• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2005 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану ағаш кесу ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 6 қаңтардағы N 22

"Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
1. Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң қоса берiлiп отырған Ережелерi бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi
Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта
пайдалану үшiн ағаш кесу Ережелерiн ведомстволық бағыныстағы
кәсiпорындар мен ұйымдарға, мүдделi министрлiктерге, мемлекеттiк
комитеттерге, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға,
орман иеленушiлер мен орман пайдаланушыларға жеткiзсiн және олардың
сақталуына қатаң бақылау жасасын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi