• Мое избранное
2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 8

2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтар N 93 Қаулысы

#$Тақырып және 1-тармақ өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен.
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Елдiң халқын қажеттi мөлшерде және кепілдiктi сапасында ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы жай-күйiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.  
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен. (22.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн. 
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсiн. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен. (22.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 23 қаңтардағы
 N 93 қаулысымен
 бекітілген
2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы
#$Мәтіндегі тақырып өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен.
Астана 2002 ж.
Бағдарламаның мазмұны
Мазмұнмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен.
1.  Бағдарламаның паспорты 
2. Кіріспе 
3. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі-жай күйіне талдау 
4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері 
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 
5.1. Қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ахуалында ұстап тұру үшін   оларды қалпына келтіру және жетілдіру 
5.2. Сумен нашар қамтылған аймақтарды кепілді сапалы ауыз сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін жаңа сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салуды жалғастыру 
5.3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу 
5.4. Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру 
5.5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту 
5.6. Тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану 
5.7. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту 
5.8. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету 
5.9. Сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау 
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері 
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 
8. 2002-2010 жылдарға арналған»"Ауыз су" салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Паспорты жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 16.10.2007 № 956 Қаулысымен. (22.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Атауы                   2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су"                           салалық бағдарламасы 
Әзірлеу үшін   негіздеме               "Қазақстан Республикасы азаматтарының                           денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі                           бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан                           Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18                           мамырдағы N 3956 Жарлығы; 
                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005                           жылғы 29 наурыздағы N 5 хаттамалық                           отырысының 2.2-тармағы; 
                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007                           жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен                           бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007                           жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы                           жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі                           бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық                           жоспарын және Қазақстан Республикасы 
                 Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған                           бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар                           жоспарының 59-тармағы 
Мемлекеттік орган       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы                           министрлігі 
Бағдарламаның мақсаты   Халықты қажетті мөлшерде және кепілдік                           беретін сапада ауыз сумен орнықты                           қамтамасыз ету 
Бағдарламаның           Халықтың кепілдік беретін сапада және   міндеттері              қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін                           ұлғайту; 
                 орталықтандырылған сумен жабдықтау                           көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын                           ұлғайту; 
                 санитарлық ережелердің талаптарын және сапа                           стандартының нормаларын толық сақтауды                           қамтамасыз ету жолымен су көздерінің және                           сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін                           арттыру; 
                 ауыз суға жарамды сапалы жергілікті жер                           асты суларын барынша пайдалану; 
                 жер үсті көздерінің суын ауыз су мақсатында                           орталықтандырылмаған пайдалануды болдырмау; 
                 халықтың су факторына байланысты                           сырқаттануын азайту; 
                 халықтың санитарлық-эпидемиологиялық                           салауаттылығын қамтамасыз ету; 
                 сумен жабдықтау көздеріне экологиялық кері                           әсер ету мүмкіндігін болдырмау; 
                 жекелеген өңірлер мен өзен бассейндері                           бойынша ауыз су сапасын мониторингтеудің                           жедел жүйесін құру; 
                 құрылыста, ауыз суды тазарту және дайындау                           жүйелерінде жаңа технологиялар мен                           материалдарды енгізу жолымен берілетін бір                           текше метр судың құнын төмендету. 
Іске асыру              2002-2010 жылдар, оның ішінде   мерзімі                 1-кезең - 2002-2005 жылдар;