• Мое избранное
Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.01.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 05 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3547

Бұйрықтың күшін жойды ҚР Әділет министрінің 31.01.2012 № 36 Бұйрығымен (12.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
Редакция 12.06.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  32-бабы 15) тармағының негізінде   БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы Ереже бекітілсін. 
2. Осы бұйрықтың аумақтық Әділет органдарының бастықтары қолданылуын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-министрі С.Н.Баймағанбетовке жүктелсін. 
4. Осы бұйрығына 2-ші қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
"Келісілді"
Республикалық нотариаттық 
палатаның төрағасы
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2005 жылғы 31 наурыздағы
 N 101 бұйрығына
 1-қосымша
Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына  
  орналасуға конкурс өткізу туралы  
  ЕРЕЖЕ 
1. Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы осы ережесі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  32-бабының  15) тармақшасына сәйкес дайындалды.
2. Нотариаттық округ бойынша кадрлық резервті (бұдан әрі - Резерв) Заңның  33-бабы  2-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес, нотариаттық палатамен бірлесе отырып аумақтық әділет органы құрады.
3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, деректері осы Ереженің 5-тармағына және 1-қосымшасына сәйкес құрылған жүйелендірілген тізім - резерв кітабына енгізілген адамдар резервке енгізіледі.
4. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген адамдарды Резервке енгізу олардың нотариаттық палатаға тапсырған өтініштері негізінде жүзеге асырылады. 
Өтінішке: 
1) жеке куәліктің көшірмесі; 
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
3) фотосуреті бар жеке іс парағы (оның нақтылы тұратын жерінің мекен-жайы және байланыс телефоны көрсетілуі тиіс). 
Резервке енгізу туралы өтініш осы ереженің 20-тармағының  4)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды нотариаттық палатаға ұсынған жағдайда конкурсқа қатысу үшін негіз болып табылады.
5. Өтініш берген адам туралы деректер резерв кітабына өтініш беру кезегіне сәйкес реттік нөмірі беріле отырып, Ереженің 1-қосымшасына сәйкес енгізіледі. 
Резерв кітабы нөмірленуі, тігінделуі, төраға қолымен және нотариаттық палатаның мөрімен бекітілуі тиіс.
6. Резервтегі адамды Резервтен шығарып тастау мынадай жағдайларда: 
1) ол нотариустың бос лауазымына орналасса; 
2) резервтен шығару туралы өтінішті өз еркімен берсе; 
3) Заңның  12-бабының  1-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның күші жойылса; 
4) Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің  41-бабына  және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің  52-бабына  сәйкес заң күшіне енген сот шешімі негізінде нотариаттық қызметпен айналысу құқығынан айрылса; 
5) Олардың нотариаттық қызмет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бергендіктері үшін лицензиясы қайтарылып алынса не мемлекеттік нотариус қызметінен босатылса жүзеге асырылады.
7. Нотариустардың бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу (бұдан әрі - Конкурс) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар және жекеше нотариаттық практикамен айналысуға ниет білдірген адамдар қатарынан жүзеге асырылады.
8. Конкурсты аумақтық әділеттік органы мен нотариаттық палата 7 адамнан кем емес мөлшерде құрылған комиссия өткізеді. 
: 8-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 01.02.2006 № 36, 12.06.2008 № 164 Бұйрығымен (31.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
8-1.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 12.06.2008 № 164 Бұйрығымен (01.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
9. Комиссия құрамы әділет органы бастығының бұйрығымен бекітіледі. 
: 9-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен.
10. Нотариустың бос лауазымы: 
1) Заңның  32-бабының  7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Қазақстан Республикасының нотариустары санын бекітуіне байланысты нотариаттық округте бар; 
2) нотариусты нотариаттық палата мүшелігінен және оны есептік тіркеуден алып тастауға байланысты құралған; 
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің нотариустың қосымша бірліктерін бекітуіне байланысты құралған бос орындар болып табылады.
11. Осы Ереженің 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бос орындар бойынша конкурсты қажеттілігіне қарай нотариаттық округте Әділет министрі белгілеген нотариустар бірлігі толыққанға дейін комиссия жүргізеді. 
Осы Ереженің 10-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген бос орындар бойынша конкурсты аумақтық әділет органының олар құрылған күннен бастап бес күн ішінде енгізген ұсынысы бойынша комиссия жүргізеді.
12. Комиссияның қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету аумақтық әділет органына жүктеледі.
13. Комиссия өзінің бірінші отырысында өз мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссия төрағасы мен хатшысын сайлайды.
14. Комиссия отырысында міндетті түрде хатшы жүргізетін және отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері қол қоятын хаттама жүргізіледі.
15. Комиссия отырысы оның кем дегенде 2/3 мүшесі қатысса заңды болып табылады.
16. Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, қажеттілігіне қарай және бос орын құрылғаны туралы мәлімет алған күннен бастап он күн ішінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды ұйымдастырады.
17. Аумақтық әділет органы Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан (бұдан әрі - кандидаттар) құжаттар қабылдауды ұйымдастырады, кандидаттарға Комиссия шешімін береді.
18. Конкурсқа: 
1) Заңның  12-бабының  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз не іс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған; 
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  41-бабына  және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  52-бабына  сәйкес заңды күшіне енген сот шешімімен белгілі бір мерзім ішінде нотариаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылған; 
3) Заңның  6-бабының  1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынбаған; 
4) Заңның 6-бабының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес өзіне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылған; 
5) Заңның 6-бабының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан не нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандықтан нотариаттық қызметті тоқтатқан адам осындай оқиға болғаннан кейін үш жыл бойы жіберілмейді.
19. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді: 
аумақтық әділет органының орналасқан жері, пошталық мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген толық атауын; 
нотариаттық округтік атауы және жекеше нотариустың бос орны пайда болған қаланы, ауданды көрсетуді; 
жекеше нотариусқа қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес айқындалған үміткерге негізгі талапты; 
құжаттарды қабылдау тәртібі және мерзімдерін; 
конкурсты өткізу орнын; 
Комиссияның қарауына ұсынылған құжаттардың тізбесін қамтиды. 
Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
20. Үміткерлердің, соның ішінде резервтегілердің нотариаттық палатаға аумақтық әділет органына хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде үміткерлердің өтініштерін Комиссияға үлгі нысан бойынша, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттарды қабылдайды: 
1) үміткердің фотосуреті бар жеке іс парақ (оның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен телефонын және байланыс телефонын көрсете отыра); 
2) жеке куәліктің көшірмесі; 
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның көшірмесі; 
4) еңбек кітапшасының, жеке еңбек шартының не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы немесе қызметтік тізімнің ұйым (жұмыс беруші) басшысы куәландырған (қол қойған) жұмысы, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі туралы материалды куәландырылған көшірмесі; 
5) Комиссияға тапсырғанға дейін екі ай бұрын үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтама; 
6) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, Комиссияға тапсырғанға дейін екі ай бұрын тұрғылықты жері бойынша үміткерге берілген соттылығы жоқтығы туралы анықтаманы қоса береді. 
Үміткер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен үміткердің беделіне (біліктілігін арттыруы, ғылыми дәреже мен атақ берілгені туралы құжаттардан көшірмелер, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және сол тәрізді) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
21. Комиссияға түскен құжаттар аумақтық әділет органының арнайы жеке журналында тіркеледі. 
Үміткердің өтініші тіркелгеннен кейін аумақтық әділет органы үш күн ішінде тапсырылған құжаттар топтамасының толықтығына тексеріс жүргізеді. 
Құжаттар дұрыс ресімделмеген не құжаттар топтамасы толық тапсырылмаған жағдайда аумақтық әділет органы үміткерге құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарды аумақтық әділет органдарына жазбаша түрде алып келуді ұсынады.
22. Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыруда белгіленген мерзім біткен күні аяқталады.
23. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлерін Конкурс өткенге дейін он күннен кешіктірілмей, аумақтық әділет органдары Конкурсқа жіберілгені туралы, сондай-ақ әңгімелесудің орны, өткізу уақыты туралы жазбаша хабардар етеді.
24. Конкурсқа қатысуға жіберілмеген кандидаттар тиісті шешім қабылдағаннан кейін аумақтық әділет органдарына хабарланады. 
Бұл ретте комиссия кандидатқа дәлелді шешімді заңнама нормасына сілтемемен бірге, сондай-ақ Конкурсқа қатысуға оған рұқсат бермеу туралы шешім қабылдау үшін негіз болған басқа да дәлелдемелер мен себептерді көрсете отырып, ол енгізілген күннен бастап бес күннен кешіктірілмей беруге міндетті.
25. Конкурс конкурсанттың нотариат туралы заңнамамен ұсынылған олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі мәніне кәсіби дәрежесі, сондай-ақ оның жеке дәрежесі, құқықтық мәдениетінің деңгейі, оның заңтану саласындағы жұмыс тәжірибесі бағаланатын әңгімелесу нысанында жүргізіледі. 
Әрбір кандидатпен өткізілген әңгімелесу нәтижесі хаттамамен ресімделеді.
26. Комиссия кандидаттардың әңгімелесу нәтижесін олар жоқ жерде және конкурс кандидаттарының өткендігі не өтпегендігі туралы шешімді құпия дауыс беру арқылы қабылдайды.
27. Комиссия қабылдаған шешім конкурсқа қатысушылардың барлығының қатысуымен жарияланады және оларға беріледі. 
Комиссия конкурсының нәтижелері 3 күннің ішінде аумақтық әділет органына, нотариаттық палатаға және конкурс жеңімпазына жіберіледі.
28. Конкурс комиссиясының оң қорытындысына ие болған конкурс қатысушысының құжаттары және конкурс материалдары, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген адамдардың өтініштері аумақтық әділет органдарына қайтарылады. 
Конкурстық іріктеуге сай келмеген адамдардың құжаттар топтамасы оларды ұсынған адамдарға қайтарылады.
29. Дәлелді себептермен мерзімді созған кандидатты қоспағанда, конкурстан өткен кандидат 30 күннің ішінде нотариаттық палатаның мүшелігіне өтуге міндетті.
30. Комиссияның кандидаттың Конкурстан өтуі туралы шешімі тиісті нотариаттық округтің нотариаттық палатасына нотариустың бос орнына оның мүше болып қабылдануы және Заңның  1-тармағының  7) тармақшасына және  33-бабының  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес оның аумақтық әділет органында есептік тіркелуі үшін негіз болып табылады.
31. Егер Конкурстың нәтижесінде Комиссия бос лауазымға ұсынуға кандидаттар іріктелмеген болса, аумақтық әділет органдары нотариаттық палатамен бірлесе отырып, бір ай ішінде қайталама конкурсты хабарлауға тиіс.
32. Аумақтық әділет органының Конкурстан өтпеген кандидаттың кейінгі конкурстарға қайта қатысуына кедергі жасауға құқығы жоқ.
33. Комиссияның шешімі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
                 Кадрлық резерв және нотариустың 
                     бос лауазымына орналасуға   
                   конкурс өткізу туралы ережеге  
                             1-қосымша         
              Резерв кітабы 
 
N Өтініш
берген күн
Өтініш
берген
адамның
тегі, аты,
әкесінің аты
Лицензияның
нөмірі және
берілген күні
лер
1 2 3 4 5
                        Кадрлық резерв және нотариустың 
                            бос лауазымына орналасуға 
                          конкурс өткізу туралы ережеге  
                                     2-қосымша          
                                   _____________ облысының 
                          конкурстық комиссия төрағасы
                                 _____________________________ 
                                  _____________________________ 
                                  _____________________________ 
                                  мекен-жайы __________________ 
                                  _____________________________
                    Үлгі өтініш 
      Мені _____________________________________________________ 
     (бос орын құрылған нотариаттық округтің 
       ________________________________________ нотариустың бос 
әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі) 
лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. 
Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға 
конкурс өткізу туралы ереженің негізгі талаптарымен таныстым, 
келісімімді беремін және оларды орындауға міндеттенемін. 
Осымен өзім тапсырған мәліметтердің түпнұсқалығына өзімнің 
толық жауапкершілігімді растаймын.
      _____________________         __________________________ 
      (Қолы)                  (Тегі, аты, әкесінің аты)
      200_ жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2005 жылғы 31 наурыздағы
 N 101 бұйрығына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  
  күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі 
1. "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2614 тіркелген). 
2. "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 100  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2812 тіркелген). 
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3149 тіркелген, 2004 жылғы 15 қазандағы N 125-126 "Юридическая газетада" жарияланған).