Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы № 365-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8201 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысаны бекітілсін.
2. Төмен көміртекті даму департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 365-ө бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін
ӨТІНІШ
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр орны)