• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2006 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 19 сәуір N 374 Қазақстан Республикасының кейбір мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты қаулы етемін:

Күші жойылды ҚР Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен.
1. "Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 326-құжат) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057  Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы ережеге: 
1) мыналар жаңа редакцияда жазылсын: 
5-тармақтың бірінші абзацы: "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және саяси баспана алуды қалайтын адам Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне (бұдан былай - Көші-қон және демография жөніндегі агенттік) немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазбаша өтініш беруге тиіс"; 
5-тармақтың төртінші абзацы: "Өтініш беруші адам саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін кемінде екі рет Көші-қон және демография жөніндегі агенттікте немесе оның аумақтық бөлімшесінде, не өзінің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде (консулдық мекемесінде) белгіленіп отырады. Осы тәртіп сақталмаған жағдайда Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің немесе оның аумақтық бөлімшесінің не дипломатиялық өкілдіктің (консулдық мекеменің) мән-жай анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді кідірте тұруға құқығы бар". 
6-тармақ: "Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің аумақтық бөлімшелері немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі (консулдық мекемесі) материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілге аудармасымен) Көші-қон және демография жөніндегі агенттікке жібереді". 
2) 7, 8, 13, 14, 15 және 17-тармақтарда "Көші-қон департаменті" және "Көші-қон департаментіне" сөздері тиісінше "Көші-қон және демография жөніндегі агенттік" және "Көші-қон және демография жөніндегі агенттікке" сөздерімен алмастырылсын. 
3) 8, 10, 17-тармақтарда "Азаматтық бөліміне", "Азаматтық бөлімі" 
сөздері тиісінше "Мемлекеттік-құқық бөліміне", "Мемлекеттік-құқық бөлімі" 
сөздерімен алмастырылсын. 
     4) Ереже мынадай мазмұндағы V бөліммен толықтырылсын: 
            "Саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерге 
                                шағымдану 
     
     2
0. Уәкілетті органның саяси баспана беру туралы арызды қабылдаудан 
негізсіз бас тартуына, өтінішті қарау мерзімдерін бұзуына немесе лауазымды 
адамдардың өтінішті қарауға және қабылданған шешімдердің орындалуына 
байланысты басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне бағыныстылық жағынан жоғарғы 
тұрған органға немесе сотқа шағымдануға болады". 
     
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж.