Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Продукты: | Консультации |
Отправить по почте
Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 95 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес «Кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 23.01.2015 жылғы № 37 бұйрығын қараңыз
Редакция 03.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі;
2) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы»4 ақпандағы N 95 қаулысымен бекітілген
Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдаланушыларға кешенді экологиялық рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді.
2. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының қоршаған ортаға эмиссияларды ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және эмиссиялардың техникалық нормативтерін сақтау шартымен жүзеге асыру құқығын куәландыратын бірден-бір құжат болып табылады.
3. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруды көздейтін ең озық технологияларды енгізуді жоспарлаған жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың орнына беріледі.
4. Кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілетін ең озық қолжетімді технологиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ең озық технологиялардың тізбесіне сәйкес болуы тиіс.
5. Эмиссиялардың тиісті нормативтері және табиғат пайдалану шарттары кешенді экологиялық рұқсатта ағымдағы жағдайға (өтінім беру сәтіне) және ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне көрсетіледі.
6. Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын өндірістік үдерістің түрі бойынша техникалық үлестік нормативтер бекітілген жағдайда, кешенді экологиялық рұқсатта оларға қол жеткізу жөніндегі шарттар белгіленеді.
2. Кешенді экологиялық рұқсаттар беру тәртібі
7. Кешенді экологиялық рұқсат алу үшін табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мына құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім береді:
1) қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі бөліммен көзделіп отырған қызметтің жобасына және техникалық үлестік нормативтерді қамтитын эмиссиялар нормативтерінің жобасына мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындыларының көшірмелері;
2) ең озық қолжетімді технологияларға қол жеткізуге көшу бағдарламасының жобасы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы;
4) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі.
8. Кешенді экологиялық рұқсатты алуға өтінімдерді беру ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді жоспарлап отырған табиғат пайдаланушы қолданыстағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мерзімі аяқталуына не жаңа объектіні (жаңа қызметті) пайдалануға қосуға дейін төрт айдан кешіктірмей жүзеге асырады.
9. Өтінім тіркелген сәттен бастап екі айдан аспаған мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған материалдардың толықтығына өтінімді қарайды. Осы мерзімнің ішінде ұсынылған өтінім бойынша қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін. Бұл мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігіне байланысты қайтарылады.
10. Қабылданған өтінімдерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінім тіркелген күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарайды. Бұл мерзім өткеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кешенді экологиялық рұқсат береді не кешенді экологиялық рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
11. Кешенді экологиялық рұқсат осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
12. Кешенді экологиялық рұқсат қолданылатын технологиялардың және осы рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарының өзгеруі сәтіне дейін қолданылады.
Кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңінде табиғат пайдаланушы бұрын ұсынылғандарының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиісті қорытындыларын уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы»4 ақпандағы N 95 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесі
1. Энергетика саласының өнеркәсіптік объектілері:
1) 50 МВт-дан астам жылу қуатын номиналды тұтынатын қоқыс жағу қондырғылары;
2) Мұнай және газ өңдеу зауыттары;
3) Кокс пештері;
4) Көмірді газдауға және газды сұйылтуға арналған қондырғылар.
2. Металдарды өндіру және өңдеу жөніндегі өнеркәсіп объектілері:
1) Металл рудаларын (сульфитті руданы қоса) күйдіруге және пісіруге арналған қондырғылар;
2) Өнімділігі сағатына 2,5 тоннадан астам тоқтаусыз құю қондырғыларын қоса, шойынды немесе болатты (бірінші және екінші балқыту) өндіруге қондырғылар;
3) Қара металдарды өңдеуге арналған қондырғылар:
өнімділігі сағатына 20 тоннадан астам рафинадталмаған болатты ыстық илектеу стандарты;
энергиясы бір балғаға 50кДж асатын, пайдаланылатын жылу құраушы қабілеті 20 МВт-тан асатын балғалары бар ұстаханалар;
өнімділігі сағатына 2 тоннадан астам рафинадталмаған болаттың қорғаныштық балқытылған металл жабындыларын жағу;
4) Өнімділігі күніне 20 тоннадан астам қара металл құюға арналған цехтар;
5) Металлургиялық, химиялық немесе электролиттік үдерістер негізінде рудадан, байытылған өнімдерден немесе қайталама шикізаттан бастапқы түсті металдарды өндіруге:
түсті металдарды легирлеуді қоса алғанда, регенерацияланған өнімдерді (тазартуды, құюды және басқаларын) қоса, қорғасын мен кадмий үшін күніне 4 тоннадан астам немесе барлық өзге металдар үшін күніне 20 тонна өнімділікпен балқытуға арналған қондырғылар;
6) Электролиттік немесе химиялық үдерістер негізінде металдар мен пластикалық материалдарды беткі өңдеуге арналған қондырғылар, ондағы күбілердің көлемі 30 м-ден асады.
3. Минералдық шикізатты өңдеу жөніндегі өнеркәсіп объектілері:
1) Өнімділігі күніне 500 тоннадан астам барабанды пештерде цементті клинкер немесе өнімділігі күніне 50 тоннадан астам барабанды пештерде немесе өнімділігі күніне 50 тоннадан астам өзге пештерде әк өндіруге арналған қондырғылар;
2) Асбест өндіруге және асбестке негізделген өнімдерді дайындауға арналған қондырғылар;