Toggle Dropdown
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 01 қыркүйектегі N 558 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6518 болып енгізілді
Редакция 16.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 265) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы бекiтілсін.
2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2007 жылғы 15 ақпандағы № 67 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4583 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жыл, наурыз) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж. Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
N 558 бұйрығымен бекітілген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 265) тармақшасына сәйкес аумақтарды ұйымдастыру мен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алуан түрлерінің жұмыс істеуі жөнінде негізделген шешімдер қабылдау мақсатында әзірленді.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылып немесе кеңейтіліп отырған орталық немесе облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың техникалық тапсырмалары бойынша мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.
3. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы (бұдан әрі - жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы) әзірленеді.
4. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негiздеменің, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету жобасы (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы) әзірленеді.
5. Техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
6. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады және оларды уәкілетті орган 30 күнтізбелік күн ішінде бекітеді.
6-1. Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.
2. Жаратылыстану-ғылыми негіздеменің жобасын әзірлеу
7. Жаратылыстану-ғылыми негіздеменің жобасы:
1) жобалау аумағының табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігін, маңыздылығын және танымалдылығын;
2) зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жай-күйінің бағалануын;
3) зерттеліп отырған аумақтағы экологиялық жүйелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, оларды сақтау жөніндегі тәуекелдерді, қатерлерді және оларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі шараларды;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың санаты мен түрін;
5) олардың шекарасын, көлемін, сондай-ақ жұмыс істеу аймақтарын, оларды қорғау және пайдалану режимдерін айқындайды.
8. Табиғи ортаны жан-жақты бағалау негізінде жобалау аумағының табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігі, маңыздылығы және танымалдылығы айқындалады.
9. Табиғи ортаны зерттеу объектілері: рельеф, топырақ, климат, геология, жердің үстіндегі және астындағы сулар, флора, фауна, аумақта болып жататын физика-геологиялық процестер болып табылады.
10. Рельефті бағалау рельефтің жалпы ерекшеліктерін, оның белгілі бір геоморфологиялық аймаққа жатуын сипаттауды, негізгі орографиялық ерекшеліктерді (жоғарғы және төменгі учаскелердің бөліну сипаты) сипаттауды көздейді. Танымдық және эстетикалық тұрғыдан алғанда мейлінше көрікті және қызықты аумақтар белгіленеді.
Жобалау аумағының инженерлік-геологиялық сипаттамасы, теріс физика-геологиялық процестерге талдауы беріледі, бірегей геологиялық объектілерді сақтап қалу мүмкіндігі қаралады.
11. Қоршаған ортаның жайлылық дәрежесін, оны жақсартудың және ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланудың ықтимал жолдарын айқындау мақсатында жалпы климаттық жағдайға талдау жасалып, баға беріледі. Ұлттық және аймақтық саябақтарды жобалау кезінде дем алудың негізгі түрлері үшін рекреациялық кезеңнің ұзақтығы, жылдың әртүрлі кезеңдерінде ауа райының тұрақтылығы анықталады.
12. Аумақты гидрологиялық бағалау қазіргі су айдындары мен ағын суларға талдау жасауды, олардың ұзақтығын, көлемін, режимін, су айдындарының жылдамдығын, тереңдігін және енін, ағысын, аумақтың батпақтығын анықтауды көздейді. Оларды рекреация және туризм мақсаттарында пайдалану (суға шомылу, су спортын ұйымдастыру) мүмкіндігі қаралады.
Гидроминералдық және басқа да шипалы ресуртарын зерделеу кезінде: кеніштердің құрамы, орналасқан жері, қорлары, күзету жағдайлары, оларды пайдаланудың ықтимал бағыты мен көлемі анықталады.
13. Өсімдіктер қабатын зерделеу және талдау кезінде фитоценоздардың негізгі түрлерінің кеңістікте таралу заңдылықтары (рельефпен, топырақпен, ылғалдану режимімен өзара байланысы, таулардағы белдеулілік), басым және бірегей фитоценоздардың өзгеру және сақталу дәрежесі, олардың қалыптасу шарттары анықталады. Шұғыл қорғау іс-шараларын қажет ететін өсімдіктердің немесе фитоценоздардың сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, эндемикалық және басқа да құнды түрлері өсіп тұрған жерлерін анықталады. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің, қауымдастықтардың тізбесі жасалады.
