• Мое избранное
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес 
«Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.01.2015 жылғы № 7-1/37 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 4 қарашадағы
 N 1755 қаулысымен
 бекітілген
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ведомство – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - ведомство);
ведомствоның аумақтық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары;
есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
айналым - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, өткізу (сату немесе жеткізіп беру) үдерістері (сатылары), сондай-ақ оларға байланысты өлшеп орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау үдерістері.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2011 № 1090 Қаулысымен. (04.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер берілуге тиіс.
5. Ветеринариялық құжаттарда және (немесе) өнімді (тауарды) таңбалауда өндіріс объектісіне берілген есептік нөмір көрсетілген жағдайда ғана жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға (олардың айналымына) рұқсат етіледі.
6. Есептік нөмір осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын ел кодын, облыстың литерлік кодын, ауданның реттік нөмірін және қызмет түрінің кодын, сондай-ақ өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның аумақтық бөлімшесінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс.
Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е" символы қосымша енгізіледі.
7. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесі береді.
8. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық  қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
Экспорт жүзеге асырылған жағдайда өндіріс объектісі қосымша экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сай болуы қажет.
9. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге арналған қорытындыны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы береді.
10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған ветеринариялық-санитарлық қорытынды беруді республикалық маңызы бар қаланың және астананың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
11. Ведомство есептік нөмірлер берілген өндіріс объектілерінің тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.
2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі
12. Есептік нөмір беру үшін өтінуші - өндіріс объектісі ведомствоның тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аудандық бөлімше), ведомствоның республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесіне:
1) есептік нөмір беруге өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі*
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысымен (23.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтінуші - өндіріс объектісінің мөрімен және қолымен бекітілген ақпаратты ұсынады.
13. Аудандық бөлімше өтініш түскен күнінен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;
3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында  белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытындының негізінде аудандық бөлімше:
ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - облыстық бөлімше) есептік нөмір беруге сұрау мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыны жолдайды;
өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
14. Облыстық бөлімше есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны аудандық бөлімшеге жібереді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жібереді.
15. Аудандық бөлімше растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жібереді немесе қолына береді.
16. Ведомствосының Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;
3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген  тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.
17. Ведомствоның Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытынды негізінде:
өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы шешім қабылдайды не өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды;
осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша растауды ресімдейді және оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жолдайды немесе қолына береді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жолдайды.
18. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтінуші — өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
1) өтінуші - өндіріс объектісі осы Ереженің 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынбаған;
2) өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген (және бұған қоса, экспорттаушы болып табылатын өтінуші - өндіріс объектілері үшін экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеген).
19. Ведомство растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырылатын тізілімге енгізеді.
20. Өндіріс объектісі растауды жоғалтқан, бүлдірген жағдайда, оған растауды берген ведомствоның аумақтық бөлімшесіне растаудың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде растаудың телнұсқасын беруді жүргізеді.
21. Атауы және/немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі бір ай ішінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса өндіріс объектісінің есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш береді.
Егер жоғарыда көрсетілгендер өндіріс объектісінің жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі осы Ережеге сәйкес есептік нөмір беру рәсімінен қайтадан өтеді.
22. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұрын берілген бірдейлендіру кодын беру және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растау осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес анықталатын есептік нөмір беру жолымен қайта ресімделуге (бұдан әрі - қайта ресімдеу) тиіс.
Өндіріс объектісі қайта ресімдеу үшін бұрын берілген бірдейлендіру кодын және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растаумен қоса, ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне өтініш жібереді.
Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуді жүргізеді.
23. Есептік нөмір беру мерзімі бұзылған, сондай-ақ оны беруден негізсіз бас тартылған жағдайда, өтінуші - өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен есептік нөмірлерді беруге жауапты адамдардың іс-әрекетіне шағымдануға құқылы.
Ережеге 1-қосымша
Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың бекітілген кодтары
 
Реттік
N
коды Облыстардың/аудандардың атауы
1 2 3
1 C Ақмола облысы
2 01 Ақкөл
3 02 Аршалы
4 03 Астрахан
5 04 Атбасар
6 05 Бұланды
7 06 Көкшетау қ.
8 07 Степногорск қ.
9 08 Егіндікөл
10 09 Еңбекші
11 10 Ерейментау
12 11 Есіл
13 12 Жақсы
14 13 Жарқайың
15 14 Зеренді
16 15 Қорғалжын
17 16 Сандықтау
18 17 Целиноград
19 18 Шортанды
20 19 Щучье
21 B Алматы облысы
22 01 Ақсу
23 02 Алакөл
24 03 Балқаш
25 04 Еңбекшіқазақ
26 05 Ескелді
27 06 Жамбыл
28 07 Іле
29 08 Қарасай
30 09 Қаратал
31 10 Кербұлақ
32 11 Көксу
33 12 Панфилов
34 13 Райымбек
35 14 Сарқант
36 15 Талғар
37 16 Ұйғыр
38 17 Қапшағай қ.
39 18 Талдықорған қ.
40 19 Текелі қ.
41 D Ақтөбе облысы
42 01 Әйтеке би
43 02 Алға
44 03 Байғанин
45 04 Ақтөбе қ.
46 05 Ырғыз
47 06 Қарғалы
48 07 Мәртөк
49 08 Мұғалжар
50 09 Темір
51 10 Ойыл
52 11 Қобда
53 12 Хромтау
54 13 Шалқар
55 E Атырау облысы
56 01 Атырау қ.
57 02 Жылыой
58 03 Индер
59 04 Исатай
60 05 Қызылқоға
61 06 Құрманғазы
62 07 Мақат
63 08 Махамбет
64 F Шығыс Қазақстан облысы
65 01 Өскемен қ.
66 02 Аягөз қ.
67 03 Зыряновск қ.
68 04 Курчатов қ.
69 05 Семей қ.
70 06 Риддер қ.
71 07 Абай
72 08 Аягөз
73 09 Бесқарағай
74 10 Бородулиха
75 11 Глубокое
76 12 Жарма
77 13 Зайсан
78 14 Зырян
79 15 Катон-Қарағай
80 16 Көкпекті
81 17 Күршім
82 18 Тарбағатай
83 19 Ұлан
84 20 Үржар
85 21 Шемонаиха
86 H Жамбыл облысы
87 01 Байзақ
88 02 Жамбыл
89 03 Жуалы
90 04 Қордай
91 05 Мерке
92 06 Мойынқұм
93 07 Т.Рысқұлов
94 08 Сарысу
95 09 Талас
96 10 Шу
97 11 Тараз қ.
98 L Батыс Қазақстан облысы
99 01 Ақжайық
100 02 Бекейорда
101 03 Бөрлі
102 04 Жаңақала
103 05 Жәнібек
104 06 Зеленов
105 07 Қазталов
106 08 Қаратөбе
107 09 Сырым
108 10 Тасқала
109 11 Теректі
110 12 Шыңғырлау
111 13 Орал қ.
112 P Қостанай облысы
113 01 Алтынсарин
114 02 Аманкелді
115 03 Әулиекөл
116 04 Денисовка
117 05 Жангелді
118 06 Жітіқара
119 07 Қамысты
120 08 Қарабалық
121 09 Қарасу
122 10 Қостанай
123 11 Меңдіқара
124 12 Наурызым
125 13 Сарыкөл
126 14 Таранов
127 15 Ұзынкөл
128 16 Федоров
129 17 Қостанай қ.
130 18 Арқалық қ.
131 19 Лисаковск қ.
132 20 Рудный қ.
133 M Қарағанды облысы
134 01 Абай
135 02 Ақтоғай
136 03 Бұхар-Жырау
137 04 Жаңаарқа
138 05 Қарқаралы
139 06 Нұра
140 07 Осакаров
141 08 Ұлытау
142 09 Шет
143 10 Қарағанды қ.
144 11 Балқаш қ.
145 12 Жезқазған қ.
146 13 Қаражал қ.
147 14 Приозерск қ.
148 15 Саран қ.
149 16 Сәтпаев қ.
150 17 Теміртау қ.
151 18 Шахтинск қ.
152 N Қызылорда облысы
153 01 Арал
154 02 Қазалы
155 03 Қармақшы
156 04 Жалағаш
157 05 Сырдария
158 06 Шиелі
159 07 Жаңақорған
160 08 Қызылорда қ.
161 09 Байқоңыр қ.
162 R Маңғыстау облысы
163 01 Бейнеу
164 02 Қарақия
165 03 Маңғыстау
166 04 Түпқараған
167 05 Ақтау қ.
168 06 Жаңаөзен қ.
169 07 Мұнайлы
170 S Павлодар облысы
171 01 Павлодар қ.
172 02 Ақсу қ.
173 03 Екібастұз қ.
174 04 Ақтоғай
175 05 Баянауыл
176 06 Железинка
177 07 Ертіс
178 08 Қашыр
179 09 Лебяжье
180 10 Май
181 11 Павлодар
182 12 Успен
183 13 Шарбақты
184 T Солтүстік Қазақстан облысы
185 01 Айыртау
186 02 Ақжар
187 03 Аққайың
188 04 Есіл
189 05 Жамбыл
190 06 М. Жұмабаев
191 07 Қызылжар
192 08 Мамлют
193 09 Ғ. Мүсірепов
194 10 Тайынша
195 11 Тимирязев
196 12 Уәлиханов
197 13 Шал ақын
198 14 Петропавл қ.
199 X Оңтүстік Қазақстан облысы
200 01 Арыс
201 02 Бәйдібек
202 03 Қазығұрт
203 04 Мақтаарал
204 05 Ордабасы
205 06 Отырар
206 07 Сайрам
207 08 Сарыағаш
208 09 Созақ
209 10 Төлеби
210 11 Түлкібас
211 12 Шардара
212 13 Шымкент қ.
213 14 Арыс қ.
214 15 Түркістан қ.
215 16 Кентау қ.
216 А Алматы қ.
217 01 Алатау
218 02 Алмалы
219 03 Әуезов
220 04 Бостандық
221 05 Жетісу
222 06 Медеу
223 07 Түріксіб
224 Z Астана қ.
225 01 Алматы
226 02 Есіл
227 03 Сарыарқа
Өндіріс объектілерінің қызмет түрінің кодтары
 
Реттік
N
Қызмет түрі Коды
1 Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері K
2 Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
етті қайта өңдеуші кәсіпорындар;
сою пункттері;
сою алаңдары;
құсты қайта өңдеуші кәсіпорындар





U1

U2
U3
U4
3 Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
ет;
балық және балық өнімдері;
бал және ара шаруашылығы өнімдері;
жануарлардан алынатын шикізат






G1
G2

G3


G4
4 Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер Y
5 Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер V
6 Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын объектілер W
7 Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер O
Ескертпе:
Есептік нөмір белгілерден құралады және мынадай құрылымы бар:
бірінші белгі - елдің коды - КZ;
екінші белгі - облыстың литерлік коды;
үшінші белгі - ауданның реттік нөмірі;
төртінші белгі - өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;
бесінші белгі - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы белгі - Е (экспорттаушылар үшін).
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е  КZ - елдің коды;
С - облыстың литерлік коды;
01 — ауданның коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 — өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е — экспорттаушы.
Ережеге
 2 қосымша/
 Приложение 2
 к Правилам
  • 1
Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства
Осы растау/Настоящее подтверждение выдано_________________________
__________________________________________________________________  __________________________________________________________________  __________________________________________________________________ 
 (заңды тұлғаның толық атауы/полное наименование юридического лица)  бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по
__________________________________________________________________       
 (қызмет түрін көрсету /указать вид деятельности)
__________________________________________________________________  
__________________________________________________________________
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы "___"______ N қаулысымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес оған 2009 жылғы "___"________ N есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/в том, что в соответствии с Правилами присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от "___"___ 2009 г. N____, ему присвоен учетный номер ________ от "___" _____ 20 ____ г.
Басшы/Руководитель __________________    ________________________                       
(Т.А.Ә/Ф.И.О.)           (қолы/подпись)
М.О/М.П.
"___" _______ 20___ ж./г.