«Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 597 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 желтоқсанда № 8120 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 03.07.2014 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2014 жылғы № 135 Бұйрығына сәйкес
«Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2012 жылғы 9 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекiтiлген
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан - әрі регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-бабына, сондай-ақ «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 200 қаулысымен бекітілген «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұтынушы - мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.
3. Мемлекеттік қызметті стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Астана және Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) көрсетеді.
4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 9-бабы 12-тармақшасының;
2) «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 21, 22, 23, 24, 27, 28-баптарының;
3) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
6. Шетелдіктің паспортына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін өзге құжатқа желімдеп жапсырылатын Қазақстан Республикасының толтырылған визасы не болмаса қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының уақытша болатын немесе тұрақты тұратын жері бойынша көшi-қон полициясы бөлiнiстерi көрсетедi.
8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтерде орналастырылады.
10. Мемлекеттiк қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің (өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы
13. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон полициясы инспекторының тегі, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі; онда:
құжаттың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің күні;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.
15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ - ІІД КҚПБ қызметкері қатысады.
16. Әрбір әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
17. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
Әкiмшiлiк іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.
Негiзгi процестің iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны) | |||
1 | Iс-әрекеттiң (жұмыс барысы, ағыны) № | 1 | 2 |
2 | ҚФБ атауы | ІІД КҚПБ | ІІД КҚПБ |
3 | Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру | арнай есептер бойынша тексеру |
4 | Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм) | мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдағаны туралы талон беру | визаларды ресімдеу немесе визаны ресімдеуден бас тарту |
5 | Орындау мерзiмi | 15 минуттың ішінде | күнтізбелік 5 күн |
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы