• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 21.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 Қаулысы
«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына және «2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуіріндегі № 473 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиумның объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 1932000000 (Бір миллиард тоғыз жүз отыз екі миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.