Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді ресімдеу процедурасын реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы N 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 12 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1463
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 4 наурыздан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 04.01.2018 ж. № 11-1-4/1 Бұйрығына сәйкес
Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді ресімдеу процедурасын реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді ресімдеу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Келісілді: Қазақстан Республикасы
2001 жылғы 1 ақпан Сыртқы істер министрінің
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 қазандағы
Ішкі істер министрі N 222 бұйрығымен бекітілді
Келісілді:
2001 жылғы 21 ақпан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді ресімдеу жөніндегі Нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әр-түрлі істермен уақытша шығып, шет мемлекетте тұрақты тұруға қалуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелде тұрақты тұруға рұқсат ету тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде тұрақты тұру, әр-түрлі істермен уақытша кеткендердің және шет елдерде тұрақты тұруды ресімдеуге тілек білдіргендердің мәселелері жөніндегі шешімдерді сапарды ресімдеген Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері қабылдайды.
3. Тұрақты тұруға шет елдерде қалып қоюға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне келесі құжаттарды ұсынады:
1) Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер басшылығының атына арыз;
2) Белгіленген нысандағы сауалнама (1 қосымша )
3) Болу елдерінің имиграциялық органдарының тұрақты тұруға визасы немесе тұру рұқсаты;
4) 4 х 5 көлеміндегі екі фото сурет;
5) Ұлттық төлқұжаттың ксерокөшірмесі.
Өтініш білдіруші тұлғаның 14 жасқа толған, кәмелетке толмаған балалары бар болған кезде, арызға олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса берілуі қажет.
4. Шет елдерде тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішті ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен, Қазақстан Республикасының консулдық алымдары тарифіне сәйкес консулдық алымдар өндіріліп алынады.
5. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер тұрақты тұруға рұқсат беру мүмкіндігі туралы өзінің қорытындысын (2 қосымша ) береді және материалдарды тұрақты тұратын жерінің ішкі істер органдарына одан әрі жіберу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне (бұдан әрі - Консулдық қызмет департаменті) жібереді.
Сонымен бірге арызданушыға сұрақ қою жолымен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басы куәлігінің және әскери билетінің орналасқан жерін анықтайды.
Алынған мәліметтер қорытындыда көрініс табады. Көрсетілген жағдайда аталған құжаттар жіберілетін материалдарға қоса тіркеледі.
6. Шет елдерде тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініштерді қарау мерзімі дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге құжаттарды берген күнінен бастап есептелінеді және оларды Қазақстан Республикасының ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында қарау мерзімі жиынтығында үш айдан аспауы тиіс.
7. Ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға рұқсат беруді қабыл алмау келген жағдайда, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер бұл туралы арызданушыны хабардар етеді және оны шет елде болу мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасына қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды.
8. Шет елдерде тұрақты тұру туралы мәселелер оң шешілген кезде дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер өтініш білдірушінің төлқұжатына тиісті жазба енгізіледі, ол консулдық лауазымды тұлғаның қолымен және мөрімен расталады (3 қосымша ).
9. Шет елдерде тұрақты тұруға рұқсат алған тұлғалар тиісті дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде есепке тұруы тиіс.
10. Шет елдерде тұрақты тұруға рұқсат алған тұлғалардың есебі белгіленген нысандағы жеке журналда жүргізіледі (1 қосымша ), ондағы жүргізу тәртібін Консулдық қызмет департаменті айқындайды.
1 қосымша
______________________тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш
білдірушілер үшін
САУАЛНАМА _____________________________________________________________________
1. Фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты _____________________________________________________________________
2. Туған жері, күні, айы, жылы _____________________________________________________________________
3. Соңғы тіркелім орны _____________________________________________________________________
4. Кетер алдында тікелей тұрған мекен-жайы _____________________________________________________________________
5. соңғы жұмыс (оқу) орны _____________________________________________________________________
6. Көші-қон полициясы басқармасының атауы және ұлттық төлқұжатты берген күні және нөмірі _____________________________________________________________________
7. Қашан, кімге және қандай мерзімге келді _____________________________________________________________________
8. Сізбен бірге келген 16 жасқа дейінгі балалар (Фамилиясы, аты-жөні,
әкесінің аты) _____________________________________________________________________
9. Сіздің мекен-жайыңыз, телефон нөміріңіз____________________тілінде
____________________________________________________________________
10. Сіздің жеке бас куәлігіңіздің, әскери билетіңіздің және Сіздің еңбек жолы туралы қуаттайтын құжаттардың орналасқан жері. Егер бұл құжаттар Сіздің қолыңызда болса, оларды сауалнамаға қоса тіркеу керек, Егер Қазақстанда болса, онда кімде екені және оның нақты мекен-жайын көрсетіңіз. Егер құжаттар Облыстық ІІБ көші-қон полициясы басқармасына өткізілмесе, онда арыз қаралмайды. Егер зейнеткер болсаңыз, онда қай уақыттан бері.
_____________________________________________________________________
11. Қазақстанда немесе ТМД елдерінде тұратын Сіздің жақын
туыстарыңыздың (әке-шешесі, жұбайы, туған аға-қарындастары, балалары)
аты-жөндері, мекен-жайлары
_____________________________________________________________________
12. ……………….....тұрақты тұруға қалуға Сіздің шешіміңіздің себептері 13. Қосымша
_____________________________________________________________________
2 қосымша
N___ 200__ жылғы "___" _____________
_____________________тұрақты тұруға рұқсат беру туралы азамат
(ша)_____________________________өтініші бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ
_____________________________Қазақстан Республикасының Елшілігіне
(Консулдығына)_________________ тұрақты тұруға рұқсат беру туралы
өтінішпен, _________________________________ туып өскен, 19__жылы
туылған_________________________өтініш білдірді.
____________________19___ жылы жеке сапармен шықты. Кетуге
дейін___________________________________ мекен-жайы бойынша тұрдым.
Соңғы тіркелім орны: _____________________________________________
Соңғы жұмыс (оқу) орны ___________________________________________
Қазақстан Республикасында тұратын жақын туыстары
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазіргі уақытта ________________________мекен-жайы бойынша тұрады.
Тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішті________________уәждейді.
Қазақстан Республикасының органдары берген құжаттар
__________________________________________________________________
Баяндалғандарға байланысты, Қазақстан Республикасының
________________Елшілігі (Консулдығы) _______________тұрақты тұруға
рұқсат беру туралы азамат (ша) ____________________________өтінішін
қанағаттандыруды мүмкін деп есептейді.
Қосымша___________бетте, құжаттар ________________________
________________________ (құжатты жасаған тұлғаның фамилиясы,
аты-жөні, әкесінің аты және лауазымы)
3 қосымша
ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
_________________________ (елдің аты)_____________________________
2000 жылғы "_____" _________________
_______________________(Консулдық лауазымды тұлғаның лауазымы,
фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты)
4 қосымша
ІССАПАРҒА НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ІСТЕРІ БОЙЫНША
_________________________ КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ЖУРНАЛ НЫСАНЫ
N р/с | Өтініш білдір. ген күні | Фамилиясы аты-жөні, әкесінің аты | Туған күні және туған жері | Төлқұжаттың N қашан және кім берген | Төлқұжаттың жарамды мерзімді және ұзар. ту туралы белгілер | Төлқұжат. қа Енгі. зілген тұлғалар | Болу елдері жарам. ды ви. залары. ның немесе рұқсат мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Таблицаның жалғасы
Сапардың мақсаты | Жұмыс, оқу, сынақ мерзімін өткізу және т.б. орны. Телефон нөмірі | Тұратын жерінің мекен-жайы және телефон нөмірі | ҚР-дағы тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы | |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |