«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 96 Бұйрығын қараңыз
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2013 жылғы № 706 Қаулысымен (14.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1363 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2014 жылғы № 602 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін міндетті түрде пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкілетті адамдарының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар немесе олардың уәкілетті адамдары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін тартатын мердігерлерінің ТЖҚ сатып алу тәртібін айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алуға байланысты тапсырыс берушілердің сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
2. Осы Қағидалар:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ТЖҚ-ны сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы;
2) сатып алу – келісімшарттық міндеттемелерді және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, келісімшартта жанама ретінде көзделген қызметті орындау үшін қажетті жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны меншікті қаражат есебінен сатып алу;
3) әлеуетті жеткізушінің аффилиирленген адамы – шешімдерді айқындау және (немесе) осы әлеуетті жеткізуші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне әсер етуге құқылы кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты осы әлеуетті жеткізуші осындай құқыққа ие кез келген жеке немесе заңды тұлға;
4) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖҚ-ны сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізіліммен қалыптастырылған код;
5) шарттың елеулі талаптары – бұл шарттың нысанасы, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орындары, төлеу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі туралы талаптар;
6) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты өткізу шарттарын қамтитын конкурстық өтінімді және конкурстық баға ұсынысын дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама;
7) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 4) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізудің рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;
8) біртекті ТЖҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдастардан тұратын ТЖҚ;
9) әлеуетті жеткізуші – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алу процесіне қатысушы жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
10) мердігер – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті адамы тартатын жеке немесе заңды тұлға;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алуды және олардың өндірушілерін бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
12) тізілім әкімшісі – индустриялық саясат саласындағы уәкілетті орган;
13) жанама қызмет – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты емес және лицензиялық келісімшарттық талаптарды орындауға бағытталған, шығыстарын құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерін орындау ретінде есепке алатын қызмет;
14) жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы – осы Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;
15) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы – «электрондық үкіметтің», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
16) шартты баға – конкурс шеңберінде сатып алынатын тауарлардың қазақстандық өндірушісі немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылатын, конкурсқа қатысушының конкурстық өтінім бағасының жиырма пайызға шартты түрде азайтылуы ескеріле отырып есептелген және тек конкурс жеңімпазын айқындау мақсатында ғана конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде пайдаланылатын баға;
17) электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
18) қаржылық жыл – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындалған уақыт кезеңі;
19) кешенді жұмыс – қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға ғана таралатын және жобалық және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыс, жобалау және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты (қажет болған жағдайда) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету;
20) толық аяқталған құрылыс – салу, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу.
4. Сатып алу рәсімдерін жүргізу және сатып алу бойынша барлық құжаттама, оның ішінде әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері, қоса берілетін құжаттармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аудармасы қоса беріле отырып, жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші бекіткен және (немесе) әлеуетті жеткізуші ұсынған құжаттардағы аудармалар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мемлекеттік тілде ұсынылған құжаттар артықшылыққа ие болады.
5. Бағалау рәсімдерін жеңілдету және сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта, бағаларды бағалау және салыстыру күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы – теңге болып табылады.
6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны сатып алуды тапсырыс беруші тізілімді пайдалана отырып, мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы.
Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Тапсырыс беруші өзінің шешімімен тапсырыс берушінің атынан ақпаратты қалыптастыру және тізілімге орналастыру бойынша осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жасайтын уәкілетті адамды айқындайды.
8. Әлеуетті жеткізушіге ашық конкурс тәсілімен және электронды сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу кезінде мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқықтық қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болу;
2) төлемге қабілетті болу;
3) тарату немесе банкроттық рәсімдерге жатпау.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |