара мал 0102 10 бас
Тiрi шошқалар 0103 50 бас
Тiрi қойлар мен ешкiлер 0104 50 бас
---------------------------------------------------------------------------
Дәндi дақылдар:
Бидай және меслин:
- қатты бидай 1001 10 000 60 тонна
- жұмсақ бидай және тұқымдық меслин 1001 90 910 60 тонна
Қара бидай 1002 00 000 60 тонна
Арпа 1003 00 60 тонна
Сұлы 1004 00 000 60 тонна
Жүгерi 1005 60 тонна
Күріш 1006 60 тонна
Дәндi сорго 1007 00 60 тонна
Қарақұмық, тары және субидайықтың тұқымы 1008 60 тонна
Бидай немесе бидай-қара бидай ұны 1101 00 60 тонна
Бидай немесе бидай-қара бидай ұнынан
басқа өзге дәндi дақылдардың ұны 1102 60 тонна
Жарма, iрi тартылған ұн және дәндi
дақылдардың түйiршiктерi 1103 60 тонна
Басқа тәсiлдермен өңделген дән (мысалы,
қабығынан аршылған, жаншылған,
үлпектелген, бөлшектелген, жарма түрiнде
немесе ұсатылған), бүтiн, жаншылған,
үлпек түрiндегі немесе түйiлген дән
ұрықтары: 1104 60 тонна
---------------------------------------------------------------------------
Мақта линтi 1404 20 000 1 тонна
---------------------------------------------------------------------------
Былғары шикiзаты:
Мүйiздi iрi қара малдың немесе жылқы
тұқымдас жануарлардың түктi немесе
түксiз, қиынды немесе қиынды емес терiсi
(буланған немесе тұздалған, кептiрiлген,
күлделген, пикеленген немесе басқа
тәсiлмен консервiленген, бiрақ иленбеген,
жарғақ қылып өңделмеген немесе одан әрi
өңделмеген) 4101 50 дана
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы
экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар
номенклатурасы туралы келiсiмге сәйкес,
осы топқа 1 в ескертпемен алынып
тасталғандардан басқа жүндi немесе
жүнсiз, қиынды немесе қиынды емес,
қойдың немесе қозының терiсi (буланған
немесе тұздалған, кептiрiлген, күлделген,
пикеленген немесе басқа тәсiлмен
консервiленген, бiрақ иленбеген, жарғақ
қылып өңделмеген немесе одан әрi
өңделмеген) 4102 500 дана
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы
экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар
номенклатурасы туралы келiсiмге сәйкес,
осы топқа 1б немесе 1в ескертпелермен
алынып тасталғандардан басқа, түктi
немесе түксiз, қиынды немесе қиынды
емес, өзге де өңделмеген терi мен былғары
(былғары шикiзаты), (буланған немесе
тұздалған, кептiрiлген, күлделген,
пикеленген немесе басқа тәсiлмен
консервiленген, бiрақ иленбеген, жарғақ
қылып өңделмеген немесе одан әрi
өңделмеген) 4103 500 дана
Мүйiздi iрi қара малдың немесе жылқы
тұқымдас жануарлардың 4108 немесе 4109
позициясы былғарысынан басқа, түксiз
терiсiнен былғары 4104 5 000 шаршы дм.
Қойдың немесе қозының, 4108 немесе 4109
тауар позициясы былғарысынан басқа,
жүнсiз терiсiнен былғары 4105 4 000 шаршы дм.
Ешкiнiң немесе лақтың, 4108 немесе 4109
тауар позициясы былғарысынан басқа,
түксiз терiсiнен былғары 4106 4 000 шаршы дм.
Шошқаның, 4108 немесе 4109 тауар
позициясы былғарысынан басқа, түксiз
терiсiнен былғары 4107 1 000 шаршы дм.
4101, 4102 немесе 4103 тауар
позицияларының былғары шикiзаты мен
терiсiнен басқа, аң терiсi-мех шикiзаты
(бас, құйрық, аяқ терiлерi мен мех
бұйымдарын жасауға жарамды өзге де
бөлiктерiн немесе кесiндiлерiн қоса
алғанда): 4301-ден
- астрахандық, құйрықты, қаракөл, парсы
және оларға ұқсас тұқымдардың
қозылары, сондай-ақ үндi, қытай,
монғол немесе тибет тұқымдарының,
бүтiн басымен, құйрығымен немесе 4301 30 000 100 дана
аяқтарымен немесе оларсыз 5101 1 тонна
Кардомен немесе тарақпен таралмаған жүн
Жануарлардың кардомен немесе тарақпен 5102 20 кг
таралмаған биязы немесе қылшық жүнi
---------------------------------------------------------------------------
Мақта талшығы, таралмаған 5201 00 5 тонна
---------------------------------------------------------------------------
Мақтаның қалдығы (иiру қалдықтарын
және түтiлген талшықтарды қоса алғанда): 5202-ден 1 тонна
- түтiлген талшықтар 5202 91 000 1 тонна
---------------------------------------------------------------------------
Таралған немесе тарақпен таралған мақта
талшығы 5203 00 000 5 тонна
---------------------------------------------------------------------------
2. ӨНДIРIСТIК-ТЕХНИКАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ӨНІМДЕР
---------------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы ! ТМД СЭҚ ТН ! Партияның ең аз
! коды ! мөлшері
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
---------------------------------------------------------------------------
Тас көмiр; брикеттер, шайындылар және тас
көмiрден алынған қатты отынның осындай
түрлерi: 2701-ден
- тозаңды немесе тозаңсыз, бiрақ
агломерлендiрiлген тас көмiр:
- антрацит 2701 11 60 тонна
- битуминозды көмiр 2701 12 60 тонна
брикеттер, шайындылар және тас көмiрден
алынған қатты отынның осындай түрлерi 2701 20 000 60 тонна
Агломерлендiрiлген немесе
агломерлендiрiлмеген лигнит (қоңыр көмiр)
гагаттан басқа 2702 60 тонна
Шикiлерiн қоспағанда, битуминозды
минералдардан алынған мұнай өнiмдерi;
басқа жерде аты аталмаған, құрамы 70 мас.
% немесе одан астам мұнай немесе
битуминозды минералдардан алынған
мұнай өнiмдерi, әрi бұл өнiмдер негiзгi
құрамдастары болып табылады: 2710 00
- жеңiл дистилляттар:
авиациялық бензиндi қоспағанда қорғасыны
0,013 г/л артық емес моторлық бензиндi:
- октандық саны 95-тен төмен 2710 00 270 5 тонна
- октандық саны 95 немесе одан артық,
бiрақ 98-ден артық емес 2710 00 290 5 тонна
- авиациялық бензиндi қоспағанда,
октандық саны 98 және одан артық
құрамында қорғасын 0,013 г/л артық
моторлық бензиндi 2710 00 320 5 тонна
- октандық саны 98-ден төмен 2710 00 340 5 тонна
- октандық саны 98 немесе одан артық
ауыр дистилляттар: 2710 00 360 5 тонна
- өңдеудiң ерекше процестерiне арналған
газойлдарды (дизельдiк отын) 2710 00 610 5 тонна
- 271000610 кiшi позицияда
көрсетiлгендерден басқа процестерде
химиялық айналуларға арналған
газойлдарды (дизельдiк отын) 2710 00 650 5 тонна
- басқа да мақсаттарға арналған
газойлдарды (дизельдiк отын) 2710 00 690 5 тонна
- өңдеудiң ерекше процестерiне арналған
сұйық отындарды (мазут) 2710 00 710 5 тонна
- 271000710 кiшi позицияда
көрсетiлгендерден басқа процестерде
химиялық айналуларға арналған сұйық
отындарды (мазут) 2710 00 720 5 тонна
- құрамында күкiртi бар:
- 1 мас. %-дан артық еместен 2,8 мас. 2710 00 740-
%-дан артық емеске дейiнгi, басқа да 2710 00 770 5 тонна
мақсаттарға арналған
- 2,8 мас. %-дан астам басқа да
мақсаттарға арналған сұйық отындар
(мазут) 2710 00 780 5 тонна
- жағар майлар; басқа да майлар:
- моторлық майлар, компрессорлық жағар
май, турбиналық жағар май 2710 00 870 1 тонна
- гидравликалық мақсаттарға арналған
сұйықтар 2710 00 880 1 тонна
- шестерняларға арналған май және
редукторларға арналған май 2710 00 920 1 тонна
- металдарды өңдеуге арналған құрамдар,
нысандарды майлауға арналған майлар,
коррозияға қарсы майлар 2710 00 940 1 тонна
- электр оқшаулаушы майлар 2710 00 960 1 тонна
---------------------------------------------------------------------------
Қара металдардың қалдықтары мен
сынықтары; қайта құю үшiн қара
металдардың құймалары (шихталық
құймалар) 7204 10 тонна
---------------------------------------------------------------------------
Мыстың қалдықтары мен сынықтары 7404 00 10 тонна
Алюминийдiң қалдықтары мен сынықтары 7602 00 10 тонна
Қорғасынның қалдықтары мен сынықтары 7802 00 000 10 тонна
Қорғасынның шыбықтары, профильдерi
және сымдары 7803 00 000 10 тонна
Мырыш шыбықтары, профильдерi және
сымдары 7904 00 000 10 тонна
Мырыштың қалдықтары мен сынықтары 7902 00 000 10 тонна
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 12 тамыздағы
N 1253 қаулысына
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YКIМЕТIНIҢ
КYШI ЖОЙЫЛҒАН КЕЙБIР ШЕШIМДЕРIНIҢ ТIЗБЕСI
1. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 28 желтоқсандағы N 1876 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 511-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегі N 1035 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 13 наурыздағы N 304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 12, 90-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 895 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 30, 278-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегі N 1035, қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 12 маусымдағы N 956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 25, 230-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 маусымдағы N 994 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 28, 248-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 521-құжат).
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.