Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2010 жылға:
1) кірістер - 3 075 328 927 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 645 919 671 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 61 816 072 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 26 748 312 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1 340 844 872 мың теңге;
2) шығындар - 3 702 354 223 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 15 795 898 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 128 990 009 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 113 194 111 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 78 178 806 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 78 678 806 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 500 000 мың теңге;
5) тапшылық - -721 000 000 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 4,1 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 721 000 000 мың теңге.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі бекітілсін.
3. Мыналар:
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
3) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу:
«Өзін-өзі тану» кабинеттері үшін жабдықтар сатып алуға;
мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілік арттыру институттарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге;
4) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
5) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
6) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
7) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз емделу бөлімшелері желісін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
8) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
9) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
10) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
11) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге және жол жүруін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
12) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
13) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
14) осы қаулыға 16-қосымшаға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
15) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
16) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
17) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
18) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
19) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
20) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
21) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
22) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
23) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
24) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
25) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
26) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |