Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 956 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 4, 22-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырып және 1 пункт өзгеріссіз қалдырылсын;
2) 2-тармақтағы, "Қаржы министрлігі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақтағы, "Табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарламасында:
мемлекеттік тілдегі мәтіндегі тақырып өзгеріссіз қалдырылсын;
мынандай мазмұндағы "Бағдарламаның мазмұны" деген бөліммен толықтырылсын:
"Бағдарламаның мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі-жай күйіне талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1. Қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ахуалында ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру
5.2. Сумен нашар қамтылған аймақтарды кепілді сапалы ауыз сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін жаңа сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салуды жалғастыру
5.3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу
5.4. Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру
5.5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту
5.6. Тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану
5.7. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту
5.8. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету
5.9. Сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары";
"Бағдарламаның паспорты" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағдарламаның паспорты
Атауы 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы N 5 хаттамалық отырысының 2.2-тармағы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 59-тармағы
Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Халықты қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету
Бағдарламаның Халықтың кепілдік беретін сапада және міндеттері қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін ұлғайту;
орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын ұлғайту;
санитарлық ережелердің талаптарын және сапа стандартының нормаларын толық сақтауды қамтамасыз ету жолымен су көздерінің және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру;
ауыз суға жарамды сапалы жергілікті жер асты суларын барынша пайдалану;
жер үсті көздерінің суын ауыз су мақсатында орталықтандырылмаған пайдалануды болдырмау;
халықтың су факторына байланысты сырқаттануын азайту;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
сумен жабдықтау көздеріне экологиялық кері әсер ету мүмкіндігін болдырмау;
жекелеген өңірлер мен өзен бассейндері бойынша ауыз су сапасын мониторингтеудің жедел жүйесін құру;
құрылыста, ауыз суды тазарту және дайындау жүйелерінде жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу жолымен берілетін бір текше метр судың құнын төмендету.
Іске асыру 2002-2010 жылдар, оның ішінде мерзімі 1-кезең - 2002-2005 жылдар;
2-кезең - 2006-2010 жылдар.
Қаржыландыру Іс-шараларды іске асыруға республикалық көздері және және жергілікті бюджеттердің, көлемі жеңілдетілген жағдайда сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражатын тарту көзделген, оның ішінде жалпы көлемде:
2006 жылға республикалық бюджет - 12 211,0 млн. теңге;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |