«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 1-бабының 2-10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1334 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.08.2013 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 23.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 1-бабының 2-10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1334 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді әлеуметтік маңызы бар қызметтерге жатқызу үшін әзірленген.
2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік маңызы бар қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет көрсету;
2) есепті кезең – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл.
3. Мемлекеттік қызмет сапалық және сандық өлшемдерге сәйкес келген жағдайда әлеуметтік маңызы бар қызмет болып танылады.
2. Сапалық өлшем
4. Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сапалық өлшемі мынадай салалардың бірінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету және қорғау;
2) Қазақстан Республикасының халқын жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту;
3) денсаулық сақтау;
4) білім беру;
5) тұрғын үй қатынастары;
6) кәсіпкерлік қызмет.
3. Сандық өлшем
5. Есепті кезең ішіндегі мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштер саны әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сандық өлшемі болып табылады:
1) жеке тұлғалар үшін – 350 мың және одан көп өтініш;
2) заңды тұлғалар үшін – 10 мың және одан көп өтініш.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |