Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы: Мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.
Пайымдауы: Тиімді құқықтық қорғаумен, сондай-ақ құқықтық мемлекеттің стандарттары мен қағидаттарына сәйкес мемлекеттік және заңгерлік қызметтермен қамтамасыз етілген дамыған азаматтық қоғам.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Әділет министрлігі) іске асырылуы елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді тиісінше құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзара байланысты емес қызметтердің ауқымды спектрін орындайды.
Өткен жылдар Әділет министрлігі үшін алға қойылған барлық міндеттерді орындап, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген кезең болды.
Осы 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда Әділет министрлігінің алдында алты негізгі бағыт айқындалды.
1. Заңнаманы жетілдіру, сапалы норма шығару қызметі.
Реттелетін сала немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Қоғамдық қатынастарға нәтижелі және мақсатты құқықтық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралы норма шығару қызметі болып табылады. Норма шығару қызметі – оның ұйымдастырылуында мұқият салыстырылған және теңдестірілген тәсілді талап ететін күрделі және көпжақты процесс. Осыған байланысты норма шығару қызметінің сапасын арттыру, соның ішінде заң шығаруды жетілдіру стратегиялық бағытпен айқындалды.
Заң шығару қызметі құқық шығармашылық қызметтің аса маңызды бөлігі, норма шығару процесінің жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Заң шығару саласындағы негізгі міндет әзірленетін заң жобаларының сапасы болып табылады, бұл олардың заңдық пысықталуына ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, қаржылық маңызды мәселені шешудің пысықталуына, статистикалық деректерді зерделеуге, құқықтық қолдану практикасын талдауға, халықаралық оң тәжірибенің қолданылуына және т.б. байланысты болмақ.
Әділет министрлігі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының үйлестірушісі ретінде, заң жобаларының сапасына ерекше назар аударады.
2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Әділет министрлігі
115 заң жобасына құқықтық сараптама жүргізді, оның ішінде 25-і келісілді (2008 жылы 150 заң жобасына құқықтық сараптама жүргізілді, оның ішінде 74-і келісілді; 2009 жылы 133 заң жобасына құқықтық сараптама жүргізілді, оның ішінде 34-і келісілді). Бұл деректер мемлекеттік органдар әзірлейтін заң жобалары сапасының төменділігі мәселесінің өзектілігін растап отыр. Сапасының төменділігіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарында белгіленген мерзімдердің бұзылуына әкелген 8 жоспарлы заң жобасы анықталды.
Жыл сайын мемлекеттік құрылымдардың заң қызметінің заң жобалау жұмыстарына талдау жүргізіледі, қателіктер анықталып, ескертпелер енгізіледі. Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдар қабылдаған және/немесе әзірлеген заңнамалық актілерге құқықтық мониторинг өткізу бойынша міндетті осы мемлекеттік органдарға заңнамалық бекіту туралы мәселе пысықталды.
Осылайша, қолданыстағы заңнамаға «нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі» түсінігі алғаш рет енгізіліп отыр. Қазіргі таңда мониторинг тек қана заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатысты жүзеге асырылуда.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында мемлекеттік органдардың осы мемлекеттік орган қабылдаған және/немесе әзірлеген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге тұрақты құқықтық мониторингті жүзеге асыру міндеті белгіленген.
Мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерге құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Жылдың басынан бастап мониторингті жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамаға қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын немесе ескірген 278 актісін анықтады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті актілеріне өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік органдар қаулы жобаларын әзірлеуде.
Мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге қатысты мониторингті жүзеге асыру міндеттерін белгілеумен көптеген жылдар бойы қалыптасқан заңдардағы құқық нормаларына сәйкессіздік жағдайлары жақсара бастайды.
Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы «Норма шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көзделген.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп, Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарды байқаудан өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, оның шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің реттегіш әсеріне, атап айтқанда кәсіпкерлік есептерді талдау әдістемесі көзделген. Атқарылатын жұмыстың мақсаты нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына және қоғамның, кәсіпкерліктің және биліктің мүддесін теңдестіріп есепке алуға мүмкіндік беретін оларды жариялы түрде талқылау рәсімдері негізінде заң шығарудың тиімді тетіктерін енгізу болып табылады.
Мүдделік қолдау қызметінің қағидаттарын, нысандарын, жүзеге асыру тәртібін, осындай қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу мақсатында Әділет министрлігі Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда берген тапсырмасына сәйкес «Мүдделік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі. Әзірлеуге тұжырымдамалық ұстанымдар 2009 жылдың 28 қыркүйегінде Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысында мақұлданды.
Сондай-ақ, «Мүдделік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ілеспе болып табылатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүдделік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
2009 жылғы 30 желтоқсанда аталған заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіліп, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының аясында қарастырылуда.
2010 жылдан бастап, жыл сайын түрлі заңнамалық актілердің құқықтық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша заң жобалары әзірленетін болады.
Қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қолдану саласындағы мұндай заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді. 2011 жылы азаматтық, еңбек, неке-отбасы, қаржы, салық, кеден, әлеуметтік-мәдени құқық, тұрғын үй қатынастары саласында; 2012 жылы – мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқару және азаматтық-іс жүргізу саласында заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.
Негізгі проблемаларды талдау.
Заң жобалау қызметіндегі негізгі проблема ретінде салалық мемлекеттік органдардың әзірлейтін заң жобаларының сапасы болып қалуда.
Жетіспеушілігі ретінде әзірлеуші мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің болжау-талдау аспектісі болып қалуда.
Жүргізілген талдау, заң жобаларының тұжырымдамаларын және заңдардың жобаларын әзірлеу барысында тиісті саладағы қоғамдық қатынастарға терең талдау жүргізу қажеттілігі туралы мәселеге әзірлеушілердің назар аудармайтындығын анықтады.
Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу барысында қалыптасқан практика көрсеткендей, негізге алынған ережелерді жеткіліксіз түрде пысықтау соңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының сапалы және уақытында орындалуына әсер етуіне байланысты оны дайындау мәселесіне аса жауапкершілікпен және қалыппен келу қажет.
Осылайша, әзірлеуші мемлекеттік орган ұсынылатын мәселе бойынша жан-жақты болжамды-талдау жұмысын жүргізуі, оның нәтижесі бойынша белгілі бір қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеу қажеттілігі туралы шешім қабылдау қажет.
Заңнамалық актілердің құқықтық мониторингін енгізумен оны әр мемлекеттік органның өткізу міндеті ретінде осы мәселе өзінің шешімін табады деп пайымдаймыз. Осыған байланысты, мониторинг процесінде мемлекеттік органдар салалық заңнамадағы олқылықтар мен коллизияларды анықтап, оларды жою бойынша шаралар қолданатын болады.
Сонымен қатар, негізі проблемалардың бірі нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу тәртібін сақтаумен байланысты (заң сараптамасы). Осы ретте, заң техникасына қатысты лерге барлық лер санының үштен екісі келеді. Бұл проблема, заң шығару бастамашылығының түрлі субъектілері (мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Парламенті) заң жобаларын ресімдеу бойынша заң техникасының түрлі қағидалары мен амалдарын қолдануына байланысты орын алуда.
Осыған байланысты, «Кейбір заңнамалық актілерге норма шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде заңнамалық тұрғыда нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу ережелері алғаш рет бекітілуде. Бұл тиісті ережелерді заң шығару бастамашылығының түрлі субъектілерінің біркелкі қолдану мәселелерін толық шешуге мүмкіндік береді.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
Қазіргі таңда, ережелері әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастарды барабар реттеуге, заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттарына бағытталған 2009 жылғы 24 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының 2010 – 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша белсенді шаралар қолдануда.
Нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда.
2010 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын заңдық сараптау нәтижесінде 1279 акт пысықтауға қайтарылды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің мониторингі бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне үйлестіру жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында мемлекеттік органдардың мониторингті жүзеге асыруы барысында заңнамаға қайшы келетiн, тиімсіз іске асырылатын немесе ескірген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 278 қаулысы анықталды.
Осы мөлшерден заңнамаға қайшы келетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 66 актісі анықталды (28 нормативтік құқықтық акт – сәйкес келтірілді, 38 нормативтік құқықтық акт – сәйкес келтірілетін болады), тиімсіз iске асырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 39 актісі анықталды (17 нормативтік құқықтық акт – сәйкес келтірілді, 22 нормативтік құқықтық акт – сәйкес келтірілетін болады), Қазақстан Республикасы Үкіметінің ескiрген 173 актісі анықталды (46 нормативтік құқықтық актілер – сәйкес келтірілді, 127 – нормативтік құқықтық актілер сәйкес келтірілетін болады).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |