• Мое избранное
"Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

«Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2231 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылы 29 желтоқсандағы
 № 2231 қаулысымен
 бекітілген
«Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
  • 1
1. Қолдану саласы
1. Осы «Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарға қолданылады.
2. Техникалық регламент тізбесі Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген жабдыққа Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарына (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сәйкес қолданылады.
3. Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды сәйкестендіру ҚР СЭҚ ТН кодтарын және оларға сәйкес келетін Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші бойынша (ЭҚТ ҰК) ҚР МК 04-2003 кодтарын, жиынтығында тану үшін жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттар, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша пайдалану жолымен жүргізіледі.
Мұнай-газ жабдықтарын толық сәйкестендіру үшін, тұтынушыға арналған ақпарат қажетті ең аз деректер болжамды қызмет мерзімі ішінде анық әрі өшірілмейтіндей өнімнің көрінетін жерінде орналастырылуы және таңбалау түрінде орындалуы тиіс:
дайындаушының атауы мен мекен жайы;
өнімнің атауы;
сериясының немесе үлгісінің белгіленуі;
сериялық зауыттық нөмірі;
дайындалған жылы;
жазбалары;
детальдардың ең көп айналу жылдамдығы;
2 жабдықтың массасы, жарылыс қаупі ықтимал атмосферада пайдалану, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттілігі.
4. Таңбалау, белгілер және  жазбалары бір мағынада, түсінерліктей болуы тиіс.
5. Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігін, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды қолдану кезінде мұқият болуға тиіс негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер):
1) сағалық мұнай-газ кәсіпшілігін, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезінде, астында тұрған жұмыскерлердің үстіне құлап кету немесе опырылып түсу қауіпі бар, жоғары орналасқан және осал бекітілген заттар және конструкциялардың осал бөлшектері;
2) сағалық мұнай-газ кәсіпшілігін, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезінде шудың және дірілдің артып кеткен деңгейі;
3) сағалық мұнай-газ кәсіпшілігін, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды монтаждау және пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтамауға байланысты пайда болған қауіпті өндірістік факторлар;
4) сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың қозғалатын бөлшектері, қозғалатын бұйымдар;
5) жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы;
6) жұмыскерге электр тогының әсер ету мүмкіндігі;
7) қауіпті пайдалану процестері кезінде бөлінетін артық жылу мөлшері;
8) фланецті қосылыстардың, арматураның саңылауы;
9) тасымалдау және ілу кезіндегі жүктің тең бөлінбеуі болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік обьектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы » 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы » 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы » 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылды, сондай-ақ:
1) агрессивті орта - пайдалану процесінде негізгі құралдардың қатты тозуына (ескіруіне) әкелетін табиғи және (немесе) жасанды факторлар ықпалының жиынтығы;
2) бұрғылау жабдығы - мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін пайдаланылатын техникалық құрал немесе техникалық құралдар жиынтығы;
3) геологиялық барлау және геофизикалық жабдық - ұңғыманың жайғасқан орнын анықтауға, ұңғыманы бұрғылау процессін бақылауға, ұңғыманың геологиялық қимасын зерделеуге, кен қабаттарын аршуды және сынаудың барысын геологиялық бақылауға арналған техникалық құрал немесе техникалық құралдар жиынтығы;
4) жабдықты сынау - жабдық жұмыс істеген кезде оған әсер ету нәтижесі ретіндегі оның қасиеттерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларының тәжірибелік анықтамасы;
5) жабдық - машинаға орналастырылатын және машиналардың негізгі және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшін қажетті, сондай-ақ оларды біртұтас кешенге біріктіруге арналған техникалық құрылғы;
6) жабдықты қабылдау сынағы - осы жабдықты өндіріске қою және (немесе) мақсаты бойынша пайдаланудың орындылығы туралы мәселені шешу мақсатында өткізілетін дайын жабдықты бақылау сынағы;
7) кіріс бақылау - өнім берушінің тұтынушыға немесе тапсырыс берушіге келіп түскен және өнімдерді дайындау, жөндеу немесе қолдану кезінде пайдалануға арналған өнімдерін бақылау;
8) қорғаныш қоршау - машинаның физикалық тосқауыл арқылы сақтауды қамтамасыз ету үшін арнайы пайдаланылатын бөлігі;
9) өнеркәсіп қауіпсіздігінің декларациясы - мынадай мәліметтерді:
қауіпті заттар (оның ішінде өндірілетін) тізбесін және олардың сипаттамаларын;
қауіпті әсер ету факторларын (эр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
қауіпті факторлардың таралуы туралы технологиялық деректерді;
қауіптілік пен тәуекелді талдауды;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдерді;
авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
персоналды авария жағдайында іс-әрекетке дайындауды;