Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4166
Редакция 24.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14-1) тармақшасына және 14-1-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 121) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2006 жылғы 17 наурыздағы
№ 77-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну қағидалары
1. Осы Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптама (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін, сондай-ақ өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
құзыреттi орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
сарапшы - қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу қызметтерін көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмдiлiгiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
уәкiлеттi органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның ведомствосы;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Техникалық сараптама жүргізу және өңірлік электр желісі компанияларының қорытындылар ұсыну тәртібі
4. Өңірлік электр желісі компанияларының қызметіне сараптаманы уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) өңірлік электр желісі компаниясы ол үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, үш жылда бір рет мерзімділікпен жүргізеді.
5. Сараптама жүргiзу барысында сарапшы өңірлік электр желісі компаниясы ұсынған ақпаратты осы Қағидаларға сәйкес зерделейдi және талдайды.
6. Сарапшы қажет болған жағдайда жүргiзiлiп отырған сараптаманың шеңберiнде өңірлік электр желісі компаниясынан және (немесе) уәкiлеттi органың ведомствосынан қосымша ақпарат сұрайды.
7. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша сарапшы Шартта көзделген мерзімдерде уәкілетті органның ведомствосына сараптама объектілері бойынша объективті, дәлелді, ғылыми-негізді қорытындыны қамтитын аралық және түпкілікті есептер ұсынады.
8. Уәкілетті органның ведомствосы сарапшы ұсынған есептерді күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды.
Егер есептерді қарау үшін қосымша материалдар мен ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны сарапшыдан немесе өңірлік электр желісі компаниясынан сұрайды және есепті қарау мерзімін ұзарту туралы сарапшыны хабардар етіп, күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартады.
9. Есеп осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi органның ведомствосы сарапшыға оны сәйкес келтiру қажеттiлiгi туралы хатты нақты мерзiмдерін көрсете отырып жолдайды.
10. Сарапшы ұсынылған ақпарат бойынша есептi Қағидалардың 13ө-тармағына сәйкес пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ведомствосына ұсынады.
11. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің салалық ерекшеліктеріне сәйкес мәселелерді қарау шеңберінде сараптама жүргізу үшін уәкілетті органның ведомствосы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта алады.
12. Тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін өңірлік электр желісі компаниясы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізілген сараптаманың қорытындысын ұсынады.
13. Өңірлік электр желісі компаниясының сараптамасы мыналарды:
1) негізгі құралдардың техникалық жай-күйiн талдауын және техникалық сипаттамаларын бағалауды, оның ішінде:
жабдықтың сараптама жүргізу күніне тозу дәрежесін;
негізгі құралдарды (болған және мүмкін болатын) осы салада өңірлік электр желісі компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған сыныптау топтары бойынша пайдалану мерзімдерін;
жабдықтың жобалық және технологиялық қуатының, регламенттелген қуат резервінің болуын;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспаптарының (оның ішінде коммерциялық) болуын, субъектінің қызметін сипаттайтын және тарифті есептеген кезде қолданылатын шығындар деңгейін айқындауға қажетті басқа да техникалық көрсеткіштердің бағалауын қамтиды.
Техникалық жай-күйді талдау негізінде регламенттелген пайдалану жұмыстарын (техникалық қызмет көрсету), ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер (негізгі құралдардың құнын арттыратын және арттырмайтын) жүргізудің, негізгі құралдарды реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша ауыстырудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың қажеттілігі туралы қорытынды беріледі. Бұл ретте:
өңірлік электр желісі компаниясы белгілеген жөндеудің барлық түрі мерзімділігінің жабдықтың белгілі бір түрін жөндеуге арналған нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне;
олардың іс жүзіндегі жағдайы мен құзыретті орган бекіткен нұсқаулықтар мен нормативтік техникалық құжаттардың талаптарын ескере отырып, өңірлік электр желісі компаниясы жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жарамды жай-күйі мен жұмыс қабілеттілігін қолдау мақсатында айқындаған реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеулер жүргізу көлемдері негізділігіне;
өңірлік электр желісі компаниясының негізгі құралына, ғимараттары мен құрылыстарына, өңірлік электр желісі компаниясы бекіткен қосымша жабдықтарына жүргізілетін жөндеудің барлық түрлеріне арналған перспективалық және жылдық (айлық) кестелердің болуына қорытынды берілуге тиіс.
