Toggle Dropdown
Осы редакция 21.04.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы
Toggle Dropdown
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы қылмыстық заң нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қылмыстық заңды дұрыс қолдану азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды, сондай-ақ сотталушыларға жасаған әрекетіне сәйкес әділ жаза тағайындауды қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір адам бірнеше қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қажетті мән-жайларды анықтаған және жасалған әрекетті жалғаспалы (созылмалы) қылмыстың, қылмыстардың бірнеше рет жасалуының, қылмыстардың нақты және анық жиынтығының анықтаулары бар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 11 және 12-баптарының ережелерін ескеріп, саралаған жөн.
Toggle Dropdown
2. Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді. Белгілі бір адам ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда, жасалған әрекет ҚК 11-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл туралы қылмыстық заңда (мысалы, ҚК 175-бабының ескертпесінде) арнайы көрсетiлген жағдайларда да бiрнеше рет жасау деп танылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді.
Toggle Dropdown
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.
Toggle Dropdown
3. Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас немесе біртектес қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады.
Toggle Dropdown
Әр түрлі саралаушы белгілерді көздейтін ҚК белгілі бір бабының әр түрлі бөлімдерінде қаралған бірнеше қылмыстар жасалған кезде бұл әрекеттер тек баптың неғұрлым қатаң жаза белгілейтін және барлық саралаушы белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана тұтастай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс.
Toggle Dropdown
Бірнеше рет жасалуымен қатар, ҚК бабының басқа бөліктерінде көрсетілген өзге де саралаушы белгілері анықталған бір әрекет те осылай саралауға жатады. (Мысалы, ұрлық жасау кезінде оған қатысты ҚК 175-бабының екінші бөлігінде көрсетілген бірнеше рет жасау деген саралаушы белгісі және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа да саралаушы белгілер анықталса, онда әрекет ҚК 175-бабының үшінші бөлігі бойынша саралауға жатады). Бұл орайда, қылмыстық заңның осы нормасының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың басқа саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс. Егер бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар әрекетті осындай қылмыс үшін екі және одан да көп сотталған адамның жасау деген белгісі бойынша саралау үшін негіз болса, қылмыстың бірнеше рет жасалуы көрсетілмейді.
Toggle Dropdown
4. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын жалғаспалы қылмыстардан ажырата білу қажет. Белгілі бір адамның кінәнің бірыңғай нысанымен және біріктірілген ортақ мақсатпен, материалдық құрамымен және келтірілген зардаптарының біркелкілігімен сипатталатын, қылмыс жасау тәсілі мен объектісі бойынша өзара ұқсас екі және одан да көп қылмыстық әрекеттерді жасауы қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрамайды. Мұндай жағдайларда барлық жасалған әрекеттерді тұтастай жалғаспалы қылмыс ретінде танып, осы қылмысты жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК бір бабы немесе бабының бөлігі бойынша саралаған жөн.
Toggle Dropdown
Егер жалғаспалы қылмыс кезеңінде қылмыстық заңға осы әрекет үшін неғұрлым қатаң жауаптылықты белгілейтін өзгерістер енгізілсе және қылмыс көріністерінің ең болмағанда біреуі заңның жаңа редакциясы күшіне енген кезеңде жасалса, онда жалғаспалы қылмыстың барлық көріністері жаңа заң бойынша тұтастай бір қылмыс ретінде саралауға жатады.
Toggle Dropdown
Жалғаспалы қылмыс кезеңінде белгілі бір адам жалғаспалы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабының диспозициясы қамтымайтын белгілері бар басқа қылмыс жасаған жағдайда (мысалы, балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару кезеңінде ұрлық жасау), оның әрекеттері жалғаспалы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тиісті баппен және басқа қылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабымен қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауға жатады.
Toggle Dropdown
5. Қылмыстық заңды қолдану кезінде қылмыстардың жиынтығы нақты және анық жиынтық болып бөлінетінін ескеру қажет. Қылмыстардың нақты жиынтығы белгілі бір адамның әрқайсысында ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлі баптарында (баптарының бөліктерінде) көзделген қылмыс құрамы бар екі және одан да көп қылмыстық жазаланатын әрекеттерді жасауынан құралады. Анық жиынтық кезінде кінәлінің бір әрекетінде ҚК екі және одан да көп баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген кем дегенде екі әр түрлі қылмыс құрамдарының белгілері болады және барлық жасалған әрекет тұтастай алғанда қылмыстық заңның осы нормаларының бірде бірімен толық қамтылмайды.