• Мое избранное
"Аралық соттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Аралық соттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 883 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
"Аралық соттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
Аралық соттар туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аралық соттары мен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық аралық соттардың құрылу тәртiбi мен қызметiн, сондай-ақ шетел мемлекетiнде шығарылған аралық соттар шешiмдерiнiң орындалу тәртiбiн реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, заңды және жеке тұлғалармен, жеке кәсiпкерлермен азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын дауларға қатысты қолданылады.
2-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: 
1) аралық сот - осы Заңға сәйкес азаматтық-құқықтық шарттың тараптары өтiнiш білдiре алатын осы Заңда белгіленген тәртiппен құрылған орган; 
2) халықаралық аралық сот - нақты заңды тұлға жанынан құрылған тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық аралық сот немесе белгiлi бiр дауды шешу үшiн тараптар құрған халықаралық аралық сот; 
3) аралық судья - аралық сотта дауларды шешу үшiн тараптармен келiсiлген тәртiппен осы Заңның нормаларына сәйкес тараптар сайлаған немесе тағайындаған жеке тұлға; 
4) аралық талқылау - аралық сотта дауларды қарау және аралық соттың шешiм қабылдау процесi; 
5) аралық келiсiм - туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы шартқа тараптардың жазбаша келiсiмi; 
6) аралық соттың регламентi - белгiленген тәртiппен бекiтiлген аралық сот қызметiнiң рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн реттейтiн ережелердi қамтитын тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентi; 
7) құзыреттi сот - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi саты бойынша тараптар арасындағы тиiстi шарттың даулары туралы iстi қарауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты; 
8) iскерлiк айналымның әдет-ғұрпы - олар қандай да бiр құжатта тiркелгенiне қарамастан азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кең қолданылатын мiнез-құлық ережесi; 
9) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерi бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде орналасқан жерi бар филиалдары мен өкiлдiктер; 
10) Қазақстан Республикасының резиденттер еместерi - шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратындар және шет мемлекеттердiң заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерi бар олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;
3-бап. Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ереже белгiленсе, халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
4-бап. Аралық талқылау қағидаттары
Аралық талқылау мына қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырылады: 
1) тараптар өзара алдын ала келiсiм бойынша туындаған даулар бойынша аралық талқылауды жүзеге асыру тәртiбi мен шарттары мәселелерiн дербес шешуге құқығы барын бiлдiретiн тараптар еркiнiң дербестігі; 
2) аралық судьялар мен соттар өз шешiмдерiнде тек тараптардың келiсiмi бойынша қолданылатын құқық нормаларын ғана басшылыққа алатынын, өз тарапынан, Қазақстан Республикасының нормаларына, заң және өзге нормативтiк құқықтық актілерiне қарама-қайшы болмауын білдіретiн заңдылық; 
3) аралық судьялар мен соттардың оларға берiлген дауларды шешу кезiнде ешкiмге бағынбайды және ешқандай әрекет болмағанда ғана шешiм қабылдайды; 
4) тараптардың аралық талқылауда бiрдей құқық көлемiн пайдаланатынын және бiрдей міндеттер көлемiн көтеретiнiн білдiретін тараптардың бәсекелестiгi және тең құқықтары, өзiнің ұстанымын, тәсілдері мен оны қорғау құралдарын дербес және аралық соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсiз сайлайды; 
5) аралық судьялар және соттар, оларға берiлген дауларды шешу кезінде және аралық талқылау тараптары белгіленген талаптарды, қоғамның имандылық қағидаттарын және iскерлiк әдептi сақтай отырып, адал әрекет етуге тиiс екенiн білдiретін әдiлеттілік; 
6) заңда азаматтың тиiстi органға ақпаратты хабарлау мiндеттiлiгi тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, аралық судьялардың аралық талқылау барысында белгiлi болған мәлiметтердi тараптардың немесе олардың құқықтық мирасқорларының келiсiмінсiз жария етуге құқығы жоқтығын және аралық талқылау барысында оларға белгiлi болған мәлiметтер туралы куәгер ретiнде жауап ала алмайтындығын білдiретiн құпиялылық.
5-бап. Аралық соттардың түрлерi
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының аралық соттары және халықаралық аралық соттар әрекет етедi. 
2. Қазақстан Республикасындағы аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот немесе нақты дауды шешу үшін құрылған аралық сот ретiнде құрылуы мүмкiн. 
3. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтар, одақтар) немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар мен оның бiрлестiктерi (қауымдастықтар, одақтар) құруы мүмкiн. 
Тұрақты жұмыс істейтін аралық сотты құру үшiн осы тармақта көрсетілген адамдар аралық соттың регламентi, осы аралық сотта қызметтi жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзімдерiн бекiтуге тиiс. 
4. Нақты дауды шешу үшiн аралық сот тараптар олардың азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi. 
Нақты дауды шешу үшiн құрылған аралық сотты ұйымдастыру және қызмет тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалады. 
5. Қазақстан Республикасындағы аралық соттар мемлекеттiк органдардың жанынан құрыла алмайды.
6-бап. Аралық соттар қызметiндегi қолданылатын құқық
1. Аралық сот дауларды Қазақстан Республикасы Конституциясы, заң және өзге нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының нормаларына сәйкес қарайды. 
2. Аралық сот шешiмдi шарт талаптарына сәйкес және iскерлiк айналым ғұрпын ескере отырып қабылдайды. 
3. Егер тараптардың қатынасы құқық нормалары немесе тараптардың келiсiмiмен тiкелей реттелмесе және осы қатынастарға қолданылған iскерлiк айналым ғұрпы жоқ болғанда, онда аралық сот ұқсас қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын қолданады, ал осындай нормалар жоқ болса, даулар жалпы бастаулар және заңдар, өзге нормативтiк құқықтық актiлер негізiнде шешіледi. 
4. Тараптардың келiсiмi бойынша халықаралық аралық сот дауды қарау кезiнде нақты шет мемлекеттiң заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн бөлігінде қолдана алады.
7-бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру
1. Дау аралық соттың қарауына тараптар арасында жасалған аралық келiсiм болғанда берiлуi мүмкiн. 
2. Аралық келiсiмдi тараптар арасында қандай да бiр нақты құқықтық қатынастарға байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты тараптар жасауы мүмкiн.