Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
"2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 Қаулысы
Редакция 29.12.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2010 жылға:
1) кірістер - 3 413 771 966 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 886 864 566 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 59 711 418 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 26 378 092 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1 440 817 890 мың теңге;
2) шығындар - 3 897 666 677 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 35 467 864 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 138 985 636 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 103 517 772 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 284 278 703 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 284 778 703 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 500 000 мың теңге;
5) тапшылық - -803 641 278 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 4,2 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 803 641 278 мың теңге.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.03.2010 № 150, 31.03.2010 № 250, 12.10.2010 № 1053 Қаулыларымен. (22.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі бекітілсін.
3. Мыналар:
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
3) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу:
«Өзін-өзі тану» кабинеттері үшін жабдықтар сатып алуға;
мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілік арттыру институттарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге;
4) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
5) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
6) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
7) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз емделу бөлімшелері желісін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
8) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
9) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
10) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
11) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға; 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Мәскеу, Астана қалаларында мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
11-1) осы қаулыға 13-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Мак» операциясын жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
12) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
13) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
14) осы қаулыға 16-қосымшаға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
15) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
15-1) осы қаулыға 17-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
16) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана және Алматы қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
17) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
18) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
19) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
20) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
21) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
22) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
23) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
24) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |