• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 30.08.2014 г

Отправить по почте

Мемлекеттік күзетiлуі тиiс объектiлердiң қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі N 901 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 30 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 28.05.2014 жылғы № 563 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1151 Қаулысымен; (23.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесi бекiтілсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1151 Қаулысымен (23.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп үш ай мерзiмде Стратегиялық объектiлердiң тiзбесiн әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiм бойынша 2005 жылғы қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебiнен iшкі iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерiн қаржыландыруға көшiрудi ескере отырып, осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген объектiлердi мемлекеттiк күзетудi 2005-2006 жылдары кезең-кезеңiмен енгiзу жоспары бекiтілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгiмен бiрлесiп төрт ай мерзiмде Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектілерiн және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтау мен инженерлiк-техникалық нығайту жөнiндегi техникалық талаптарды белгiлейтiн мемлекеттiк нормативтердi әзiрлесiн және қолданысқа енгiзсiн.
5. Бекiтiлген техникалық талаптарға сәйкес мемлекеттiк күзетілуi тиiс объектiлердi инженерлiк-техникалық нығайтудың әрi қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтаудың мынадай мерзiмдерi белгiленсiн: 
1) меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн, өз қаражаты есебiнен 2005 жылдың аяғына дейiн; 
2) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшiн, кезең-кезеңiмен, 2006 жылдың аяғына дейiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 4 қыркүйектегі
N 901 қаулысымен
бекітілген
Қызмет бабында пайдалану үшін
Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереженің күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1151 Қаулысымен (23.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 4 қыркүйектегі
N 901 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнің тiзбесi
Қызмет бабында пайдалану үшін