Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.03.2011 № 272 Қаулысымен. (28.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 681 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда:
"Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар" деген 1-бөлiм мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
"3-3. Рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдары.
Ескертпе. Осы тармақ "тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" кедендiк режимдерiнде тауарлар мен көлiк құралдарын әкелуге қолданылады".
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бiр ай мерзiмде рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдарын одан әрi пайдалану мәселелерiн реттеуге бағытталған заң жобасын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Индустрия және сауда, Көлiк және коммуникация министрлiктерi 2007 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде автокөлiк құралдарына қауiпсiздiк талаптарын белгiлейтiн техникалық регламенттiң жобасын әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі осы қаулының 1-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасының автокөлiк құралдарын әкелуге шектеулер енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |