Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 215, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 35-П Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2889
Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Шетелдік азаматтардың" деген сөздер "Шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 25 мамырдағы № 216, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 08-1-1-1/186, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 145-ө бірлескен бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды 2012 жылғы 11 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 07.03.2012 жылғы № 135 және ҚР Сыртқы істер министрінің 28.04.2012 жылғы № 08-1-1-1/154 Бірлескен бұйрығына сәйкес
Комментарий успешно добавлен