Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 15.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы
21 қаңтардағы № 16
қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады және арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқару құқығында болады.
Toggle Dropdown
3. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 33) тармақшасында көзделген пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оны іске асыру мақсатында қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 33) тармақшасында көзделген арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін беру, өткізу және кәдеге жарату «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қару-жарақ пен әскери техника айналымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Мүлікті бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Мүлікті беруді, өткізуді, кәдеге жарату мен есептен шығаруды ұйымдастыруды осы мүлік жедел басқаруындағы тиісті арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қағидаларды қолдану жөніндегі нұсқаулықты арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Toggle Dropdown
6. Осы Қағидаларға сәйкес есептен шығарылған мүлік есептен шығарылған мүлік болып табылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мүлікті беру тәртібі
Toggle Dropdown
7. Арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік мекемелері мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі негізінде мүлікті мемлекеттік орган шегінде беруге және қайта бөлуге құқылы.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында мүлікті беруді осы мүлік жедел басқаруындағы арнаулы мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9. Мүлікті беру тапсыратын мемлекеттік орган мекемесінің теңгерімінен қабылдайтын мемлекеттік орган мекемесінің немесе ұйымның теңгеріміне жүргізіледі.
Toggle Dropdown
10. Мүлікті қабылдау-беру баланста ұстаушының аумағында жүзеге асырылады, оған беретін және қабылдайтын тараптардың өкілдері қатысады.
Toggle Dropdown
11. Мүлікті беру «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) сәйкес мүлікті қабылдау-беру актісімен (бұдан әрі – қабылдау-беру актісі) ресімделеді.
Toggle Dropdown
12. Қабылдау-беру актісін әрбір жеке объектіге (зат, жиынтық) екі данада беретін тарап жасайды.
Toggle Dropdown
13. Бір дана беретін тарапта қалады, екінші дана қабылдаушы тарапқа арналады. Біртекті және құны бірдей машиналар, аппаратуралар, аспаптар, шаруашылық мүкәммал мен жабдық үшін бірнеше объектілерді (заттарды) қабылдауға ортақ қабылдау-беру актісін жасауға жол беріледі.
Toggle Dropdown
14. Мүлікті қабылдау үшін мемлекеттік мекеме (орган) басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның бұйрығымен комиссия құрылады.
Toggle Dropdown
15. Қабылдау-беру актісі ресімделгеннен кейін бухгалтерлік қызметке беріледі. Қабылдау-беру актісіне осы объектіге (затқа) қатысты техникалық құжаттама (бар болса) қоса беріледі. Ұсынылған құжаттардың негізінде бухгалтерлік қызмет объектіге түгендеу нөмірін береді және есепке алу тіркелімінде тиісті жазбалар жүргізеді.
Toggle Dropdown
16. Қабылдау-беру актіcін мемлекеттік мекемелердің (органдардың) басшылары немесе беретін және қабылдайтын тараптардың олар уәкілеттік берген тұлғалары бекітеді.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік орган шегінде қорларды беру бұйрыққа сәйкес қорларды тарапқа беру жүкқұжаты бойынша ресімделеді.
Toggle Dropdown
Қорларды тарапқа беру жүкқұжатын мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам бекітеді.
Toggle Dropdown
18. Жер учаскелерін қоспағанда, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік органдар арасында берген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үш данада мүлікті қабылдау-беру актісі қосымша ресімделеді.
Toggle Dropdown
Бір дана мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органда қалады, екінші және үшінші даналар беретін және қабылдайтын тарапқа арналады.
Toggle Dropdown
Мүлікті қабылдау-беру актісін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітеді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мүлікті өткізу тәртібі
Toggle Dropdown
19. Арнаулы мемлекеттік органдардың өздеріне бекітіп берілген мүлікті және өздеріне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
20. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкін өткізуді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Орталық мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін өткізу туралы шешім ведомстволардың, аумақтық және өзге де мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің жоғарғы мемлекеттік органдарының келісімімен олардың бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға 5 жұмыс күні ішінде өткізу объектісіне құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ ауыртпалық салынбағанын растайтын құжат ұсынылады.
Toggle Dropdown
22. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкін өткізуді жүзеге асырады, өткізу процесін ұйымдастыру үшін делдал тартады, өткізу объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, өткізу объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды, сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Арнаулы мемлекеттік органдар өткізу объектісінің сақталуын қамтамасыз етеді және меншік құқықтары сатып алушыға өткенге дейін өткізу объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығын растайды.
Toggle Dropdown
Арнаулы мемлекеттік органдар өткізу объектісін сатып алуды қалайтындардың өткізу объектісін қарап-тексеруге арнаулы мемлекеттік органдардың объектілеріндегі кіру және ішкі объектішілік режимдерді сақтай отырып еркін кіруін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
23. Мүлікті өткізуден түскен қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберіледі.
Toggle Dropdown
24. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкін өткізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мүлікті кәдеге жарату тәртібі
Toggle Dropdown
25. Пайдалануға келмейтін, есептен шығарылған мүлік кәдеге жаратуға жатады.
Toggle Dropdown
26. Мүлікті кәдеге жаратуды арнаулы мемлекеттік органдар өз күшімен мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімімен құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
27. Комиссияның құрамына мыналар кіреді:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға (комиссияның төрағасы);
Toggle Dropdown
2) мүлікті сақтау жауапкершілігі жүктелген тұлға;
Toggle Dropdown
3) тиісті маман (сарапшы).