• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1134 Қаулысы

Редакция 02.08.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң орнауы құрметiне қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы тағайындалсын. 
Осы аталған стипендия Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң неғұрлым дарынды - 8 магистрантына, жоғары оқу орындарының 1080 студентiне берiлетiн болсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.07.2004 № 1399, 21.04.2005 № 1558, 02.08.2010 № 1032 Жарлықтарымен. (05.03.1993 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы магистранттар мен жоғары оқу орындары студенттерiнiң стипендияларының ең аз мөлшерiнен 100 процент жоғары белгiленсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 02.08.2010 № 1032 Жарлығымен. (21.04.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындау жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және педагогикалық кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
  • 30
4. Стипендияларды министрлiктер мен ведомстволардың арасында бөлудi - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, ал жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бөлудi солар қарайтын министрлiктер мен ведомстволар жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындау 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап енгiзiлсiн.
  • 1
6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бәсiре стипендияларды тағайындау тәртiбi туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн және олардың тiзбесi мен саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.       
Қазақстан Республикасының 
Президентi