Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 тамыздағы № 1032 Жарлығы Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 27, 343-құжат; 2005 ж., № 16, 190-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 және 2-тармақтардағы «аспирантына», «аспиранттар» деген сөздер тиісінше «магистрантына», «магистранттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының