Bestprofi Logo

Қаулы № 1125 от 2010-10-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 Қаулысы

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. Бағдарламаның паспорты

1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.01.2012 жылғы № 136 Қаулысымен (29.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1382 Қаулысымен (26.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)

Атауы Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 негіздеме наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Бағдарламаның Толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін мақсаты іске асыру Міндеттері 1) Мақсатты ғарыш жүйелерін құру; 2) Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту; 3) Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту; 4) Ғарыш жүйелерін пайдаланудың мақсатты жобаларын іске асыру; 5) Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру; 6) Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтік-техникалық базасын құру Іске асыру 2010-2014 жылдар мерзімдері (кезеңдері) Нысаналы 1. 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2014 жылы жалпы индикаторлар қосылған құнның (бұдан әрі – ЖҚҚ) 30 %-ға өсуі. 2. Тіркелген спутниктік байланыс арналарына елдің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі 2014 жылы – 80 %. 3. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін көрсетуге елдің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі (Қазақстан аумағын жабу %) 2014 жылы – 55 %. 4. 2014 жылы тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) ғарыш аппараттарынан (бұдан әрі – ҒА) алынатын деректердің үлесі – 50 %. 5. 2014 жылы ғылымды қажетсінетін кемінде 9 ғарыш технологиясын енгізу. Қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға 2010 - 2014 жылдары көздері мен республикалық бюджет қаражаты бағытталады. көлемдері 2010 – 2014 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыруға байланысты республикалық бюджеттен қаржы шығындары 137,7 млрд. теңгенi құрайды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындар көлемі Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес анықталатын болады.

XXI ғасырдағы Қазақстанның жетістігі - бұл оның саяси және экономикалық ықпал ету, мәдени және адамгершілік жағынан тартымды болу орталығы ретінде қалыптасуы. Бұл жаңа даму шептеріне ұмтылыс, өмір мен қауіпсіздіктің жаңа сапасын бекіту. Ғаламдық динамикалық бәсекелестік жағдайында елімізге табыс идеологиясы, Қазақстанның табысты жобасы әрі оның құрылысының бағдарламасы ауадай қажет. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауы - осы қазақстандық табыс идеологиясының берік негізі, мықты іргетасы. Бұл құжаттың зор тарихи мағынасы, болашақ өзгерістер қуаты және мемлекеттік дамудың күшті энергетикасы бар.

Құжат Үкімет пен Қазақстан қоғамының алдында орасан зор міндеттер қояды, оларды іске асыру дүниежүзінің жоғары дамыған және бәсекеге аса қабілетті мемлекеттердің таңдаулы клубына алып шығады. Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қауымдастыққа табысты ықпалдасу жолы, сондықтан Қазақстанды индустрияландыруды халықаралық нарықтардың талаптары мен шарттарына жауап беретін негізде жаңа тәсілмен қамтамасыз ету қажет.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, жоғары технологиялық индустрияның негіздерін құрудың тиімді жолдарының бірі ғарыш қызметін дамыту, елдің ғарыш бағдарламасын іске асыру және ғарыш технологияларын өнеркәсіптік өндіріске енгізу болып табылады. Дуниежүзінің жетекші елдерінің экономикасында ғылымды қажетсінетін, ресурс үнемдейтін технологиялар мен өндірістер рөлі өсуінің тұрақты үрдісі байқалатыны сөзсіз.

Өте үлкен аумағы және аса бай қорлары бар Қазақстан үшін космонавтика - бұл геосаяси, экономикалық және ғылыми-практикалық мүдделер аясы. Онсыз елімізде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру, оның табиғи ресурстарын зерттеу және ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг жүргізу өте қиын. Бұл ретте көптеген жағдайларда ол ұсынатын мүмкіндіктерге балама жоқ. Ғарышты игеру адамдарға байланысты және көп арналы телевизиялық хабар таратуды, түрлі объектілердің орналасқан жерін жоғары дәлдікпен табуды және олардың қозғалысын басқаруды, метеорология және басқаны ұйымдастыруда негізінде жаңа міндеттерді шешудің шексіз мүмкіндіктерін ашты.

Осы салалық бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті Қазақстанның ғарыш саласын құру стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. Ол болашақта даму әлеуетімен ғарыш техникасын ғылыми зерттеулерден техникалық пайдалануға және коммерциялық қолдануға дейінгі технологиялық тізбекті толық қамтитын барлық элементтерді құруды көздейді.

Ғарыш саласы жобаларының ұзақ мерзімділігі мен ғылымды қажетсінуін ескере отырып, тиісті Бағдарламаны қабылдау сала құрылысына қатысушылардың, соның ішінде ғарыш қызметтерін алуға мүдделі мемлекеттік органдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық күшін біріктіруге мүмкіндік береді.

3.1. Сала (сектор) жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың (сектордың) елдің әлеуметтік-экономикалық және бұқаралық-саяси дамуына әсерін бағалау

3-1-кіші бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1382 Қаулысымен (26.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)

Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі ғарыш қызметі және оның ғылыми-өндірістік базасы ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін, дамудың әмбебап заңдылықтарына мен үрдістеріне бағынатын саласына айналды. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыш секторы серпінді және тұрақты даму үстінде.

Жалпы әлемдік ғарыш қызметінің құрылымында мынадай негізгі сегменттер мен стратегиялық бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

байланыс пен хабар таратудың спутниктік жүйелерінің қызметтері;

Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) жүйелерінің қызметтері;

ғарыш аппараттарының (бұдан әрі - ҒА) өндірісі;

ғарыш жүйелерінің жерүсті, соның ішінде навигациялық жабдығының өндірісі және пайдалану.

Космонавтиканы дамытудың жалпы үрдістері Қазақстан Республикасына дүниежүзілік ғарыш нарығында өз орнын белсенді іздеуді талап етеді, ол мыналарға байланысты:

біріншіден, нарықта көшбасшылық орынды алып отырған, қарсы маркетингтік саясат жүргізіп отырған және нарықты өз араларында бөліп алған ғарыш қызметінің негізгі қатысушылары (АҚШ, РФ, Еуропа ғарыш агенттігі, Жапония, ҚХР, Үндістан, Израиль) арасындағы өсіп келе жатқан бәсеке;

екіншіден, қазақстандық бағдарлама дүниежүзілік бірлестіктің әр түрлі экономикалық-индустриялық даму деңгейіндегі мемлекеттерінің ғарыш қызметіне белсенді қосылуының аясында дамып жатыр.

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың алғашқы нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру кезінде алынды.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

Ғарыш аппараттарын жерден басқару кешенін құру және «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру жобасы іске асырылды;

«Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҒЗК), ЖҚЗ және ғылыми мақсаттағы, дәлдігі жоғары спутниктік навигация ғарыш жүйелерін құру техникалық ұсыныстары мен ТЭН әзірленді;

«Орбита» радиополигонының техникалық құралдары және Алматы қаласында «Космостанция» эксперименттік базасы жаңғыртылды;

Халықаралық ғарыш станциясының (бұдан әрі - ХҒС) бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізудің кешенді бағдарламасы әзірленді;

ғарыш кеңістігінің радионавигациялық мониторингі, жоғары атмосферадағы оптикалық құбылыстарды зерттеу саласында және шетелдік ғалымдармен бірлескен басқа да зерттеулерде бірқатар ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (бұдан әрі - ҰҒМЖ) негізгі инфрақұрылымын, зымыран-ғарыш кешендерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздігінің мониторингі жүйесін дамыту бөлігінде жұмыстар жүргізілді және белгілі нәтижелер шығарылды.

Осылайша, Қазақстанда ғарыш саласын қалыптастыру үшін маңызды объективті алғышарттар бар. Сондай-ақ бұл алғышарттарға жоғары технологиялар саласында серпілісті қамтамасыз ету қажеттілігі, экономиканың, ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері және ең бастысы меншігінде дүние жүзіндегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының болуы жатқызылуы тиіс.

Қазақстанның жерүсті ғарыш инфрақұрылымына ғарыш айлағымен қатар Аққөл қаласындағы байланыс ҒА жерүсті басқару кешені, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (бұдан - FT АКТБ), ғарыш инфрақұрылымын қабылдау және өңдеу екі орталығы, ғарыш сәулелерінің станциясы, ғылыми зертханалар, астрономиялық обсерватория жатады.

Дүниежүзінің жұмыс істейтін шамамен 30 ғарыш айлағының жалпы және коммерциялық іске қосуларының саны бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағы бірінші болып келеді. Дүниежүзінде ең ірі болып саналатын бұл ғарыш айлағы еліміздің бірегей бәсекелік артықшылығы болып табылады.

Бүгiнде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон», «Союз», «Днепр», «Зенит» ғарыш зымыран кешендерi (бұдан әрi – FЗK) жұмыс iстейдi, соңғысының негізінде «Бәйтерек» ҒЗК құру жоспарлануда.

«Протон» ауыр сыныпты ЗТ 1966 жылдан бастап коммерциялық іске қосулар үшін қолданылады және дүниежүзілік коммерциялық ұшырулар нарығында жетекші орынға нық ие болды. «Протон» ЗТ әр коммерциялық іске қосуы кемінде 85 млн. АҚШ долларына табыс әкеледі. 2010 жылға 12 іске қосу жоспарланғанын ескерсек, ILS халықаралық компаниясының «Протон» ЗТ коммерциялық іске қосуларына арналған келісімшарттарының сомасы 1 млрд. АҚШ долларынан асатынын көрсетеді.

Жүзбелі ғарыш айлағынан коммерциялық іске қосулар үшін 1998 жылдан бастап «Зенит» орта сыныпты ЗТ «Морские старты» ойдағыдай қолданылуда. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Зенит» ЗТ коммерциялық іске қосуларды «Международные космические услуги» ресейлік-украиналық компаниясы да жүзеге асырады, іске қосу құны 70 млн. АҚШ долларынан астам бағаланады.

«Днепр» жеңіл сыныпты ЗТ коммерциялық іске қосулар үшін 1999 жылдан бастап табысты қолданылуда және ғарыш аппараттарын ұшыруға бейімделген, дайын РС-20 континентаралық баллистикалық зымыран болып табылады. «Днепр» ЗТ коммерциялық іске қосуы 20 млн. АҚШ долларынан астам бағаланады.

Жоғарыда айталғанға байланысты, жыл сайын «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алғаны үшін 115 млн. АҚШ долларын төлеуді және жыл сайын оның объектілерін ұстауға 100 млн. АҚШ долларын салуды Ресейдің пайдалы деп есептеуі әбден қисынды. Қазақстанның, көзқарасы бойынша, жыл сайынғы жалгерлік ақыны алу, өзінің бірегей бәсекелік басымдығын іске асыру болып табылады. Жалға беру кезеңінің ішінде ел бюджетіне 1,8 млрд. АҚШ долларынан астам түсті.

Сонымен қатар, Қазақстан күш-жігерін жұмсамайынша, оның бірегей бәсекелік басымдығын сақтап қалу мүмкін емес. Мамандардың бағалауы бойынша ғарыш айлағының технологиялық жабдығының табиғи және моральдық тозуының қалған мерзімі шамамен 10 жылды құрайды және мұның Ресей аумағында «Восточный» ғарыш айлағы құрылысының белгіленген мерзіміне сәйкес келуі кездейсоқ емес шығар.

Қалыптасқан жағдайларда Қазақстан өз ғарыштық бағдарламаларының негізінде ғарыш айлағын дамыту арқылы өзінің бірегей бәсекелік басымдығын бұдан әрі де сақтап қала алады. Өзінің ғарыштық бағдарламалары коммерциялық іске қосуларға қатысуға, ғарыш аппараттарының өз өндірісін құруға негізделуі тиіс.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание