• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015 г

Отправить по почте

"Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 668 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 99-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 мамырдағы
 № 668 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 ақпандағы
 № 175 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
1) азық қоспаларын байқаудан өткізу – азық қоспаларының биологиялық қасиеттерін, оларды ветеринариялық практикада пайдалану тиімділігін, олардың әсер ету салдарларының болмауын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін анықтау мақсатында зертханалық немесе өндірістік жағдайда өткізілетін сынақтар;
2) азық қоспаларының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі- уәкілетті орган) шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген азық қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
3) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу – уәкілетті органның азық қоспалары сараптамасының, оларды байқаудан өткізудің және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тізілімге енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;
4) азық қоспаларын тіркеу сынақтары – азық қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi;
5) азық қоспалары – адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
6) жетілдірілген азық қоспалары – тиісті тіркеу сынақтарынан кейін оларды дайындау, оларды өндіру технологиясындағы олардың қасиеттеріне әсер етуге қабілетті құрамдастарының, сондай-ақ оларды пайдаланудың (қолданудың, сақтаудың) басқа да тәсілдерінің немесе пайдалануға берілген көрсеткіштерінің өзгерістерімен тізілімге енгізілген азық қоспалары;
7) тіркеу куәлігі – азық қоспаларына оның мемлекеттік тіркелуін растау және тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті орган беретін құжат;
8) өтініш беруші (өндіруші) – азық қоспаларын мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға.
3. Қағидалар азық қоспаларын өндіретін (дайындайтын) және әкелетін (импорттайтын) барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді өндіру (дайындау) және әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында азық қоспаларын өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
5. Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын басқа мемлекеттерде өткізілген мемлекеттік тіркеу тізілімге енгізу үшін негіз болып табылмайды.
6. Түрі бірдей, атауы бірдей және бір өндіруші дайындаған азық қоспаларын қайта мемлекеттік тіркеуге рұқсат етілмейді.
2. Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасы аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібі
1) өтініш беруші ұсынатын азық қоспаларына арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жасауды;
2) ғылыми және зертханалық зерттеулер нәтижелеріне сараптама жасауды;
8. Азық қоспаларын Тізілімге енгізу мемлекеттік тіркеудің қорытынды кезеңі болып табылады және тіркеу куәлігінің берілуімен бірге жүреді.
9. Азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азық қоспасын мемлекеттік тіркеуге өтініш;
2) «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) азық қоспалары үшін азық қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі – НТҚ);
3) уәкілетті орган айқындайтын ғылыми-зерттеу мекемесінің НТҚ-ға қорытындысы;
7) егер азық қоспасы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тіркелген болса, оның тіркелгенін растайтын құжаттар;
8) егер Қазақстан Республикасының сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері және заттың шыққан жерінің атауы туралы заңнамасына сәйкес сауда белгісі ретінде тіркелсе, азық қоспасының бірегей атауы туралы түпнұсқа дерек құжаттары;
9) азық қоспаларының үлгілері мынадай көлемде – үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейін.
3) азық қоспаларын буып-түюге, таңбалауға, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы үдерістерінің (сатыларының) шарттарына қойылатын талаптар;
4) азық қоспаларының қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламалары;
5) зерттеу әдістері, қатерлерді бағалау, оларды барынша азайту тәсілдері;
6) қауіпті азық қоспаларын кәдеге жарату мен жою тәсілдері кіреді.
11. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар түпнұсқада немесе нотариалды куәландырылған көшірмемен уәкілетті органға ұсынылады, олар 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қаралады.
Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда уәкілетті орган белгіленген қарау мерзімі ішінде өтініш беруші тапсырған барлық құжаттарды себептерін жазбаша түрде көрсетіп кері қайтарады.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігін жойғаннан немесе дұрыс мәліметтерді ұсынғаннан кейін осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға тапсырады.
12. Азық қоспаларының үлгілерімен бірге ұсынылған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес азық қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізу және байқаудан өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға (бұдан әрі – зертхана) 5 жұмыс күні ішінде жібереді.
Зертханалық зерттеулер азық қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізуді және/немесе байқаудан өткізуді өзіне қамтиды.
13. Тіркеу сынақтары азық қоспаларына НТҚ-да көрсетілген бақылау әдістеріне сәйкес 60 күнтізбелік күннен аспай жүргізіледі.
14. Азық қоспаларын, сондай-ақ жетілдірілген азық қоспаларын байқаудан өткізу үшін өтініш берушімен (өндірушімен) бірлесіп, өндірістік сынақтар бағдарламасы жасалады, оны уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы бекітеді.
Азық қоспаларын байқаудан өткізу 2 жылдан асырмай жүргізіледі.
15. Азық қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізуге және байқаудан өткізуге шығындарды өтініш беруші көтереді.
16. Зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган олар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден өтініш берушіге (өндірушіге) себебін көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлау арқылы бас тарту туралы шешім қабылдайды.
17. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізілімге енгізілгеннен кейін өтініш берушіге тіркеу куәлігі беріледі.
18. Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі 6 жыл. Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын азық қоспаларын тіркеуге өтініш беріледі.
19. Азық қоспаларына тіркеу куәлігінің қолданылуының тоқтатылуы:
1) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеудің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
3) азық қоспалары құрамдастарының, оны дайындау технологиясының өзгеруі;
4) өтініш беруші (өндіруші) атауының, орналасқан жерінің өзгеруі немесе қайта ұйымдастырылуы;
20. Азық қоспаларын тіркеу куәлігінің түпнұсқасы жоғалған, бүлінген жағдайда өтініш беруші уәкілетті органды хабардар етеді және тіркеу куәлігінің телнұсқасын беруге өтініш береді. Тіркеу куәлігінің телнұсқасын уәкілетті орган өтініш келіп түскеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде береді.
Қазақстан Республикасының аумағында
 алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және
 алғаш рет әкелінетін (импортталатын)
 азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасында азық қоспасын мемлекеттік тіркеуді сұраймын
 2. Мәлімдеушінің мекен-жайы, телефоны, факсі, банкі деректемелері __
 5. Өтінішке мынадай нормативтік-техникалық құжаттар қоса берілді____
6. Өтініш беруші азық қоспасын мемлекеттік тіркеу жөніндегі шығыстарды төлеуге кепіл болады.
8. Өтініш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қабылданды:
Қазақстан Республикасының аумағында
 алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және
 алғаш рет әкелінетін (импортталатын)
 азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес __________________
Қазақстан Республикасында №_________________________________ тіркелді
Осы куәлік азық қоспасын сатып алу бойынша міндеттеме және сапалық сертификат болып табылмайды.