Toggle Dropdown
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 211 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4439 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және агент банкке қойылатын талаптар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қолданысқа 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Банктерді қадағалау Департаменті (Раева Р.Е.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі мен "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру жөнінде қоры" акционерлік қоғамына мәлімет үшін жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
N 211 қаулысымен бекітілді
Toggle Dropdown
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және агент банкке қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің депозиторларына оның еріксіз тарату жағдайында (бұдан әрі – қатысушы банк), кепілді өтем жөнінде рәсімді орындау үшін екінші деңгейдегі банкті (банктерді) (бұдан әрі – агент банк) таңдау, сондай-ақ агент банкке қойылатын талаптар жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу жеке тұлға депозиторлардың Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылатын (бұдан әрі – кепілдік берілген депозиттер) депозиттері бойынша міндетті өтем алуға құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Toggle Dropdown
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктер арасынан конкурс негізінде агент банкті таңдайды. Кепілдік берілген өтемді төлеу үшін қажеттілікке байланысты бірнеше агент банктер таңдалуы мүмкін.
Toggle Dropdown
3. Конкурстың қорытындысы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкпен келісім жасайды, соған сәйкес агент банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атынан және оның есебінен қатысушы банктердің біреуі мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлейді.
Toggle Dropdown
4. Міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен агент банкке қызметтері үшін сыйақы төленбейді.
Toggle Dropdown
5. Міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкке қойылатын талаптарға банктердің бірі де сәйкес келмеген жағдайда Ұлттық почта операторы арқылы кепілдік берілген өтемді төлейді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Агент банкке қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
6. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға тілек білдірген банкке (бұдан әрі – үміткер банк) мынадай талаптар қойылады:
Toggle Dropdown
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуы;
Toggle Dropdown
2) кассалық операцияларды жүргізуге лицензияның болуы;
Toggle Dropdown
3) конкурсқа қатысуға берілген конкурстық өтінім беру күні (бұдан әрі – конкурстық өтінім) алдындағы соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және ең төмен резервтік талаптарды орындауы;
Toggle Dropdown
4) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген күнге 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін қолданыстағы әкімшілік жазалардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларының (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялардың болмауы;
Toggle Dropdown
5) депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеуге қажетті орындарда үміткер банктің филиалдары (олардың үй-жайлары) болуы;
Toggle Dropdown
6) Қағидалардың 15 және 16-тармақтарының талаптарына жауап беретін үміткер банктің конкурстық өтінім ұсынуы.
Toggle Dropdown
3-тарау. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу
Toggle Dropdown
7. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан күннен бастап он бес күнтізбелік күн аралығында өткізіледі.
Toggle Dropdown
8. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу үшін конкурстық комиссия құрады.
Toggle Dropdown
9. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның Төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Конкурстық комиссияның жалпы санын бес адам құрайды.
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссияның мәжілісі конкурстық комиссияның төрағасын немесе оның орынбасарын қосқанда төрт мүшесінен кем емес талап бойынша қатысуы арқылы өткізіледі. Конкурстық комиссияның шешімдері конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелер санының жай көп дауысымен қабылданады. Дауыстар тең келгенде конкурстық комиссия төрағасының дауысы (ол болмаған жағдайда - төрағаның орынбасарының) шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
10. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру, оның қызмет қорытындысын ресімдеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлері арасынан тағайындалған, конкурстық комиссиясының мүшелігіне кірмейтін және конкурстық комиссия шешім қабылдағанда дауыс беру құқығы жоқ конкурстық комиссияның хатшысы арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Конкурстық комиссия әр конкурсқа агент банкті таңдау үшін құрылады.
Toggle Dropdown
12. Конкурстық комиссия:
Toggle Dropdown
1) конкурсқа дайындық шараларын жүргізеді, оның ішінде:
Toggle Dropdown
банктерді агент банкті таңдау жөніндегі конкурстың өту уақыты және орны, мерзімі мен конкурстық өтінімді қабылдау орны туралы хабардар етеді;
Toggle Dropdown
үміткер банктерден конкурстық өтінім қабылдайды;
Toggle Dropdown
2) конкурстық өтінімдерді ашады және қарайды;
Toggle Dropdown
3) конкурс жеңімпазын айқындайды, конкурс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қояды және оны депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына бекіту үшін ұсынады.
Toggle Dropdown
13. Конкурстық комиссия конкурс өткізуге дайындық жұмыстарын, конкурс өткізетін мерзімді, уақытты және орынды анықтаудан бастайды.
Toggle Dropdown
14. Конкурстық комиссия қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде қатысушы банктерді агент банкті таңдау жөніндегі конкурстың өту уақыты және орны жөнінде, сондай-ақ конкурстық өтінімдерді Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша қабылдау мерзімі мен орны туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Хабарламаға мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (олар болған жағдайда) филиалдары орналасқан жері (оның үй-жайлары) туралы мәліметтер, сондай-ақ конкурс өткізу тәртібі мен талаптары жөнінде басқа да мәліметтер қоса береді.
Toggle Dropdown
15. Үміткер банк агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттары бар конкурстық өтінімді ұсынады:
Toggle Dropdown
1) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
Toggle Dropdown
2) соңғы аяқталған қаржы жылы бойынша үміткер банктің қаржылық есеп беруінің аудиторлық есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесін;
Toggle Dropdown
3) алынып тасталды
Toggle Dropdown
4) кассалық операцияларды жүргізуге берілген лицензияның нотариатта куәландырылған көшірмесін;
Toggle Dropdown
5) конкурстық өтінімді берген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде үміткер банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
6) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген күнге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін қолданыстағы әкімшілік жазалардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларының (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялардың болмауы туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
7) үміткер банктің филиалдарының болуы және орналасқан жері (олардың үй-жайлары) туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
8) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемін төлеу жөнінде үміткер банктің шарттары туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
9) үміткер банк өкілінің конкурстық комиссияның конкурстық өтінімді ашу кезінде қатысуға өкілеттілігін дәлелдейтін сенімхат.
Toggle Dropdown
16. Конкурстық өтінім нөмірленген парақтарымен тігілген түрінде ұсынылады.
Toggle Dropdown
Үміткер банк конкурстық өтінімді жапсырылған конвертте ұсынады.
Toggle Dropdown
17. Үміткер банктермен ұсынылған конкурстық өтінімдер депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сейфінде ашылатын күнге дейін сақталады.
Toggle Dropdown
18. Конкурстық өтінімдерді қабылдау оларды ашуға бір сағат қалғанда тоқтатылады. Үміткер банк өзінің конкурстық өтінімін қайтарып алуы мүмкін, ол туралы конкурстық комиссияға конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінен кешіктірмей хабарлайды.
Toggle Dropdown
19. Конкурстық комиссия хабарламада көрсетілген орында және уақытта үміткер банктердің өкілдері қатысуымен конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген депозиттері бойынша үміткер банктермен ұсынылатын кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде шарттарын хабарлайды.
Toggle Dropdown
Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімі аяқталғаннан кейін конверттер ашылғаны туралы конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшы қол қоятын хаттама толтырылады.
Toggle Dropdown
20. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер ашылғаннан кейін, бірақ қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жөнінде соттың шешімі шыққан күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, үміткер банктер арасынан Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келетін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде үздік шарттарын ұсыну қағидаты бойынша конкурс жеңімпазын анықтайды.
Toggle Dropdown
21. Конкурс жеңімпазы конкурстық комиссияның шешімі бойынша анықталады. Аталған шешім конкурс қорытындысы туралы хаттамамен ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органы бекітеді.
Toggle Dropdown
22. Конкурс нәтижесі туралы хаттама депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органымен бекітілгеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпаз банкіне оның агент банк болып таңдалғаны жөнінде хабарлама жіберіледі.
Toggle Dropdown
23. Қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жөнінде соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкпен мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері бойынша агент банк арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу туралы келісім жасайды.
Toggle Dropdown
24. Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген келісім агент банктің депозиторларға кепілдік берілген депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ақшаны уақтылы және мақсатты қолдануы туралы міндетін қамтуы қажет.
Toggle Dropdown
25. Агент банк (агент банктер), кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі мен орны (орындары) туралы хабарлау жөніндегі жарияланым депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
26. Конкурс мынадай жағдайда өтпеді деп саналады:
Toggle Dropdown
1) конкурстық өтінім берген барлық үміткер банктер Қағидалардың6-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
Toggle Dropdown
2) конкурстық өтінім жоқ болса.
Toggle Dropdown
4-тарау. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
27. Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Toggle Dropdown
Агент банкті таңдау жөніндегі
конкурсты өткізу қағидалары және
агент банкке қойылатын
талаптарға
1-қосымша
Toggle Dropdown
20__жылғы «____»__________ Басқарма Төрағасына
Toggle Dropdown
___________________________
Toggle Dropdown
(банктің атауы)
Toggle Dropdown
___________________________
Toggle Dropdown
Хабарлама
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(депозиттерге міндетті кепілдік берудіжүзеге асыратын ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
жеке тұлға депозиторларға___________________________________________________
Toggle Dropdown
(мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің атауы)
Toggle Dropdown
орналасқан кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу үшін агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты жариялайды.
Toggle Dropdown
Конкурстық өтінімдер 20__ жылғы «___» _______ ________
Toggle Dropdown
сағатқа дейін мынадай мекен-жай бойынша_____________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
қабылданады.
Toggle Dropdown
Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу 20___ жылғы «__»
Toggle Dropdown
_______ _______ сағатта мынадай мекен-жай бойынша:___________өтеді.
Toggle Dropdown
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және агент банкке қойылатын талаптарға жауап беретін банктер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
конкурс жеңімпазымен мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері бойынша агент банк арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу туралы келісім жасайды.
Toggle Dropdown
Конкурстық комиссияның
Toggle Dropdown
Төрағасы ______________________________________ ______________________
Toggle Dropdown
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)) (қолы)
Toggle Dropdown
Агент банкті таңдау жөніндегі
конкурсты өткізу қағидалары және агент
банкке қойылатын талаптарға
2-қосымша
Toggle Dropdown
|
20 __ жылғы «___» __________
|
Конкурстық комиссияның төрағасына
_________________________________
|
Toggle Dropdown
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________ (банктің толық атауы) депозитор-жеке тұлғаларға ___________________________________________________________________ (мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің атауы) орналастырылған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемдерді төлеуге агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді ұсынады. Конкурстық комиссия агент банкті таңдау жөніндегі конкурстың жеңімпазы ретінде ____________________________________________________________________ (банктің толық атауы) тандаған жағдайда ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ (депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің агент банк арқылы кепілдік берілген депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде келісім жасауға міндеттеме алады. Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады: 1.______________________________________________________________ 2.______________________________________________________________ 3.______________________________________________________________ 4.______________________________________________________________ 5.______________________________________________________________ 6.______________________________________________________________ 7.______________________________________________________________
Toggle Dropdown
Банктің деректемелері: ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамаға сәйкес заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтама берілген күн) ____________________________________________________________________ (заңды мекенжайы) ____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотының нөмірі) ____________________________________________________________________ (банктік сәйкестендіру коды) Бірінші басшы ______________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)