Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 қыркүйек N 1071
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналған жабдықты импорттаған кезде, әкелінетін жабдықтың төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналғанын растайтын, оның ішінде шет ел тілдерінде жасалған құжаттар (техникалық паспорттар, сызбалар, суреттер, коммерциялық және өзге де құжаттар) ұсынылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі