"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (17.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес «Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның үлгілік шартын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 277 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (17.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 қаулысымен бекітілген
Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шарты
Үлгі шарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (17.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
____________________ 20__ жылғы «___» ___________
(қол қойылатын қала) (жасалған күні)
Бұдан әрі Концедент деп аталатын _______________________ атынан
(мемлекеттік орган)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың
атауы мен деректемелері)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және бұдан әрі Концессионер деп аталатын ________ атынан
(заңды, жеке тұлға және т.б.)
_____________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен
деректемелері)
негізінде әрекет ететін _____________________________ екінші тараптан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі бірлесіп Тараптар, жеке алғанда Тарап, деп аталатындар
Концессиялар жөніндегі комиссияның __________________________________
(комиссияның толық атауын көрсету)
20__ жылғы «___» ___________________ № ____ шешіміне сәйкес концессия
объектілерін салуға немесе реконструкциялауға және пайдалануға
арналған үлгі шартты жасасты.
1. Анықтамалар
Осы бөлімде түсініктеме берілмеген анықтамалар мен терминдердің
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде
қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мәні болады:
1) Үлгі шарт – осы Үлгі шартты, Үлгі шартта көрсетілген және
Үлгі шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын Үлгі шарттың барлық
қосымшалары (егер олар болса, оған қоса берілетін құжаттар);
2) концессия объектісі – концессия объектісінің атауы;
3) концессиялық жоба – Үлгі шарттың қолданылу мерзімі ішінде
іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессия объектісін құруды
(реконструкциялауды) және пайдалануды жүзеге асыру жөніндегі
iс-шаралар жиынтығы;
4) концессиялық жобаны басқару – жобаны басқару рәсімдерінің
орындалуы: жобаның шарттарын айқындау, тұжырымдау, өзгерту, жобаны
жоспарлау, жобаны техникалық орындау (жоспарлау мен бақылауды
қоспағанда), жобаның орындалуын бақылау;
5) баланс ұстаушы – балансына Қазақстан Республикасының