Toggle Dropdown
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 жылғы № 4-2/626 Бұйрығын қараңыз
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысымен бекітілген
Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тұқымдар – өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiстер, күрделi жемiстердiң бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар;
сорттық бақылау – ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататындығын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
тұқымдық бақылау – тұқымның егу сапасын анықтау жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
жерге егiп бағалау – тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларын кейiннен тексеру жолымен анықтау;
зертханалық сорттық сынақтар – тұқымдардың белгiлi бiр сортқа тиiстiлiгiн белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау.
3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына сорттық және тұқымдық бақылауды Заңға сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары (бұдан әрі – мемлекеттік тұқым инспекторлары) жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1383 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Жерге егіп бағалауды Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) жүргiзедi.
2. Сорттық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
5. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сорттық бақылау байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi.
6. Мемлекеттік тұқым инспекторлары жыл бойы аттестатталған тұқым өндiрушiлердің тұқым өндiруiн бақылауды жүзеге асырады, ол мынадай кезеңдерді қамтиды:
тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру – тұқым себудiң алдында жылына бiр рет;
вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру – жылына үш рет;
сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау – байқау кезеңiнде бiр рет;
тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау – бақылаудың әрбiр түрi бойынша жылына екi рет.
7. Аттестатталған тұқым өндірушілер егу басталғанға дейін тиісті жергілікті атқарушы органдарға егістіктердің тұқым өсіру егісі дайындығы туралы хабарлайды, бұдан кейін мемлекеттік тұқым инспекторлары егістіктерді кеңістіктік оқшаулаудың сақталуы, ауыспалы егістің сақталуы, қажетті агротехникалық іс-шаралардың жүргізілуі, егістік шекараларының тазалығы мәніне тексереді. Егістікті тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп жасалады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1383 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егiстi тексеру кезiнде себуге әзiрленген тұқымның сорттық және егу сапасын растайтын құжаттардың бар болуы, егiс техникасының жай-күйі, егiс технологиясы қағидаларының сақталуы тексерiледi. Егісті тексеру нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп жасалады.
Егістіктің дайындығын тексерудi егiстi тексерумен бірге жүргізуге жол берiледi.
8. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы кезеңiнде түрлiк, сорттық фитопатологиялық тазалаудың (отаудың) жүргiзілуі тексерiледi.
9. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзудi байқаудан өткiзушiлер тұқым өндiрушiлердiң облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына берген өтiнiмдерi бойынша жүргiзедi.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.11.2012 жылғы № 1477 Қаулысымен (02.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
10. Егісті байқаудан өткізуді:
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.11.2012 жылғы № 1477 Қаулысымен (02.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) 10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1383 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) бірегей тұқымдардың егістерін – құрамында тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тұқым инспекторлары, тиісті дақыл бойынша селекционер, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған комиссия;
2) элиталық тұқымдардың егістерін – құрамында тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тұқым инспекторлары, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған комиссия;
3) бірінші және кейінгі көбейтілген тұқым шаруашылығы егістерін – тұқым өндіруі өкілінің қатысуымен байқаудан өткізушілер жүргізді.
11. Тұқымдарды жинауды (жинап алуды) бақылау сорттық егістіктерді жинап алу кезеңінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының араласуына жол бермейтін агротехникалық іс-шараларды өткізу қағидаларының сақталуын тексеру арқылы жүзеге асырылады.
12. Тұқымдарды тасымалдауды бақылау пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс автокөліктің және ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жай-күйін тексеру арқылы жүзеге асырылады.
13. Тұқымдарды өңдеуді (тазалауды) бақылау тұқым ұрығының зақымдануына жол бермейтін тұқым өңдеудің технологиялық үрдісін тексеру арқылы жүргізіледі. Біртекті технологиялық жабдықтың әрбір тобына пайдалану жөніндегі нұсқаулық болуға тиіс.
Бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күнбағыстың, қарақұмықтың, тарының, сұлының тұқымдық астықтың ең жоғары қызуы – 40 градус Цельсиядан, ал кептіру агентінің температурасы 70 градус Цельсиядан аспауға тиіс. Бұршақты дақылдар мен күрішті кептірген кезде тұқымдық астықтың қызуы – 35 градус Цельсиядан, ал кептіру агентінің температурасы 60 градус Цельсиядан аспауға тиіс.
Ылғалдылығы 19 пайыздан жоғары тұқымдық дәнді кептірген кезде тұқым ұрығының зақымдануына жол бермейтін жұмсақ режим қолданылады, бұл ретте бірінші аймақта тұқымдарды қыздырудың шекті температурасын Цельсия бойынша +5 градусқа, ал кептіру агентінің температурасын +10 градус Цельсияға төмендету жүргізіледі.
14. Тұқымдардың сақталуын бақылау тұқымдарды буып-түю мен таңбалауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруді қамтиды.
Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші ұрпақтың будандары 1 пайызға дейін ауытқып, 50 килограмнан аспайтын салмақпен буып-түйіледі.
Орам тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуге және таңбасы немесе зат белгісі болуға тиіс, онда:
тұқым өндірушінің атауы;
дақыл;
сорт;
көбейтілген тұқым;