Toggle Dropdown
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6314 болып енгізілді
Редакция 27.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық акті тізбесінің 57-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 маусымдағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы
1. Осы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.
2. Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Шоттар жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Шоттар жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған және нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – қосалқы шоттарға тиісті.
3-тарау. Шоттар жоспарының бөлімдері
4. Шоттар жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:
1 бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»;
2 бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»;
3 бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;
4 бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
5 бөлім – «Таза активтер/капитал»;
8 бөлім – «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар»;
9 бөлім – «Баланстан тыс шоттар».
4-тарау. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары
5. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін мемлекеттік мекемелердің активтерін нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған.
6. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімшелерді қамтиды:
1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары»;
1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;
1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1400 «Өзге қысқа мерзімді активтер».
7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімі – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.
Бұл кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:
1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының бар-жоғын және қозғалысын есепке алуға арналған;
1020 – «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты», мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1030 – «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі – СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге де ұйымдар алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1040 – «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ҚБШ)» мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қайырымдылық көмектен алынатын, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша қаражатын, республикалық және жергілікті бюджеттерге, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
1041 – «Қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер алатын, олар үшін филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанына қолдау көрсету жөніндегі қызметтен алынатын ақшаның түсімі мен оның жұмсалуы есепке алынады;
1042 – «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған және Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидасында белгіленген тәртіпте пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке алынады;
1043 – «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемелерге аударылған немесе белгілі бір жағдай туғанда сәйкесінше бюджетке немесе үшінші жаққа берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады;
1044 – «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ», мұнда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң) жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшаның түсімі мен жұмсалуы есепке алынады;
1045 – «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ», мұнда есептелген бюджет қаражаты және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдалану есепке алынады (нысаналы қаржыландыру шоты);
1046 – «Республикалық бюджеттің ҚБШ», мұнда бірыңғай қазынашылық шотынан республикалық бюджетке түсетін түсімдерді есепке жатқызу есепке алынады;
1047 – «Жергілікті бюджеттердің ҚБШ», мұнда бірыңғай қазынашылық шотынан жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке жатқызу есепке алынады;
1048 – «Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ», мұнда «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңыңда (бұдан әрі – Қор туралы заң) көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемдерін жүргізу есепке алынады;
1049 – «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ», мұнда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Білім туралы заң) сәйкес ақша түсімдерін есепке алу және оларды жұмсау ескеріледі;
1050 – «Шетелдік валютадағы шот», мемлекеттік мекеме жүргізетін есепті кезеңнің соңғы күніне қолданылатын және Жаңартылған «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) бірлесіп белгілеген тәртіпте анықталатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютаны қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасы валютасында валюталық операцияларды есепке алуға арналған;
1060 – «Арнайы шот», бюджеттік бағдарлама әкімшілігі қарызға алған (сыртқы қарыздар және байланысты гранттар) қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша қаржылық операцияларды есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды;