• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның айырым белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2736 Жарлығы

Редакция 31.10.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Республика Президентiнiң байрағы мен омырау белгiсi мемлекеттiң ең жоғары лауазымды адамының ресми айырым белгiлерi болып табылады деп белгiленсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Президентi байрағының сипаттамасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
3. Былай деп белгiленсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Президентi байрағының эталоны орналасатын жер Қазақстан Республикасының астанасындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясындағы қызмет кабинетi болып табылады; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы Республика астанасындағы Мемлекет басшысы тұратын Резиденцияда, оларда Республика Президентi болған уақытта басқа резиденциялар үстiнде, Республика Президентiнiң көлiк құралдарында орнатылады. 
4. Республика Президентiнiң омырау белгiсi мемлекеттiк мекемелер құрметiне, әскери парадтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми адамдарын қабылдау, Республика Президентi атынан өткiзiлетiн ресми қабылдаулар, Парламент сессиясын ашу, мемлекеттiк наградаларды тапсыру кезiнде, сондай-ақ Республика Президентi салтанатты кеште немесе концертте құрметтi қонақ болған не қатысқан, ресми телевизиялық сұхбат берген кезде, шетелдiк сапарлар уақытында қабылдаушы тараптың хаттамасына сәйкес тағылуы мүмкiн деп белгiленсiн. 
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Президентi
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 2736 Жарлығына
 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президенті байрағының СИПАТТАМАСЫ
Қосымша жаңа редакцияда ҚР Президентінің 31.10.2012 № 414 Жарлығымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республиткасының алтын түсті Мемлекеттік Туы бейнеленген.
Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған.
Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабы "қошқар мүйіз" түріндегі сретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген.
Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.