Техникалық сараптамаға жатқызылған кезең үшін және оны жүргізу сәтіне негізгі құралдардың қолданысқа енгізілу деңгейі бағаланады, сондай-ақ тиісті көрсеткіштердің деңгейі жабдықтың жиынтық белгіленген қуаты, қуаттың коэффициенті, физикалық тозу коэффициенті, саланың ерекшелігін ескере отырып, жүктелім және (немесе) басқа да көрсеткіштер кестесін толтыру коэффициенті, пайданың ұйғарынды деңгейін есептеген кезде пайдаланылатын өңірлік электр желісі компаниясы активтерінің қолданысқа енгізілу коэффициенті бағаланады.
Реттеліп көрсетілетін және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілмейтін қызметтер түрлері бойынша іске қосылған активтерді бөлудің Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген талаптарға сәйкес келуіне баға беріледі. Егер сарапшының осы мәселе бойынша қорытындысында өңірлік электр желісі компаниясы қызметінің реттеліп көрсетілетін түрлері мен тұтастай алғанда реттеліп көрсетілмейтін түрлері бойынша іске қосылған активтерді бөлу схемасымен алшақтық болған жағдайда, сарапшы ұсынылып отырған негізгі құралдарды бөлуді негіздейді.
Сарапшы жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша негізгі құралдарды пайдалануды, негізгі құралдарды пайдалануға байланысты пайдалану және басқа да шығыстарды оңтайландыру жөнінде ұсыныс жасайды;
2) шикізат пен материалдар шығысын, оның ішінде құзыретті орган бекіткен шикізат (отын, энергия және басқа) және материалдар шығысының нормаларын бағалайды. Шикізат пен материалдар шығысының нақты көлемдері нормативтерден асып кеткені анықталған жағдайда, асып кету мөлшері мен оның туындау себептері ашылуға тиіс. Сарапшы бағалаудың нәтижелері бойынша шикізат пен материалдар шығысын оңтайландыру жөнінде ұсыныс жасайды. Бұдан басқа, сарапшы тауар-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) авариялық (азайтылмайтын) қорына тексеру жүргізеді. Бұл ретте сарапшы өңірлік электр желісі компаниясының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көлемдерде ТМҚ-ны «жиып қою» қажеттілігін және қоймадағы ТМҚ-ның нақты көлемдерінің қажетті көлемдерге сәйкестігін бағалайды;
3) еңбек шығынын және өңірлік электр желісі компаниясының персонал санын бағалауды, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуын айқындауды ұсынады.
Сарапшы еңбек жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен персоналдың нормативтік санына, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген еңбек жөніндегі нормативтеріне сәйкес келуін бағалайды, сондай-ақ іс жүзіндегі және нормативтік санға салыстыру жүргізеді.
Іс жүзіндегі санның нормативті саннан асып кеткені анықталған жағдайда, асып кетудің мөлшері мен оның туындау себептерін ашу қажет. Сарапшы өңірлік электр желілік компаниясының персонал санын өңірлік электр желісі компаниясының қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезінде ескерілетін және ескерілмейтін персонал санына, оның ішінде реттеліп көрсетілмейтін қызмет түрлерін көрсетумен айналысатын персонал санына бөлудің негізділігі бойынша қорытынды ұсынады.
Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын талдау:
өндірістік процестің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік техникалық құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін;
қызметкерлердің еңбек процесінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштерді бағалауды;
4) нормативтік және коммерциялық ысыраптардың, оның ішінде құзыретті орган бекіткен нормативтік ысыраптар деңгейін бағалауды, коммерциялық ысыраптардың әрбір түрі бойынша деңгейі мен пайда болу себептерінің анықтамасын қамтиды.
Егер өңірлік электр желісі компаниясы электр энергетикасы саласында қызметтер көрсеткен жағдайда, сарапшы кернеудің әртүрлі кластарындағы электр желілері жұмысының схемалары мен режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес тұтастай алғанда өңірлік электр желісі компаниясының желілері не оның элементтері бойынша құзыретті орган бекіткен нормативтік ысыраптарға, оның ішінде кернеудің жоғары (220, 110, 35 кВ) және төмен (10,6-0,4 кВ) топтары бойынша, кернеудің жоғарыда көрсетілген топтары бойынша олардың көлемін көрсете отырып, нормативтік ысыраптарға баға береді; қоректік судың (будың және конденсаттың) іс жүзіндегі шығысына және оның құзыретті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен бу мен конденсат ысыраптарының нормаларына сәйкес келуіне талдау жүргізеді.
Сарапшы жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша нормативтік және коммерциялық ысыраптардың деңгейін төмендету жөнінде ұсыныс жасайды;
5) инвестициялық қызметті бағалауды ұсынады.
Сарапшы заңнамада белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына:
әрбір уақыт аралығында (жарты жылдықта) өңірлік электр желісі компаниясы көрсеткен қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) іс жүзіндегі қол жеткізілген көлемдерін инвестициялық бағдарламада (жобада) белгіленген көрсеткіштермен салыстырмасының;
инвестициялардың салымдарын инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген мақсаттарға бағыттау сәйкестігінің бөлігінде талдау жүргізеді.
Сарапшы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырған кезде:
өңірлік электр желісі компаниясының қолданысқа енгізілген негізгі құралдарының таратылуының қолда бар деңгейінің өсуі не сақталуын;
нормативтік және (немесе) нормативтен тыс ысыраптардың (өзгерістің серпінін көрсету) төмендеуін;
ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің және сапасының артуы қалай жүзеге асырылатынын тексереді.
Сарапшы түзету қажеттілігінің объективтік себептері пайда болған кезде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету негізділігіне баға береді.
Сарапшы есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнату (құралдардың саны, үлгісі мен сипаттамасы) қажеттілігін, есепке алу аспаптарын орнатуға бағытталған инвестициялардың көлемін бағалайды.
Сарапшы энергияны үнемдеуді ынталандыратын өңірлік электр желісі компаниясы жүргізіп отырған іс-шараларды талдайды және оларға қорытынды береді және энергия үнемдеу, оның ішінде өндіру мен энергияны тұтыну режимдерін оңтайландыру, оның есебі мен бақылауын ұйымдастыру, отын-энергетикалық ресурстарды тасымалдау мен тұтыну кезінде олардың ысыраптарын қысқарту, босатылатын және тұтынылатын энергетикалық ресурстарды есептеу бөлігінде нақтылықты, шынайылық пен өлшем бірлігін қамтамасыз ету аясындағы саясатты іске асыру мақсатында инвестициялар салу қажеттілігін бағалайды.
Сарапшы өңірлік электр желісі компаниясының даму жоспарларының болуын тексереді. Өңірлік электр желісі компаниясы электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтер көрсетсе, сарапшы қолда бар желінің нақты схемасымен ұлттық немесе өңірлік электр желісінің жылдық жоспарларының болуын тексереді. Бұл ретте электр желісінің жылдық даму жоспарында мынадай негізгі мәселелер:
қолда бар электр желісін оның топологиясы, жүктелімі, кернеуді реттеу, шектеулер тұрғысынан талдау;
электр желісіндегі электр энергиясы ысыраптарының төмендеуіне бағытталған іс-шаралар;
электр желісі жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігін, сондай-ақ электр желісі жұмысының ең жоғары үнемділігін қамтамасыз ету үшін қажетті капитал салымдарының бағасы көрініс табуға тиіс;
6) тиісті мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындау, оның ішінде орындалған нұсқамалардың шығындары сметаларының болуы туралы ақпаратты;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифте (баға, алым мөлшерлемесінде) және (немесе) тарифтік сметада көзделген есепке алу аспаптарын тексеру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың талдауын;
8) көрсетілетін қызметтер көлемдерінің, оның ішінде олардың сапасына бағалауды ұсынады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін айқындаған кезде пайдаланылатын өңірлік электр желісі компаниясы деректерінің ашықтығы, тексерілуі мен шынайылығы деңгейінің негізділігін бағалай отырып, көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдеріне (серпін, негізгі тұтынушылар) талдау жүргізілуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты және болжамды көлемдерін төмендету бойынша, оның ішінде ысыраптар көлемдерінің ұлғаю есебінен мүмкін болатын тәуекелдер көрсетілуге тиіс.
Сарапшы көрсетіліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін айқындау өлшемшарттары бойынша ұсынымдар береді.
Сондай-ақ өңірлік электр желісі компаниясы көрсететін қызметтердің көлемдері заңды тұлғалармен жасалған шарттарда көзделген көлемдердің, электр беру желілеріндегі авариялар санының, жылу энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан жылу желілеріне жіберу көлемдерінің сәйкестігіне талдануға тиіс.