• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г

Отправить по почте

"Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 259 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 6 наурыздағы
 N 259 қаулысымен
 бекітілген
"Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді. 
2. Техникалық регламенттің талаптары мынадай газбен жабдықтау жүйелеріне: 
1) кент аралықтарды қоса алғанда, елді мекендердің сыртқы газ құбырларына; 
2) газбен жабдықтау жүйелерінің сыртқы (алаңішілік) газ құбырларына және газ жабдығына (техникалық құрылғылар); 
3) редуцирлеу және компримирлеу, тазарту, құрғату, жылыту блоктарын және сығу компрессорлық станцияларын қоса алғанда, жылу электр станцияларын газбен жабдықтау жүйелерінің сыртқы газ құбырлары мен газ жабдығына (техникалық құрылғылар), оның ішінде газ турбиналық және бу-газ қондырғыларына, газды дайындау пункттеріне 1,6 МПа-дан астам газ қысымы бар газ құбырларына; 
4) газ реттеуіш пункттерге, газды реттеуіш блокты және шкафты газды реттеуіш пункттерге; 
5) газ құбырлардағы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады. 
3. Осы Техникалық регламенттің әрекетімен қамтылатын өнімнің түрлері және Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша олардың кодтары (бұдан әрі - СЭҚ ТН) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген. 
4. Техникалық реттеу объектілері болып оларға қатысты белгіленетін осы Техникалық регламенттің қойылатын талаптары мыналар болып табылады: 
1) 1-санатты жоғары қысымды газ құбырлары (0,6-дан астам 1,2 дейінгі МПа-ны қоса алғанда); 
2) 2-санатты жоғары қысымды газ құбырлары (0,3-тен астам 0,6 дейінгі МПа); 
3) орташа қысымды газ құбырлары (0,005-тен астам 0,3 дейінгі МПа); 
4) төмен қысымды газ құбырлары - 0,005-ке дейінгі МПа-ны қоса алғанда. 
5. Техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру осы Техникалық регламентке 2-қосымшада берілген. 
6. Осы Техникалық регламент: 
1) автомобильді, газ толтырғыш, компрессорлық станцияларға; 
2) металлургиялық өндірістердің технологиялық (алаңішілік) газ құбырлары мен газ жабдықтарына; 
3) магистралды газ құбырлары мен 1,2 МПа-дан жоғары газ қысымы бар газ құбырларына-бұрғыштарына; 
4) шикізат ретінде табиғи газды пайдаланатын химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өндіретін, мұнайды қайта өңдейтін және газды қайта өңдейтін өндірістердің технологиялық (алаңішілік) газ құбырлары мен газ жабдығына; 
5) газ өндіретін өндірістердің технологиялық (алаңішілік) газ құбырларына және газ жабдығына; 
6) сұйылтылған көмірсутекті газдарды (пропан-бутан) сақтау, тасымалдау және пайдалану объектілеріне; 
7) газ пайдаланатын жылжымалы қондырғыларға, сондай-ақ автомобильді, темір жол көлігінің, ұшу аппараттарының, өзен және теңіз кемелерінің газ жабдығына; 
8) әскери мақсаттағы арнайы газ және газ пайдаланатын қондырғыларға; 
9) эксперименталды газ құбырлары мен газ жабдығының тәжірибелік үлгілеріне; 
10) газ-ауа қоспаларының жарылыс энергиясын пайдаланатын немесе қорғау газдарын алуға арналған қондырғыларға; 
11) тамақ дайындау немесе зертханалық мақсаттар үшін газды пайдаланатын өндірістік, әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттардың ішкі газ құбырлары мен газ жабдықтарына; 
12) орнатылған жабдықтың жиынтық жылу қуаты кемінде 100 кВт болған кездегі өндірістік мақсаттар және (немесе) қызметтер көрсету үшін жылу энергиясын шығарусыз әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттардың дербес жылыту мен ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне қолданылмайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
7. Осы Техникалық регламентте "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай терминдер қолданылады: 
1) алаңішілік газ құбыры - кәсіпорынның өндірістік аумағы ішінде тұрған өнеркәсіптік тұтынушыға газ беруді қамтамасыз ететін таратқыш газ құбырының учаскесі; 
2) таратқыш газ құбыры - газбен жабдықтау көзінен газ құбыры-енгізгіштерге дейін газды тұтынушыларға газ беруді қамтамасыз ететін газ тарату торабының газ құбыры; 
3) газбен жабдықтау жүйесі - газ құбырлары, газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуар қондырғылары, газ баллонды қондырғылар, газ құбырларымен жұмыс істейтін құрылыстар, электр-химиялық тот басудан қорғау құралдары, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, қазандықтардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары ғимараттарының, қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің газ жабдығы; 
4) енгізбе газ құбыры - ғимарат қабырғасы арқылы футлярға салынған газ құбырын қоса алғанда, ғимаратқа енгізбеде сырттан орнатылған ажырату құрылғысынан бастап (ол ғимарат сыртында орнатылған кезде) ішкі газ құбырына дейінгі газ құбыры учаскесі; 
5) газ тарату тораптары - газды қабылдау (беру) пунктінен бастап тұтынушыға дейін газды беруді қамтамасыз ететін қалалық, кент аралық, кенттік, ауылдық, көшелік, аула газ құбырлары; 
6) газ құбыры - енгізбе-тарату газ құбырына қосылған жерден бастап ғимаратқа енгізбедегі ажырату құрылғысына дейінгі немесе ғимаратқа енгізу кезінде жерастымен жүргізілген футляр алдындағы газ құбыры; 
7) газды пайдалану қондырғылары - отын ретінде газды пайдаланатын қазандықтар, өндірістік пештер мен басқа да құрылғылар; 
8) газ реттеуіш пункті - газ қысымын төмендетуге және газ тарату тораптарында оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған технологиялық құрылғы; 
9) газ реттеуіш блокты пункті - газ қысымын төмендету үшін және газ тарату тораптарында оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған тасымалдауға жарамды блокпен орындалған толық зауыттық дайындықтағы технологиялық құрылғы; 
10) газды тасымалдау - газ тасымалдау жүйесімен газды қабылдау, өткізу және беру; 
11) газбен жабдықтау жүйелерін консервациялау - консервациялаудан алу кезінде одан әрі пайдалану үшін оның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, газ құбырын пайдалануды уақытша тоқтату; 
12) газбен жабдықтау жүйелерін жою - газ құбыры жүйелерін пайдалануды тоқтату, оларды бөлшектеу және табиғи ортаны қалпына келтіру;