• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 20.10.2011 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 595 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 қыркүйектегі № 1061 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс

Күші жойылды ҚР Президентінің 20.10.2011 № 166 Жарлығымен. (12.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
«Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 11-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. «Қазақстан Республикасының, прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің антын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 595 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 27, 249-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережеде:
«9-1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;
9-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы;».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.