14. Жануарлар дүниесін зерделеу құнды және сирек кездесетін түрлер мекендейтін жерлердің жағдайларын, олардың таралу аймағын, таралымдарының тұрақтылығын, сан алуан түрлерінің маусымдық мекендерін және қоныс аудару жолдарын, фаунаның құнды түрлері таралымдарының сақталуына әсер ететін антропогендік факторларды, сондай-ақ, олардың санын бақылаудың немесе басқарудың ықтимал амалдарын егжей-тегжейлі зерттеуді қамтиды. Осының нәтижесінде қорғауды қажет ететін объектілер белгілі болады және қажетті іс-шаралардың тізбесі айқындалады. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің тізбесі жасалады.
15. Зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жай-күйін бағалауда:
аймақтың қысқаша әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы (экономикалық қызметтің сипаттамасы, жобалау аумағындағы халықтың құрамы, әрбір елді мекен тұрғындарының саны, ерекше қорғалатын табиғи аумақ ұйымдастыру жоспарланып отырған аумақ халқының келешектегі саны);
қолда бар өндірістік және тұрғын үй қорының сипаттамасы, оның жай-күйі және пайдаланылуы;
аумақтың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйлері мен объектілерінің сипаттамасы;
жергілікті халықтың табиғи ресурстар жөніндегі қажеттілігі келтіріледі.
16. Зерттеліп отырған аумақтағы экологиялық жүйелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйінде жобалау аумағында немесе оған жақын маңда орналасқан табиғи-қорық қоры объектілерінің және тарих пен мәдениет ескерткіштерінің сипаттамасы беріледі.
Алынған материалдың негізінде тақырыптық карталар: экожүйелер картасы мен ландшафтық карта жасалады.
17. Экожүйелер картасы аэроғарыш түсірілімдерінің негізінде қаз-қалпындағы далалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалады. Ландшафтық картадан өзгешелігі - экожүйелер картасына берілетін баяндауда биологиялық объектілердің (өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің негізгі мекен-жайларының) егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі. Экожүйелер картасында бірегей және сирек күзет объектілері бөліп көрсетіледі, ал баяндауда олар мекендейтін жерлердің экологиялық жағдайлары да сипатталады.
18. Ландшафтық карта, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қоса алғанда, аумақтың ландшафтық әртүрлілігін, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтың инфрақұрылымын ұтымды пайдалану, қорғау және орналастыру іс-шараларын жоспарлау үшін жасалады. Ландшафтық карта арнаулы материалдарды (әр объектінің карталарын) қаз-қалпында зерттеу және өңдеу негізінде жасалады. Ландшафтық картада бірегей және эталондық табиғи кешендер, туризм мен рекреацияны дамытуға тежеуші немесе шектеуші ықпал ететін қауіпті процестер мен құбылыстар бөліп көрсетіледі.
Қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер етудің табиғи жағдайлары мен факторларына талдау жасау нәтижесінде жобалау аумағының ландшафтарына кешенді бағалау жүргізіледі.
19. Аумақты кешенді бағалау деп ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алуан түрін ұйымдастыру үшін оның жарамдылығы тұрғысынан алғанда табиғи, шаруашылық-экономикалық және жоспарлау факторларының бүкіл жиынтығын бағалауды түсіну керек.
3) пейзаждық-эстетикалық бағалануы жүргізіледі.
20. Аумақтың табиғи қорғалуын бағалауды әзірлеу кезінде табиғи жүйелердің эталондарын, фауна мен флораның генетикалық қорын немесе жансыз табиғат объектілерін сақтауды қорықтар құрудың басты мақсаты ретінде, ал аумақты рекреациялық ұйымдастыру мүмкіндігін – ұлттық және аймақтық саябақтар, табиғи резерваттар құрудың құралы немесе шарты ретінде қарастыру керек. Ландшафтардың, өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің, фауна мен флораның жекелеген түрлерінің сақталған құрылымы бар аумақтар, сондай-ақ табиғи жүйелерді немесе флора мен фаунаның жекелеген түрлерін сақтау үшін ықтимал аумақтар ретінде қарастырылуы мүмкін шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылмайтын немесе онша жарамды емес жерлер өзіндік табиғат қорғауды бағалау объектілері болуға тиіс.