• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015 г

Отправить по почте

Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 906 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 906 қаулысымен
бекітілген
Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары
1. Осы Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін белгілейді.
1) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган – тауарлық және сұйытылған газ экспорты мен импортын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
1) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру көлемінің;
3) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу, оның ішінде олардың экспорты мен импорты көлемінің;
4) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме сауда бағаларының;
5) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық және сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларының;
6) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерінің мониторингін қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингін жүзеге асырады.
4. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша ақпарат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ұлттық оператор, өндірушілер, тауарлық және (немесе) сұйытылған газды бөлшек және (немесе) көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары ұсынатын мәліметтердің негізінде уәкілетті орган қалыптастырады. 
5. Сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар аумақтарында осындай өткізу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызды қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына сұйытылған мұнай газын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газын өткізу және оның бағасы туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынады.
6. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары ұлттық операторға тауарлық газды тасымалдау, сақтау көлемдері және оның бағасы туралы мәліметтерді ай сайын, есептіден кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынады.
7. Ұлттық оператор уәкілетті органға:
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2014 жылғы № 17 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) 1, 2-қосымшаларға сәйкес тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және оны тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей;
2) 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде шикі және тауарлық газды сатып алу жөніндегі мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей;
3) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.
8. Тауарлық газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға тауарлық, оның ішінде тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген газды өткізу, оның көтерме және бөлшек саудадағы бағасы туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей ұсынады.
9. Өндірушілер уәкілетті органға:
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2014 жылғы № 17 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) 5-қосымшаға сәйкес тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей;
2) 6-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын тиеу жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей;
3) 7-қосымшаға сәйкес тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірудің алдағы бес жылға арналған болжамды көлемін жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.
10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға:
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2014 жылғы № 17 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газына және сұйытылған табиғи газға арналған көтерме және бөлшек сауда бағалары туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей;
2) 9-қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей;
3) 10-қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.
11. Сұйытылған табиғи газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға сұйытылған табиғи, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген газды өткізу және оның бағасы туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынады.
12. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың импорты мен экспорты туралы мәліметтерді уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады.
3. Тауарлық және сұйытылған газдың монитрингі, оларды өткізу және тұтыну деректерін пайдалану
13. Тауарлық және сұйытылған газды өндіру, өткізу және тұтыну мониторингі деректерінің негізінде уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ұлттық оператор, өндірушілер, тауарлық және (немесе) сұйытылған газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары оған ұсынатын мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған газды өндірудің, өткізу мен тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды балансын жасайды.
Тауарлық, сұйытылған мұнай
 газын және сұйытылған табиғи
газды өндіру, тасымалдау (тасу),
 сақтау және өткізу мониторингі
 бойынша мәліметтерді ұсыну
 қағидаларына
 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2014 жылғы № 17 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Нысандар индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі) – ГҚ-1 (Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 1-қосымша).
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы – газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – ұлттық оператор);
Нысан қайда тапсырылады – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Нысанды тапсыру мерзімі – есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей.