Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7703 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) квоталаудың түрлі өңірлік және ұлттық схемалары мен парниктік газдар шығарындыларын саудалау аясында құрылатын квоталар бірліктерін және өзге көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) міндетті көміртектік нарықтар - парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша мөлшерлік міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында құрылған және парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңірулерін арттыру бойынша жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде айналымға енгізілетін, заң жүзінде реттелетін квоталарды және көміртегі бірліктерін саудалаудың ұлттық және өңірлік нарықтары;
2) парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалау схемасы - бір мемлекет немесе оның бөліктері аумағындағы парниктік газдар шығарындыларының шығу көзі болып табылатын экономиканың белгілі бір секторлары, қызмет түрлері, қондырғылар деңгейінде парниктік газдар шығарындыларын квоталауды қарастыратын заң жүзінде реттелетін және осы квоталарды саудалау үшін шарт қоятын жүйе;
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы қолданыстағы парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалау схемаларын және схеманың пилоттық сатысының аяқталуына бір жылдан кешіктірмей қазақстандық көміртектік нарығының тиісті шетелдік және өңірлік міндетті көміртектік нарықтарымен ықпалдасу мүмкіндіктері жөнінде зерттеуді ұйымдастырады және квоталарды өзара тануды жүзеге асыру мақсатында халықаралық ынтымақтасуды дамыту бойынша іс-шараларға сараптамалық қолдау көрсетеді.
2. Квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібі
4. Квоталар бірліктерін және өзге көміртегі бірліктерін басқа мемлекеттермен және мемлекеттер тобымен өзара тану келесі талаптарды орындау арқылы іске асырылады:
1) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша ұзақ мерзімді ұлттық мөлшерлік міндеттемелерді бекіту;
2) шығу көздерінен антропогендік шығарындыларды және парниктік газдарды сіңіргіштермен антропогендік сіңуін бағалау үшін ұлттық жүйе құру;
3) оның негізінде көміртегі бірліктерімен мәмілелер бойынша операциялар жүзеге асырылатын көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің болуы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика Министрлігінің 11.11.2016 жылғы № 486 Бұйрығына сәйкес (11.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) жыл сайынғы шығарындылар мен парниктік газдар сіңірулеріне ұлттық түгендеу жүргізу қолданыстағы халықаралық талаптарға сәйкес, ел бойынша парниктік газдар шығарындыларының күйін үнемі бағалауға мүмкіндік береді;
5) Қазақстан Республикасы аумағында парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалау жүйесін іске қосу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобаларды жүзеге асыру үшін рәсімдер орнату;
5. Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерін тануға қатыстыталаптар мен шарттар Қазақстан Республикасының шет ел мемлекеттерімен екі жақты немесе көп жақты шарттарды жасасу арқылы жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика Министрлігінің 11.11.2016 жылғы № 486 Бұйрығына сәйкес (11.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика Министрлігінің 11.11.2016 жылғы № 486 Бұйрығымен (11.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған өзге де көміртегі бірліктерін Қазақстан Республикасы аумағында шығарындыларды қысқарту міндеттемелерін өтеу мақсаттары үшін өзара тану Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша шараларына аталған көміртегі бірліктерін пайдаланудың қосымша шарттары ретінде іске асырылады.
8. Көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру жөніндегі халықаралық келісім-шартта және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу бойынша ұлттық жоспарда аталған талапты қамтамасыз ету мақсатында, өзара тануды жүзеге асыратын көміртегі бірліктерін пайдалануға тиісті кезеңіне квоталарды өтеу мақсатында лимит орнатылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |