Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Продукты: | Законодательство |
Тип документа: | Кодекс |
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 5 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 02.03.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетiн, мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкалары белгiленсiн.";
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетiн, мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесiнде:
7-тармақтағы "90" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген Ережеге 1, 2, 3-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 1036 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* | Баж ставкасы (1000 кг үшін доллар- мен) |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңiл дистилляттар және өнiмдер | 64,9 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудiң ерекше процестерi үшiн; 2710 19 110 0 кiшi қосалқы позицияда көрсетiлгендерден басқа, процестердегi химиялық түрлендiрулер үшiн; өзге де мақсаттар үшiн | |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар | |
2710 19 510 0**- 2710 19 550 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | |
2710 19 610 0- 2710 19 690 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | 43,3 |
* әкету кедендiк бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн, мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесiне 1-қосымша
Мұнайдан әзiрленген тауарлардың тiзбесi
СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңiл дистилляттар және өнiмдер |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудiң ерекше процестерi үшiн; 2710 19 110 0 кiшi қосалқы позицияда көрсетiлгендерден басқа, процестердегi химиялық түрлендiрулер үшiн; өзге де мақсаттар үшiн |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**- 2710 19 690 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн, мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесiне 2-қосымша
200__ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған бағалар мониторингiнiң нәтижелерi
Күні | URALS (MED) ($/баррель) | C ю (URALS (MED) орташа мәнi) | BRENT (DTD) ($/баррель) | C б BRENT (DTD) орташа мәнi) | C BRENT (DTD) (URALS (MED) орташа мәнi) | ||
min | max | min | max | ||||
Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.
URALS (MED) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)" ең төменгi нарықтық бағасы;
URALS (MED) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)" ең жоғары нарықтық бағасы;
BRENT(DTD) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгi нарықтық бағасы;
BRENT (DTD) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (С ю + С б )/2=____АҚШ доллары, мұнда, С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
С ю - биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
С б - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С 1 +...+ С n )/n х 7,5=____АҚШ доллары, мұнда, Ц - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);
Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;
7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.
Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн____АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн____АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн, мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесiне 3-қосымша
СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуішi | Түзету коэффициенті | К |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | 1,2 | 0,5х(0,35+0,4)/2х1,2=0,225 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | ||
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 | ||
2710 19 510 0*- 2710 19 550 0 | ||
2710 19 610 0- 2710 19 690 0 | 0,8 | 0,5х(0,35+0,4)/2х0,8=0,15 |
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа