Toggle Dropdown
2
Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7698 тіркелді
Toggle Dropdown
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру тәртібін айқындау мақсатындаБҰЙЫРАМЫЗ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары Қағидаларды басшылыққа қабылдасын және оның талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) «Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртiптерiн қолдану және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көшi-қонының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi iшкi iстер органдарының жедел-қызметтiк жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi № 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 35-П бiрлескен бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2889 болып тіркелген);
Toggle Dropdown
2) «Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртiптерiн қолдану және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көшi-қонының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi iшкi iстер органдарының жедел-қызметтiк жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi № 215, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 08-1/93, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi № 35-П бiрлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2007 жылғы 25 мамырдағы № 216, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2007 жылғы 18 маусымдағы № 08-1-1-1/186, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 145-П бiрлескен бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4851 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Ішкі істер министрі Сыртқы істер министрі
Toggle Dropdown
_______________Қ. Қасымов _____________Е. Қазыханов
Toggle Dropdown
2012 жылғы 23 ақпан 2012 жылғы 22 сәуір
Toggle Dropdown
«Келісілді»
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Toggle Dropdown
__________________ Н. Әбіқаев
Toggle Dropdown
2012 жылғы ____ __________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 135,
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 08-1-1-1/154
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру,
сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті
жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен
жүру қағидаларын бекіту туралы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
Toggle Dropdown
Дипломаттық және қызметтік паспорттары бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына оның дипломаттық, қызметтік және инвесторлық санаттағы визаларымен келген немесе уәкілетті органнан «инвестор» мәртебесін растаған (визасыз болу режиміндегі елдер үшін), шетелдіктердің паспорттары тіркеуден босатылады.
Toggle Dropdown
2
2. Қазақстан Республикасында көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу тәртібі
Toggle Dropdown
3. Көшіп-келушілер мен азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарын тіркеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінде ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша ішкі істер органдары, сондай-ақ заңды тұлғалардан оларға келіп жатқан шетелдіктер туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Тіркеу аудандық, қалалық немесе облыстық көші-қон полициясы бөліністерінде жүзеге асырылады, ол туралы тиісті өкім шығарылады.
Toggle Dropdown
4. Тіркеуді және оны ұзартуды ресімдеу құжаттарды берген күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Миссионерлік қызметпен айналысатын, сондай-ақ қайырымдылық немесе гуманитарлық көмекпен келген шетелдіктер одан әрі діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлінісінде есепке алып тіркеу арқылы ішкі істер органдарында жалпы негіздерде тіркеледі.
Toggle Dropdown
6. Уақытша тұру үшін келген көшіп-келушілерді тіркеу кезінде көші-қон полициясы бөліністері ішкі істер органдарының басшылығы арқылы учаскелік полиция инспекторларына осы жергілікті жерде тұруға оларға рұқсат етілген мерзім туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Егер көшіп-келушілердің рұқсат етілген болу мерзімі аяқталған соң тиісінше ұзартусыз кетпегені анықталса, учаскелік полиция инспекторы ол туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, одан әрі көші-қон полициясы бөлінісіне хабарлайды. Әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдағаннан кейін учаскелік полиция инспекторы заң бұзушы-көшіп келушіні елді мекеннен шығаруды ұйымдастыруда көмек көрсетеді.
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің болу мерзімі немесе оның жақын туыстарының ауыр науқасына, күтпеген жағдайларға байланысты көші-қон карточкасына белгі қойылған, растайтын құжаттардың негізінде ұзартылады.
Toggle Dropdown
7. Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының визалары, ал Қазақстан Республикасына келу мен болудың визасыз тәртібі туралы шарт жасалған елдердің азаматтары үшін қабылдаушы заңды, жеке тұлғалардың немесе көшіп-келушінің өзінің арызы негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген көшіп-келушіні анықтаған кезде ішкі істер органдары қызметкерінің баянаты оны тіркеу үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
8. Тіркеуді ішкі істер органдарының лауазымды адамдары ресімдейді.
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеуді есепке алу «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) және белгіленген нысандағы журналда (1-қосымша ) жүргізіледі. Журнал бойынша реттік нөмірі тіркеу нөмірі болып табылады.
Toggle Dropdown
Тіркеу оны ресімдеген қызметкердің қолымен және көші-қон полициясы бөлінісінің мөрімен куәландырылады.
Toggle Dropdown
9. Көшіп-келушілер қабылдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға өз паспорттарын тапсырады, олар ішкі істер органдарында тіркегеннен кейін құжаттарды иелеріне қайтарады.
Toggle Dropdown
10. Тіркеу қабылдаушы заңды, жеке тұлғалардың немесе көшіп-келушінің өзінің арызында көрсетілген, бірақ визалардың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімдерге ресімделеді. Тіркеу мерзімі көшіп-келуші паспорттарының әрекет ету мерзімінен аспауы керек.
Toggle Dropdown
Көпмәртелік визалары бар көшіп-келушілердің паспорттары Қазақстан Республикасында нақты болу мерзіміне тіркеледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар жасалған елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі, одан әрі осындай мерзімге ұзартылады.
Toggle Dropdown
11. Білім алу мақсатымен келген көшіп-келушілердің паспорттары бір оқу жылына тіркеледі.
Toggle Dropdown
12. Алты айдан асатын мерзімге келген көшіп-келушінің паспортын тіркеуді ресімдеу үшін қабылдаушы ұйымның белгіленген үлгідегі жазбаша өтініші (арызы) (2-қосымша ) және фотосурет (33х43 мм) тапсырылады. Бұл ретте статистикалық есепке алу талондары, келу парақтары және есепке алу карточкалары (3-қосымша ) толтырылады. Бір уақытта электронды тасымалдағыштарда деректер базасы құрылады.
Toggle Dropdown
Бұдан басқа, тіркеу еңбек қызметіне және таңдаған мамандығы бойынша оқу оқуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтамалардың негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жұмысқа тіркеу кезінде еңбек келісім-шартының көшірмесі ұсынылады.
Toggle Dropdown
13. Көшіп-келуші өзінің Қазақстан Республикасындағы уақытша тұратын орнын ауыстырған кезде қабылдаушы заңды және жеке тұлға уақытша тұратын орнын ауыстырған күннен бастап үш күн ішінде ол туралы ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.
Toggle Dropdown
Тұрақты және уақытша тұратын орнын ауыстырған жағдайда көшіп-келушілер үш күндік мерзімде қайта тіркеуден өтеді.
Toggle Dropdown
14. Көшіп-келушінің Қазақстан Республикасында болуына рұқсат етілген мерзім және олардың паспорттары тіркеуінің әрекет ету мерзімі визалардың әрекет ету мерзімінің соңғы күні, ал визасыз тәртіппен келгендер үшін тіркеудің әрекет ету мерзімінің соңғы күні тоқтатылады.
Toggle Dropdown
15. Көшіп-келушілердің болу мерзімін ұзарту визалар беру және көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеудің әрекет ету мерзімдерін ұзарту арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеудің әрекет ету мерзімін ұзартуды ішкі істер органдарының лауазымды адамдары ресімдейді.
Toggle Dropdown
17. Көшіп-келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін ұзарту туралы шешім заңды және жеке адамдардың өтініштері негізінде көшіп-келушілердің тіркелген жері бойынша қабылданады.
Toggle Dropdown
3. Көшіп-келушілердің жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің
болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру тәртібі
Toggle Dropdown
18. Көшіп-келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады.
Toggle Dropdown
19. Шетелдіктерді қабылдаушы заңды және жеке тұлғалар алдағы уақытта республиканың басқа өңірлеріне 10 күннен асатын мерзімге жол жүретіні туралы шығу пунктін, мерзімін және осы пунктте болатын мекенжайларды көрсете отырып, бұрынғы және жаңа болатын жердегі ішкі істер органдарына хабарлайды.
Toggle Dropdown
20. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы баратын елге әуе, темiр жол, автомобиль және теңiз көлiгiмен транзитпен жол жүруіне оларда Қазақстан Республикасының транзиттiк визалары, сондай-ақ үшiншi елге кiру үшiн жарамды және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан портқа, станцияға, аэровокзалға, автовокзалға келген сәтiнен бастап бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағында көлiк ауыстыру пунктiнен кету күнi көрсетiлген тиiстi жол жүру құжаттары (билеттерi) болған кезде рұқсат етiледi.
Toggle Dropdown
Болжамды жүру бағыты Қазақстан Республикасының шетелдiктердің баруы үшiн уақытша жабық аумағы арқылы өткен жағдайда, өту мәселесін ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсім бойынша ішкі істер органдары шешеді.
Toggle Dropdown
Шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адамдар жүру бағытын өзгерту мәселесi бойынша өтініш білдірген кезде олар аумақтық ішкі істер органдарына қазақстандық транзиттiк визасы бар паспортын және осындай қажеттiлiк туғызған себептердi, сондай-ақ жоспарланып отырған бағыты мен шығар жолындағы тексеру-өткiзу пунктiн көрсете отырып, жазбаша арыз ұсынады.
Toggle Dropdown
21. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен транзитпен өтетiн, оның iшiнде халықаралық жүктердi автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар халықаралық автомобиль қатынастары үшiн ашық жолдармен ғана жүредi.
Toggle Dropdown
22. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн пойызбен жол жүретін шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар пойыздар тоқтап тұрған кезде станцияларда шығу құқықтары бар. Оларға станциядан (перроннан және темiр жол вокзалынан) тыс жерлерге шығуға рұқсат етiлмейдi.
Toggle Dropdown
23. Қазақстан Республикасының аумағынан транзитпен өтетін және онда 72 сағаттан астам уақыт аялдауға мәжбүр болған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар тоқтаған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде ішкі iстер органдарында Қазақстан Республикасында болуға рұқсат ресiмдеуге міндетті. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында мәжбүрлi аялдауын ресімдеу мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) табиғи апаттар немесе пойыздың, автокөлiк құралының, кеменің немесе ұшақтың қозғалысына кедергi болатын өзге де себептер кезінде;
Toggle Dropdown
2) қандай да бір бөлшектерiнің бұзылуы нәтижесінде зақымданған автокөлiк құралын жөндеу үшін немесе жол-көлiк оқиғасы болған кезде;
Toggle Dropdown
3) дәрiгердің қорытындысы бойынша науқастың одан әрi жол жүруі оның денсаулығына қауiп төндiретiн сырқаты болған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқастың жанында оның отбасы мүшелерi немесе онымен бiрге келе жатқан адамдар болуы мүмкiн;
Toggle Dropdown
4) тораптық пунктте бiр көлiктен екiншi көлiк түріне ауысып отыру кешiккен кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Мәжбүрлі аялдау шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мәжбүрлi аялдауды туғызған себептердi жойғанға дейінгі уақытқа қаланың немесе елді мекеннің ішінде болуға ғана құқық бередi.
Toggle Dropdown
24. Әуе немесе темiр жол көлiгiнiң қызметiн пайдаланатын және мәжбүрлі аялдама жасаған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеудi көлiктегi iшкi iстер органдары не болмаса аумақтық iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мәжбүрлі аялдағанын ресімдеу үшін шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам ішкі істер органына аялдауға рұқсатты ресiмдеу туралы жазбаша арыз бередi.
Toggle Dropdown
25. Тiркеудің әрекет ету мерзiмi мәжбүрлі аялдауды тудырған себептердi жою үшiн қажеттi уақытпен айқындалады.
Toggle Dropdown
Медициналық ұйымдарда емделіп жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарын тiркеу олар сол жерден шыққаннан кейiн күнтізбелік бес күн ішінде ресiмделедi. Олардың отбасы мүшелерiнiң немесе оларға ілесіп жүретін адамдардың паспорттарын тiркеу аялдауға мәжбүр болған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде медициналық ұйымның анықтамасында көрсетiлген науқас шетелдiктi емдеу үшін қажеттi мерзiмге ресiмделедi.
Toggle Dropdown
26. Республика аумағында 72 сағаттан астам мерзімге аялдауға мәжбүр болған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуына рұқсат iшкi iстер органдарында транзиттiк визасын ұзартпай беріледі.
Toggle Dropdown
27. Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін уақытша жабық аумақтарына шетелдіктер келген кезде қабылдаушы ұйымдар ішкі істер органдары арқылы оларға тиісті рұқсат-өткізу қағазын (4-қосымша ) ресімдейді.
Toggle Dropdown
28. Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін уақытша жабық аумағына шетелдіктердің келуіне:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасына қазақстандық қабылдаушы ұйымдардың шақырулары бойынша, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері желісі арқылы келгендерге осы ұйымдардың жазбаша өтініштерінің негізінде;
Toggle Dropdown
2) жеке істері бойынша келгендерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындарға олардың жеке өтініштерінің негізінде рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына қабылдаушы ұйымдардың желісі және жеке істері бойынша келгендерге Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумағына баруға рұқсат (рұқсат қағазы) жазбаша өтініштер келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде осы аудандарда болу мерзімдері көрсетіле отырып беріледі. Құжат арқылы расталған жедел жағдайларда (туысқандарының өлімі, ауыр науқасы) рұқсаттар одан әрі ұлттық қауіпсіздік органдарына хабарлана отырып, дереу беріледі.
Toggle Dropdown
29. Жеке немесе қызметтiк автокөлiкпен жүретін, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар шетелдіктердің болуы үшiн ашық аумақта автомобиль жолдарымен еркiн жүре алады. Олардың шетелдiктердiң болуы үшiн жабық аумақтан өтетiн автокөлiк жолдары арқылы жүріп-өтуi ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша iшкi iстер органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
30. Рұқсат бiр адамға берiледi. Ата-аналарымен немесе оларға ілесіп жүретін адамдармен жабық аумаққа шығатын 16 жасқа дейiнгi балалар туралы мәлiметтер сол адамдардың рұқсат қағаздарына жазылады.
Toggle Dropdown
31. Жабық аумаққа кіретін адамдар баратын жеріне келгеннен кейiн үш күндiк мерзiмде iшкi iстер органына немесе жергiлiктi билік органдарында тiркелуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
32. Жабық аумаққа кіруге рұқсат пен рұқсат қағазы белгiлi бiр елдi мекенге берiледi. Тиiстi өтiнiш хат болған жағдайда олар жабық аумақтың бiрнеше елдi мекенiне кіру үшiн берiледі.
Toggle Dropdown
33. Егер жабық аумаққа баратын көшіп-келушілер жолда кешігіп, олардың рұқсат қағаздарының мерзiмi өтіп кеткен жағдайда, осындай адамдар өтiнiш білдіретін iшкi iстер органдары ұсынылған құжаттарды тексерген соң олардың әрекет ету мерзiмiн ұзартады. Бұл туралы елтаңбалық мөр қойылып, рұқсат қағазының артқы бетiне жазба жасалады.
Toggle Dropdown
34. Азаматтар жоғалтып алған рұқсат қағаздарының орнына оларды тиiстi iшкi iстер органы бергенi расталғаннан кейiн жаңасы берiледi.
Toggle Dropdown
35. Жабық аумаққа кіретін көшіп-келушілер ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексерiледi.
Toggle Dropdown
Жабық аумаққа өз бетiмен, сондай-ақ ата-аналарымен немесе оларға ілесіп жүретін адамдармен бiрге баратын, 16 жасқа толмаған балалар жедел есептер бойынша тексерiлмейдi.
Toggle Dropdown
36. Жабық аумаққа келуге рұқсаттар мен рұқсат қағаздар беру немесе беруден бас тарту, сондай-ақ рұқсаттың әрекет ету мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi тексеру материалдарының негiзiнде ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастықтары, iшкi iстер органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары қабылдайды.
Toggle Dropdown
Рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда азаматтарға үш жұмыс күні ішінде ол туралы хабарланады.
Toggle Dropdown
37. Рұқсат алу үшін көшіп-келушілер iшкi iстер органдарына өздерi келедi. Оларға рұқсат жабық аумаққа кiруге берiлген рұқсат пен рұқсат қағаздарын есепке алу кiтабына (5-қосымша ) қол қоя отырып, жеке басын куәландыратын құжаттарын тексергеннен кейiн берiледi.
Toggle Dropdown
Рұқсатты беру кезiнде оларды ресімдейтін ішкі істер органдарының қызметкерлерi рұқсаттың артқы бетінде жазылған ескертпе мен таныстырады. Алушы ескертпе мен танысу фактін рұқсаттың артқы бетіне өз қолын қою арқылы растайды.
Toggle Dropdown
38. Рұқсаттар күлгiн, қара, көк сиялармен (пастамен) толтырылады немесе жазу машиналарында басылады, ІІД, ҚАІІБ(б) көші-қон полициясы бөліністерінің бастықтары қол қояды.
Toggle Dropdown
Қол қойылған рұқсаттар елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Toggle Dropdown
39. Рұқсаттар ұқыпты, анық, жазуларын қысқартпай, түзетулерсiз толтырылуы керек, бұл ретте:
Toggle Dropdown
а) «Келу» деген жолда нақты келген уақыты мен елді мекеннің атауы көрсетiледi;
Toggle Dropdown
в) «онымен бiрге 16 жасқа толмаған балалары» деген жолда, егер олар ата-анасымен бiрге болмаса, «жоқ» деп көрсетiледi.
Toggle Dropdown
г) «Құжатын көрсеткенде жарамды» деген жолда жеке басты куәландыратын құжаттар (көшіп-келушінің жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлiк) көрсетiледi;
Toggle Dropdown
д) «Рұқсаттың жарамдылық мерзiмi» деген жолда жабық аумақта уақытша болу үшiн қажеттi мерзiм көрсетiледi.
Toggle Dropdown
40. Жабық аумаққа келген көшіп-келушілер рұқсатта көрсетiлген елдi мекендер мен аудандар шегiнде ғана тұруға құқылы.
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын iшкi iстер органдарында
тiркеудi есепке алу журналы
Toggle Dropdown
| № | Тегі, аты, әкесінің аты | Туған күні | Жынысы | Азаматтығы | Паспортының нөмірі | Құжаттың түрі | Берілген күні | Дейін жарамды | Ұлты | Жеке сәйкестендіру нөмірі |
| Тегі, аты-жөні дәл паспортта көрсетілгендей латын әріптерімен енгізіледі | Туған күні, айы мен жылы көрсетіледі | Сөздіктен тиісті мән таңдап алынады (ер немесе әйел) | Сөздіктен тиісті азаматтық таңдап алынады | Құжаттың сериясы латын әріптерімен және нөмірі көрсетіледі | Сөздіктен тиісті құжат түрі (дипломаттық, ұжымдық, ұлттық және т.б.) таңдап алынады | Құжатты берген күн, ай және жыл көрсетіледі | Құжаттың әрекет ету мерзімі аяқталған күн, ай және жыл көрсетіледі | Сөздіктен тиісті ұлт таңдап алынады | ЖСН көрсетіледі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Тіркеу нөмірі | Тіркеген орган | Тіркелген күні | Тіркеу мерзімі | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты | Қазақстан Республикасына келу мақсаты | Қабылдаушы тарап | Атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
| Шетелдікті тіркеу нөмірі көрсетіледі | Шетелдікті тіркеуді жүзеге асырған орган | Шетелдік тіркеген күн көрсетіледі | Визаның аяқталған күні көрсетіледі | Шетелдікті тіркеуді жүзеге асырған қызметкердің Т.А.Ә. көрсетіледі | Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетіледі | Қабылдаушы ұйымның толық атауы көрсетіледі | ЖСН көрсетіледі | БСН көрсетіледі |
| 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Меншік нысаны | Мемлекеттік тиесілігі | Тіркеу туралы куәлік | Статистикалық карточканың нөмірі | Лицензияның нөмірі | Мекенжай | Ұйымның қысқаша сипаттамасы |
| Сөздіктен ұйымның тиісті меншік нысаны таңдап алынады | Сөздіктен тиісті мемлекеттік тиесілік таңдап алынады | Ұйымды тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні көрсетіледі | Статистикалық карточканың нөмірі көрсетіледі | Берілген лицензияның нөмірі көрсетіледі | Ұйымның мекенжайы көрсетіледі | Ұйым туралы (қызмет ерекшелігі) қосымша ақпарат көрсетіледі |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Шақырулар | Көшіп-келушілердің жұмыс орны | Қабылдаушы адам | Тегі, аты, әкесінің аты | Туған күні | Жынысы | Азаматтығы | Негізгі құжаттың түрі | Негізгі паспорттың нөмірі |
| Көшіп-келушілердің шет елдердегі және Қазақстан Республикасындағы жұмыс орны | Тегі, аты-жөні дәл паспортта көрсетілгендей латын әріптерімен енгізіледі | Туған күні, айы мен жылы көрсетіледі | Сөздіктен тиісті мән таңдап алынады (ер немесе әйел) | Сөздіктен тиісті азаматтық таңдап алынады | Құжаттың сериясы латын әріптерімен және нөмірі көрсетіледі | Сөздіктен тиісті құжат түрі (дипломаттық, ұжымдық, ұлттық және т.б.) таңдап алынады |
| 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Негізгі құжаттың берілген күні | Негізгі құжаттың әрекет ету мерзімі | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Ұлты | Туған жері | Тіркеуді ұзарту | Дейін ұзартылды | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты |
| Құжатты берген күн, ай және жыл көрсетіледі | Құжаттың әрекет ету мерзімі аяқталған күн, ай және жыл көрсетіледі | ЖСН көрсетіледі | Сөздіктен тиісті ұлт таңдап алынады | Тиісті туған жері көрсетіледі (қала, облыс, аудан, ауыл) | Шетелдіктің келу мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі | Шетелдіктің келу мерзімін ұзартқан қызметкердің Т.А.Ә. |
| 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Мемлекет, провинция | Елді мекен | Көше, шағын аудан | Корпус | Үй | Пәтер | Телефондары |
| Сөздіктен шетелдік тұрмақшы болған мемлекет (Қазақстан) таңдап алынады | Шетелдік тұрмақшы болған елді мекен көрсетіледі | Шетелдік тұрмақшы болған көшенің, шағын ауданның атауы көрсетіледі | Шетелдік тұрмақшы болған тиісті корпус (болған жағдайда) көрсетіледі | Шетелдік тұрмақшы болған үйдің нөмірі көрсетіледі | Шетелдік тұрмақшы болған пәтердің нөмірі көрсетіледі | Байланыс телефондарының нөмірлері көрсетіледі |
| 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Қазақстан Республикасында тұратын мекенжайы | Электрондық пошта | Пошта индексі | Ескертпе |
| Электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда) көрсетіледі | Пошта индексі көрсетіледі | Басқа ақпараттық жолдарда көрініс таппаған қолда бар ақпарат көрсетіледі (Қазақстан Республикасында болжамды тұрғылықты жеріне қатысты: бронь жасалған қонақ үй және т.с.с.) |
| 53 | 54 | 55 | 56 |
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қабылдаушы ұйымның жазбаша арызының (өтінішінің) үлгiсi
(ұйымның бланкiсi)
Toggle Dropdown
__________облысы (Астана,
Алматы қалалары) IIД
Көшi-қон полициясы
басқармасының бастығы
_______________________
атағы (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(ұйымның атауы, Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеу
Toggle Dropdown
№ мен күні, СТН, БСН, мекенжайы, қызмет ерекшелігі)
Toggle Dropdown
________________________________ дан __________________________ дейiн
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тәжiрибемен алмасу, тағылымдама, туризм, оқу)
Toggle Dropdown
_____________________________________ мақсатында келген шетелдiктер*:
Toggle Dropdown
1.___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тегi, аты, азаматтығы, паспорт)
Toggle Dropdown
2.___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
3.___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
4.____________________________________ паспорттарын тiркеудi сұрайды.
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________ мекенжайы бойынша тұрады.
Toggle Dropdown
Ұйымның мөрi
Toggle Dropdown
Ұйымның басшысы _________________________________________
Toggle Dropdown
(тегi, аты-жөнi, қолы)
Toggle Dropdown
* Көшіп-келушілердің паспорттарының көшірмелері қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Көшіп-келушіні
есепке алу карточкасы
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты:
Toggle Dropdown
2. Жынысы:
Toggle Dropdown
3. Туған күні:
Toggle Dropdown
4. Паспорттың нөмiрi:
Toggle Dropdown
5. Азаматтығы:
Toggle Dropdown
6. Келу мақсаты:
Toggle Dropdown
7. Тiркелген орны:
Toggle Dropdown
8. Жұмыс, оқу орны:
Toggle Dropdown
9. Тәртiп бұзу сипаты (болған жағдайда):
Toggle Dropdown
10. Тәртiп бұзушылықты кiм анықтады (болған жағдайда):
Toggle Dropdown
11. Тәртiп бұзушылықтың уақыты (болған жағдайда):
Toggle Dropdown
12. Шешiм қабылданды (болған жағдайда):
Toggle Dropdown
13. Шешiм қабылдаған IIБ (болған жағдайда):
Toggle Dropdown
14. Шешiм қабылданған күн:
Toggle Dropdown
15. Карточка толтырылған күн:
Toggle Dropdown
Карточканың өлшемi 205 х 145 миллиметр
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
№ 8 деректеме – «Жұмыс, оқу орны» (министрлiктiң, ведомствоның, ұйым мен нақты оқу орнының қысқартылған атауы көрсетiледi).
Toggle Dropdown
№ 9 деректеме – «Тәртiп бұзушылық сипаты» («Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес көрсетiледi).
Toggle Dropdown
№ 12 деректеме – «Қабылданған шешiм»:
Toggle Dropdown
2) болу мерзiмi қысқартылды;
Toggle Dropdown
3) айыппұл (сомасы теңгеде);
Toggle Dropdown
4) елден шығару;
Toggle Dropdown
5) қылмыстық iс қозғалды;
Toggle Dropdown
6) айдауылмен елден шығару.
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
РҰҚСАТ ҚАҒАЗ
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi (елтаңба)
Toggle Dropdown
Азамат ___________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тегi, аты, әкесiнiң аты және туған күні)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(облыс) (қаланың, ауылдың нақты атауы және бұл
Toggle Dropdown
мекен (iшкi iстер органның атауы) қай облыстың құрамына кiредi)
Toggle Dropdown
20____жылғы «__»____________ келуге рұқсат беріледі. Сапардың
Toggle Dropdown
мақсаты ___________________________________________________________
Toggle Dropdown
Өзімен бiрге 16 жасқа толмаған балалары ___________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(әрбiр баланың аты, жасы көрсетiледi)
Toggle Dropdown
___________________________________ құжатты көрсеткен кезде жарамды
Toggle Dropdown
(құжаттың сериясы мен нөмiрi, кiм, қашан берiлген)
Toggle Dropdown
Рұқсаттың әрекет ету мерзiмi _______
Toggle Dropdown
Бастық______________________________
Toggle Dropdown
Сыртқы беті
Toggle Dropdown
1. Рұқсат онда көрсетiлген елдi мекенге кiру құқығын бередi.
Toggle Dropdown
2. Рұқсатта көрсетiлген жерге келген адам келген сәтiнен бастап үш күндiк мерзiмде рұқсатты және паспортын тiркеу үшiн жауапты адамға (жатақхананың комендантына, қонақ үйдiң, санаторийдiң, демалыс үйiнiң әкiмшiлiгiне немесе оған арнайы уәкiлеттік берілген адамға) iшкi iстер органына тiркеуге ұсыну үшiн тапсыруға мiндеттi.
Toggle Dropdown
3. Рұқсатты жоғалтқан кезде болу жерiне жақын iшкi iстер органына дереу хабарлануы тиiс.
Toggle Dropdown
4. Рұқсатты алған, бiрақ қандай да бiр себептер бойынша онда көрсетiлген елдi мекенге шықпаған адам оны iшкi iстер органына тапсыруға мiндеттi.
Toggle Dropdown
5. Жабық аумаққа кіру қағидаларын, сондай-ақ онда тұру немесе тіркеу қағидаларын бұзу заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Toggle Dropdown
Қағидалармен таныстым _______________
Toggle Dropdown
Көшіп-келушілердің паспорттарын
тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ
шетелдіктердің болуы үшін жабық
жекелеген жергілікті жерлерге
(аумаққа) кіру, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша транзитпен жүру қағидаларына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Жабық аумаққа кіруге берілген рұқсат қағаздарын есепке алу
кітабы
Toggle Dropdown
| № | Рұқсат қағаз | Рұқсат қағаздың берілген күні | Шақыру қашан келіп түсті және қандай қабылдаушы адамнан | Тегі, аты, әкесінің аты | Рұқсат қағазының әрекет ету мерзімі | Рұқсат қағаз қайда берілген | Алғаны туралы қолхат | Рұқсат қағазды қайтару туралы белгі |
| Сериясы | Нөмірі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |