Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1250 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2295 Қаулысымен (09.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 216-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қызамық";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген жоспарлы алдын ала егілуге тиіс адамдардың топтарында:
1) тармақшада "В" вирусты гепатиті" деген сөздерден кейін ", қызамық" деген сөзбен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын ала егулер жүргізу ережесіне қосымша:
мынадай мазмұндағы 19-бағанмен толықтырылсын:
"Қызамық";
"12-15 ай" деген жолдағы 19-баған "+" деген белгімен толықтырылсын;
"12 жас" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын;
"____________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
_____________________________________________________________
15 жас (қыздар) +
_____________________________________________________________".
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |