• Мое избранное
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда N 6716 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.06.2015 жылғы № 727 Бұйрығына сәйкес
"Электрондық құжат және электрондық цифрлы қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы  8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Мыналар:
1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы қызметінің қағидасы;
2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы қызметінің қағидасы;
3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр                                    А. Жұмағалиев
Келісілді: 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық банкі Төрағасының м.а. 
       _________ Д.Т. Ғалиева 
2010 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Байланыс және ақпарат министрінің
 2010 жылғы 10 желтоқсандағы
 № 348 бұйрығына
 1 қосымша
Қазақстан Республикасының
 Негізгі куәландырушы орталығы
 қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін тіркеу, беру, сақтау және кері қайтару, сондай-ақ тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізу жөнінде қызметінің тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР НКО) – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және шынайылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталығы;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
3) тіркеу куәлігін тіркеу – тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігін енгізу;
4) тіркеу куәлігі – тіркеу куәлігі куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталығы беретін қағаз жеткіштегі немесе электрондық құжат;
5) тіркеу куәліктерінің тіркелімі – берілген және кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді қамтитын, ҚР НКО ақпараттық жүйесінің ажырамас бөлігі;
6) тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) – ҚР НКО-да жарамсыз (жойылған) тіркеу куәлігін мойындау рәсімі;
7) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – КТКТ) – олардың қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі.
2. Куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін
 берудің тәртібі
4. Куәландырушы орталығының тіркеу куәлігі (бұдан әрі – тіркеу куәлігі) тіркеу куәлігін беруге куәландырушы орталығы өтінішінің негізінде ҚР НКО-мен беріледі.
5. Тіркеу куәлігін беруге өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес форма бойынша рәсімделеді.
6. Өтінішке "Куәландырушы орталықтарының аккредиттелуін жүргізу қағидалары туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен бекітілген, куәландырушы орталығының аккредиттелуі туралы нотариалды тіркелген куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
7. Тіркеу куәлігін беруге өтініш түскеннен кейін, ҚР НКО оны он бес жұмыс күнінен аса емес мерзімде қарайды, осыдан кейін осы егер Қағидалардағы 10 тармақта көрсетілген бас тарту үшін себептері болмаса, тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәліктерін тіркеуді жүргізеді.
8. Куәландырушы орталыққа осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген форма бойынша қағаз жеткізгіште, сондай-ақ электрондық құжат түрінде тіркеу куәлігінің көшірмесі беріледі.
9. Электрондық құжат формасындағы тіркеу куәлігіне ҚР НКО электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
10. ҚР НКО келесі жағдайларда тіркеу куәліктерін беруден бас тартады:
1) осы Қағидадағы 5, 6 тармақтарында көрсетілген құжаттар өтініш берушімен ұсынылмаса;
2) дәйексіз ақпарат өтініш берушімен ұсынылса.
3. Куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін
 кері қайтарып алу (жою) тәртібі
11. ҚР НКО келесі жағдайларда куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес форма бойынша куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға (жоюға) куәландырушы органның өтінішінің негізінде;
2) өзінің жойылғандығы туралы куәландырушы орталығы хабарлаған кезде;
Куәландырушы орталық өзінің жойылғандығы туралы ҚР НКО-на хабарлайды.
3) куәландырушы орталығы аккредиттеу куәлігінің қолданыс мерзімінің аяқталған жағдайында;
4) сот шешімінің заңдық күшіне енген негізінде кері қайтарып алады.
12. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) екі жұмыс күнінен кеш емес уақытта ҚР НКО-мен жүзеге асырылады.
13. КО тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (жою) фактісі туралы ресми хабарламасы, осы фактінің ҚР НКО КТКТ жариялау болып табылады.
4. ҚР ҰКО-мен берілген тіркеу куәліктерін сақтау