• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 16.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 93
Елдiң халқын қажеттi мөлшерде және кепілдiктi сапасында ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы жай-күйiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.  
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн.  
3. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн. 
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жүктелсiн.  
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 23 қаңтардағы
 N 93 қаулысымен
 бекітілген
2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы
Астана 2002 ж.
Бағдарламаның паспорты
Атауы                2002-2010 жылдарға арналған салалық 
              "Ауыз су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Қысқаша              Осы Бағдарламада елiмiздiң халқын ауыз   мазмұны              сумен қамтамасыз етудiң қазiргi жай-күйiне                        талдау берiлiп, облыстар бойынша нақты 
              iс-шаралар кешенi, оларды iске асыру                        жоспарлары, нормативтiк құқықтық базаны                        жетiлдiру белгiленiп, мынадай басымдықтар                        айқындалған: 
                   1) сумен жабдықтаудың қазiргi жүйелерiн                                пайдалану жағдайында ұстап тұру үшiн                                оларды қалпына келтiру және жетiлдiру; 
                   2) сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру                                және балама көздерi мен нұсқаларын                                дамыту; 
                   3) тұтынылатын судың сапасын жақсарту; 
                   4) ауыз суды ұтымды пайдалану; 
                   5) су объектiлерiнiң экологиялық және                                санитарлық-гигиеналық жай-күйiн                                жақсарту; 
                   6) ауыз суды ұтымды пайдалану                                проблемаларын барабар түсiнуге ықпал                                ететiн ақпараттық ортаны құру; 
                   7) сумен қамтамасыз ету және суды қорғау                                қызметiн басқаруды, үйлестiрудi                                жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру
Бағдарламаны         2002-2010 жылдар 
iске асыру           1-кезең - 2002-2005 жылдар; 
мерзiмдерi           2-кезең - 2006-2010 жылдар     
КIРIСПЕ
 Салалық "Ауыз су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес әзiрлендi.  
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су көздерiнiң ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, сумен жабдықтау жүйелерiнiң қанағаттанғысыз техникалық жай-күйiне байланысты өзектi мiндеттердiң бiрi болып табылады.  
Халықты тұщы сумен қамтамасыз ету проблемасы әлемнiң барлық елдерiнде, атап айтқанда Орталық Азия аймағы елдерiнде өткiр күйiнде қалып отыр.  
Осыған байланысты БҰҰ Бас ассамблеясының шешiмiмен 2003 жыл Халықаралық тұщы су жылы деп жарияланды.  
Бағдарлама "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығын орындауға бағытталған.  
Бағдарлама iске асыру мерзiмi бойынша ұзақ мерзiмдiге жатады. 
1. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазiргi жай-күйiн талдау
1999 жылғы 1 қаңтардағы халық санағына сәйкес республикамызда 14,96 млн. адам, оның iшiнде 8,38 млн. адам қалалар мен кенттерде, 6,58 млн. адам ауылдық елдi мекендерде тұрады.  
Ауыл халқының 300 мыңға жуық адамы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуi тиiстi дәрежеде болмай тұрған, халқының саны 250 адамға дейiнгi кенттерде тұрады.  
84 қала мен 214 жұмысшы кентiнен сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесiмен 82 қала мен 186 кент қана қамтылған. Көше су құбырлары торабының суағарларының жалпы ұзындығы 30,7 мың километрдi құрайды.  
Қалалардың тұрғын үй қорын су құбырларымен жабдықтау әр облыста 35%-дан 85%-ды құрайды. Орта есеппен республика бойынша қала халқының 70-75% су құбырының суымен, 15-18% орталықтандырылмаған су көздерiнiң суымен қамтамасыз етiледi, ал халықтың қалған бөлiгi тасымалданатын суды (500 мыңнан астам адам) және ашық су қоймаларының суын пайдаланады.  
7845 елдi мекенде тұратын ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету күрделi проблемаға айналып отыр. Ауылдық кенттердi орталықтандырылған сумен жабдықтау жергiлiктi (бiр кентке арналған) және топтық (кенттер тобына арналған) су құбырларын салу жолымен шешiлiп отыр. Салынған 79 топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 90-жылдардың басында 17,1 мың километрге жеттi, олармен 1276 ауылдық кент қамтамасыз етiлдi.  
Жиырма жылдан астам уақыт бойы республиканың солтүстiк облыстарында өзiнiң параметрлерi бойынша бiрегей, жалпы ұзындығы 6 мың километрден астам Есiл, Преснов, Булаев және Беловодский топтық су құбырлары пайдаланылып келдi. Қостанай облысы топтық су құбырларының ұзындығы 3,4 мың километрдi құрады.  
Батыс Қазақстан облысының аумағында мынадай: жалпы ұзындығы 1,7 мың километр болатын Фурманов, Тайпақ және Камен топтық су құбырлары пайдаланылып келдi, олар 100-ден астам кенттерге қызмет ететiн. Ұзындығы тиiсiнше 1125,6 және 406,4 километр болатын Нұра және Сiлетi топтық су құбырлары Ақмола облысының 73 ауылдық елдi мекенiн сумен қамтамасыз етiп отырды.  
Ауылдағы барлық iрi су құбыры оларды ұстауға арналған мемлекеттiк дотациямен пайдаланылып келдi.  
Жергiлiктi су құбырлары мен кентiшiлiк желiлердiң жалпы ұзындығы 29,0 мың километрдi құрады, олар 2,6 мың ауылдық елдi мекендi сумен қамтамасыз ететiн едi. Республика бойынша тұтас алғанда, 3,5 млн. адам (ауыл халқының 60%-ға дейiнi) су құбырының суымен қамтамасыз етiлген болатын. Халықтың қалғаны құбырлы және шахталы құдықтардың, сондай-ақ ашық су қоймаларының суын және тасымалданатын суды пайдаланды.  
Су құбырларының көпшiлiгiнiң iске қосылғанына немесе күрделi жөндеу жүргiзiлгенiне 20-25 жылдан, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам уақыт өткен. Бiрқатар су құбырлары мен олардың жекелеген тармақтарының қызмет ету мерзiмi өткен, соған орай авариялардың саны көбейдi. Тек 2000 жылдың өзiнде ғана 7097, оның iшiнде Қарағанды облысында - 1218, Атырау облысында - 1022, Жамбыл облысында - 688 авария тiркелген. Авария жағдайының көп болуы судың қайталап ластануына, су беруде ұзақ iркiлiстерге, желiлердегi судың көп ағып кететiнi, жекелеген жағдайларда 30 және одан да артық пайызға жететiн, судың өндiрiстiк емес ысырабына ықпал етуде, бұл электр энергиясының артық жұмсалуына және сайып келгенде 1 текше метр судың өзiндiк құнының өсуiне әкеп тiрейдi.  
Нәтижесiнде ауылдық елдi мекендердiң көпшiлiгi топтық су құбырларының қызметiнен бас тартты. Көптеген елдi мекендер пайдаланушы ұйымдардың ұзақ уақытқа созылған төлемеуiнен сумен жабдықтаудан ағытылып тасталды.  
Қазiргi кезде, экономикалық қиындықтарға байланысты бұрын Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының 100-ден астам кентiн сумен қамтамасыз ететiн Беловод топтық су құбырының пайдаланылуы толық тоқтатылды.  
Тұтынушылардың төлем қабiлетсiздiгiнен және жекелеген тармақтардың iстен шығуынан Батыс Қазақстан облысының Фурманов, Қаратөбе және Тайпақ, Оңтүстiк Қазақстан облысының Дарбаза және Жетiсай және басқа да бiрқатар облыстардағы топтық су құбырлары жұмыс iстемейдi.  
Топтық су құбырлары жүйесiнiң қолайсыз болуы және олардың өте нашар техникалық жай-күйi, жекелеген аумақтарда жер асты суларының барланған кен орындары бола тұра, пайдалануға кететiн артық шығындар осы су шаруашылығы кешенiн басқарудың тиiмдiлiгi мардымсыз екенiн айғақтайды және оны қайта ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды орындауды талап етедi.