"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулықты" бекіту туралы
Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 4 маусымдағы N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3747
Редакция 25.05.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысын орындау үшін және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелерін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Көші-қон полициясы департаменті (М.Қ.Пістаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көші-қон полициясы департаментінің бастығы М.Қ.Пістаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған сәттен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 4 маусымдағы
N 338 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға құжаттар беру
Қазақстан Республикасының халқын, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына (бұдан әрі - Ереже), "Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 ақпандағы N 87 қаулысына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және ол Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелерін реттейді.
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке басын куәландыратын мынадай құжаттар береді:
2) азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
Шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұруға рұқсат алу үшiн келген жерiндегi қалалық, аудандық iшкi iстер органдарына, ал Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында - IIББ, IIБ-ге:
2) ол азаматы болған мемлекеттiң жазбаша келiсімiн, оның орнына кету парақшасы не болмаса шетелге тұрғылықты тұру үшiн кетуге рұқсатты растайтын басқада құжат жүредi;
4) шетел мемлекетінің паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
5) шетелдiктің медициналық куәландырылғаны туралы ресми анықтаманы;
6) Қазақстан Республикасына келген кезеңде төлем қабілеттілігін растайтын белгiленген үлгiдегi құжатты;
7) мемлекеттiк баж салығын төлегенi туралы түбіртектi;
8) көлемi 35 х 45 миллиметр (бұдан әрі - мм) 2 фотосурет ұсынады.
Қалалық, аудандық ішкі істер органдары шетелдiктің келген жерi бойынша тексеру нәтижелерiмен бірге тұрақты тұруға қалдыру туралы материалдары бар істі, облыстардағы және Астана, Алматы қалалары ІІББ-ІІБ-нің көшi-қон полициясы басқармаларына (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ-нің КҚПБ) жiбередi, олар ұлттық қауiпсiздік органдарымен келiскеннен кейін дәлелдi қорытынды шығарады.
Елдердiң азаматтарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы ұсынымдары аудандардағы, қалалардағы немесе облыстардағы көші-қон полициясы бөлiмшелерiнде қаралуы мүмкiн.
Оң шешілген жағдайда оларға екi данада карточка толтырылады, біреуі қалалық, аудандық органда сақталады, ал екіншісі ІІББ-ІІБ-нің КҚПБ-ға жiберiледi.
Материалдарды қарау мерзімі бір айдан аспауы керек.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы материалдар жеке номенклатуралық іске жинақталады және ресімделген жері бойынша сақталады.
2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 16 жасқа толған шетелдіктерге оның азаматтық алған елі паспортының қолданылу мерзіміне беріледі. Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты Қазақстан Республикасының аумағында оның иесінің жеке басын куәландырады және онда мынадай мәліметтер:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
5) құжатты берген органның атауы;
6) берілген күні, қолданылу мерзімі;
3. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға 10 жыл мерзімге беріледі және республика аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растайды.
Шетелге ата-анасыз, қамқоршысыз және қорғаушысыз кеткен жағдайда азаматтығы жоқ адамның куәлігі 16 жасқа толмаған адамдарға берілуі мүмкін.
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі мынадай мәліметтерден тұрады:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
4) ұлты (иесінің өтініші бойынша көрсетіледі);
6) құжатты берген органның атауы;